+121 бонус

ВЕГАЦЕФ 1 г №1 флакон

2430 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефтриаксон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: ЭйСиЭс ДОБФАР С.П.А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді зат - 1193 мг натрий цефтриаксоны (1000 мг цефтриаксонға баламалы).
Қолданылуы
Цефтриаксонға сезімтал қоздырғыштардан туындаған инфекциялар: тыныс алу жолдарының инфекциялары, әсіресе пневмония, сондай-ақ ЛОР-ағзалардың инфекциялары абдоминальді инфекциялар (перитонит, өт жолдарының, сондай-ақ асқазан-ішек жолының инфекциялары) бүйрек және несеп шығару жолдарының инфекциялары жыныс мүшелерінің инфекциялары, соның ішінде соз сепсис сүйектердің, буындардың, жұмсақ тіндердің, терінің инфекциялары, сондай-ақ жарақат инфекциялары иммунитеті әлсіреген пациенттердегі инфекциялар менингит диссеминацияланған Лайм ауруы (II және III сатылары) Асқазан-ішек жолындағы, өт жолдарындағы, урогенитальді және гинекологиялық аймақтардағы инфекциялардың операция алдындағы профилактикасы, бірақ әлеуетті немесе дәлелденген контаминация жағдайларында ғана. Антибиотиктерді тиісті түрде пайдалану жөніндегі ресми нұсқауларға, әсіресе антибиотиктерге резистенттіліктің жоғарылауының алдын алу үшін қолдану жөніндегі нұсқауларға назар аудару қажет.
Қарсы көрсетілімдер
цефтриаксонға, цефалоспориндерге немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық анамнездегі басқа бета-лактамды бактерияға қарсы препараттарға (пенициллиндер, монобактамдар және карбапенемдер) аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакциялар) еріткіші – лидокаинге аса жоғары сезімталдық. Лидокаинді пайдалана отырып,  цефтриаксонның бұлшықетішілік инъекциясын жүргізер алдында лидокаинге қарсы көрсетілімдердің бар-жоқтығын анықтау қажет. Құрамында лидокаин бар цефтриаксон ерітінділерін вена ішіне енгізуге болмайды жүрек өткізгіштігінің бұзылуы жедел декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі 41 аптаны қоса алғанға дейінгі (гестациялық және постнатальді жастың қосындысы) мерзімі жетпеген жаңа туған нәрестелер гипербилирубинемиясы бар жаңа туған нәрестелер, цефтриаксонның ықпалымен билирубиннің сарысулық альбуминмен байланысудан ығыстырылуы себебінен билирубиндік энцефалопатияның даму қаупіне байланысты жаңа туған нәрестелер және құрамында кальций бар ерітінділер: цефтриаксонді, құрамында кальций бар ерітінділерді, оған қоса құрамында кальций бар препараттардың ұзаққа созылатын инфузияларын вена ішіне енгізу қажет немесе қажет болуы мүмкін жаңа туған нәрестелерге (жасы 28 күнге дейінгі), мысалы, парентеральді қоректендіру кезінде, өкпеде және бүйректе өлімге әкеліп соғатын цефтриаксонның кальций тұздары преципитаттарының түзілу қаупіне байланысты, қолдануға болмайды. Цефтриаксонды және құрамында кальций бар ерітінділерді алған жаңа туған нәрестелерде өліммен аяқталған бірнеше оқиғалар тіркелді, бұл ретте өкпеде және бүйректе аутопсия кезінде преципитаттар анықталды. Осы жағдайлардың кейбіреуінде цефтриаксон және құрамында кальций бар ерітінділерді енгізу үшін бір ғана инфузиялық желі пайдаланылды, басқа жағдайларда инфузиялық желіде тұнба анықталды. Цефтриаксон және құрамында кальций бар ерітінділер әртүрлі уақытта және әртүрлі инфузиялық желілер арқылы енгізілген кезде кем дегенде бір неонатальді өлім оқиғасы туралы хабарланды; аутопсия кезінде преципитаттар анықталмады. Жаңа туған нәрестелерден басқа пациенттердің жас санаттарына қатысты осындай хабарламалар келіп түскен жоқ.
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар Тәулігіне бір рет 1-2 г (әр 24 сағат сайын). Ауыр инфекциялар немесе сезімталдығы орташа микроорганизмдерден туындаған инфекциялар кезінде, тәуліктік бір реттік дозасын 4 г дейін арттыруға болады. Жаңа туған нәрестелер, сәбилер және 12 жасқа дейінгі балалар Келесі тәуліктік бір реттік дозалар ұсынылады: Жаңа туған нәрестелер (өмірінің 14 күніне дейінгі) Тәулігіне бір рет дене салмағына 20-50 мг/кг; тәуліктік доза 50 мг/кг аспауы тиіс. Вегацеф препаратын етеккірден кейінгі 41 апта мерзімге дейін (гестациялық және постнатальді жасының жиынтығы) шала туған нәрестелерде қолдануға болмайды. Вегацеф препаратын цефтриаксон кальций тұздарының преципитаттарының, мысалы, парентеральді қоректендірілу кезінде, пайда болу қаупіне байланысты, құрамында кальций бар венаішілік ерітінділермен, соның ішінде құрамында кальций бар ұзаққа созылатын инфузияларымен қоса, емдеуді қажет ететін (болжам бойынша) жаңа туған (≤28 күн) нәрестелерге қолдануға болмайды. Жаңа туған нәрестелер, сәбилер және балалар (15 күннен бастап 12 жасқа дейін) 20-80 мг / кг дене салмағына тәулігіне бір рет. Дене салмағы 50 кг және одан жоғары балаларға ересектерге арналған дозаларды пайдалану керек. Сәбилер мен 12 жасқа дейінгі балаларға дене салмағының әр кг-на 50 мг немесе одан да көп венаішілік дозаларды кем дегенде 30 минут бойы баяу инфузия түрінде енгізу керек. Жаңа туған нәрестелерге билирубиндік энцефалопатияның ықтимал қаупін азайту үшін венаішілік дозаларды 60 минут ішінде енгізу керек. Егде жастағы пациенттер Бүйрек немесе бауыр функциясының ауыр бұзылулары болмаған жағдайда ≥65 жастағы пациенттерде Вегацеф препаратының дозасын түзету қажет емес. Біріктірілген ем Вегацеф препараты мен аминогликозидтердің көптеген грамтеріс бактерияларға қатысты синергизмі бар екендігі эксперимент жүзінде көрсетілді. Бұл біріктірілімдердің жоғары тиімділігі әрдайым болжанбайтынына қарамастан, оны Pseudomonas aeruginosa тудырған ауыр, өмірге қауіп төндіретін инфекциялардың дамуында қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Химиялық тұрғыдан үйлесімсіздігінің салдарынан, екі дәрілік затты ұсынылған дозада бөлек-бөлек енгізілуі тиіс. Цефтриаксонмен химиялық үйлесімсіздік амсакрин, ванкомицин және флуконазолды вена ішіне енгізгенде де байқалды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.