+167 бонус

ВЕГАДЕРМ 15 г мазь

3340 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бетаметазон в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Болгария
  • Өндіруші: ВЕГАФАРМ ЛЛП.
Нұсқаулық
Құрамы
Бір грамм жақпамайдың құрамында белсенді заттар бетаметазон дипропионаты 0,643 (0,5 мг бетаметазонға баламалы), клотримазол 10,0 мг, гентамицин сульфаты (1,0 мг гентамицинге баламалы), қосымша заттар: сұйық парафин, жұмсақ ақ парафин.
Қолданылуы
- кортикостероидты препараттарға сезімтал қабыну дерматоздары, егер ауру гентамицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған салдарлы инфекциямен асқынған жағдайда (бактериялар және/немесе зеңдер), мұндай инфекциялардың қосылу мүмкіндігіне күдік туындаған кезде. Жақпамай әсіресе аурудың суланған кезеңдерінде қолдануға жарамды.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді заттарға немесе препараттың кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық (гентамицинмен айқаспалы аллергия) және/немесе (клотримазолмен айқаспалы аллергия) тері туберкулезі тері инфекциялары (вирустық, бактериялық, зеңдік этиологиядағы) кейбір тері инфекциялары (қарапайым герпес, белдемелі герпес, желшешек, тері мерезі, қарапайым безеулер, терінің ойық жаралары, розацеа, акне) периоральді дерматит перианальді және генитальді қышыну вакцинациядан кейінгі тері реакциялары ашық жарақат окклюзиялық таңғыш астына қолдануға болмайды шырышты қабықтарға, көзге және көз айналасындағы теріге жағуға болмайды
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер Вегадерм жақпамайын терінің зақымдалған жерлеріне күніне 2 рет (таңертең және кешке) жұқа қабатпен жағу керек, зақымдалған аймақты және сау терінің іргелес жерлерін толықтай қамту керек. Емдік әсерге қол жеткізу үшін жеткілікті ең аз ықтимал мөлшерді пайдалану ұсынылады. Қолдану жиілігі мен емдеу ұзақтығын аурудың ауырлығын ескере отырып дәрігер анықтайды. 2 жастан 12 жасқа дейінгі балалар Препаратты тек зақымдалған беткейге жұқа қабатпен жағып, аздап уқалау керек. Емдік әсерге қол жеткізу үшін қажетті ең аз мөлшерді пайдалану ұсынылады. Бетке, мойынға, теріге және бастың шашты бөлігіне, гениталий аумағына, ректальді аумаққа және тері қатпарларына жақпамайды тек дәрігердің бақылауымен жағу ұсынылады. Емдеу ұзақтығын 5-7 күнмен шектеу керек. Егде жастағы адамдар Егде жастағы пациенттерде дозаны өзгерту қажет емес. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Жеңіл жағдайларда күніне бір рет қолдану жеткілікті, барынша ауыр зақымданулар кезінде жиі қолдану қажет болуы мүмкін. Балаларға жақпамайды тәулігіне 2 реттен көп емес, 6-12 сағат ішінде аппликациялар арасында ең аз үзіліспен қолдану керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды және ол пациенттің дәрежесіне, зақымдану аймағына, орналасуына және жүргізілген емге реакциясына байланысты. Ересектер мен жасөспірімдерде табан дерматофитиясы кезінде неғұрлым ұзақ емдеу курсы (2-4 апта) қажет болуы мүмкін. Егер емдеу 3-4 апта ішінде тиімсіз болса, емдеуді түзету қажет болуы мүмкін. Балаларда емдеу ұзақтығы 5-7 күнмен шектеледі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.