ВЕГТАЗОН 1мг/г 15 г крем

2740 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мометазон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Болгария
  • Өндіруші: ВЕГАФАРМ ЛЛП
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір грамм кремнің құрамында белсенді зат - 1 мг мометазон фуроаты, қосымша заттар: гексиленгликоль, тазартылған су, араның ақ балауызы, пропиленгликоль монопальмитостеараты, стеарил спирті, титанның қостотығы (Е171), крахмал алюминий-октенилсукцинаты, ақ жұмсақ парафин, фосфор қышқылының 10 % ерітіндісі (рН реттеу үшін).
Қолданылуы
- ересектер мен балаларда псориаз кезіндегі қабыну және қышыну белгілерінде (жайылған түйіндақты псориазды қоспағанда) және атопиялық дерматитте
Қарсы көрсетілімдер
- мометазонға, қосымша заттардың кез келгеніне немесе басқа да кортикостероидтық препараттарға аса жоғары сезімталдық - бактериялық инфекцияның белгілері (импетиго, пиодермия, тері туберкулезі, мерез және т.б.) - вирустық инфекцияның белгілері (қарапайым герпес, белдемелі герпес, желшешек, қарапайым сүйел, сүйір кондиломалар, контагиозды моллюск) - паразиттік және зеңдік инфекцияның белгілері (дерматофития, кандидоз) - вакцинациядан кейінгі тері реакциясы - бет розацеасы, қарапайым безеу - кесілулер, терінің жаралары, тері атрофиясы - периоральді дерматит, перианальді дерматит және генитальді қышыну - балалардағы баздануы - 2 жастан кіші балалар
Дозасы
Терінің зақымданған аумағына кремді күніне 1 рет жұқалап жағу керек. Енгізу әдісі мен жолы Ересектер мен егде жастағы адамдар (65 жастан асқан): Вегтазон кремін терінің зақымданған аумақтарына жұқа қабатпен күніне 1 рет жағады. Бүйрек және/немесе бауыр функциясы бұзылған кезде дозаны түзету қажет емес. Герметикалық таңғышты, әсіресе балаларда дәрігердің тағайындауымен ғана салуға болады. Бұл ретте жаялықты таңғыш ретінде қолдануға болады. Емдеу ұзақтығы Вегтазон препаратымен емдеу курсын аурудың ауырлығына байланысты емдеуші дәрігер анықтайды. Жергілікті кортикостероидтарды бет аумағына пайдалану емнен болатын әсерге қол жеткізуге қажетті ең төменгі көлемге дейін шектелуі тиіс. Емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс. Вегтазон препаратымен балаларды емдегенде ең төменгі тиімді емдік дозаны пайдалану қажет, емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.