+105 бонус

ВАЗОНИТ 600 мг №20 таб

2100 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пентоксифиллин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Австрия
  • Өндіруші: ООО Бауш Хелс
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – пентоксифиллин, 600 мг, қосымша заттар: гипромеллоза (15000 mPa*s), микрокристалды целлюлоза, кроспидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты. қабықтың құрамы: макрогол 6000, тальк, титанның қостотығы (Е 171), гидромеллоза (5mpa*s), полиакрилатты 30% дисперсия.
Қолданылуы
қан айналымындағы қоры бұзылмаған пациенттердегі шеткері артериялық қан айналымының бұзылулары (мезгіл-мезгіл  ақсаңдау) артериялық немесе веналық микроциркуляцияның бұзылуы салдарынан тіндердің трофикалық өзгерістері (трофикалық ойық жаралар, гангрена) нашар қан айналымынан туындаған ішкі құлақ қызметінің бұзылуы. Пентоксифиллин емдеудің басқа түрлері (мысалы, емдік физкультура, физиотерапия) мүмкін болмаған немесе қолдануға болмайтын жағдайларда ғана пайдаланылуы тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жедел миокард инфарктісі ауқымды қан кету жедел геморрагиялық инсульт көздің тор қабығына қан құйылу
Дозасы
Ең жоғары бір реттік доза - 600 мг. Ең жоғары тәуліктік доза - 1200 мг. Препарат, әдетте, тәулігіне 2 рет (таңертең және кешкілік) 1 таблеткадан тағайындалады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Пентоксифиллиннің 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Егде жастағы пациенттер Дозалауға арнайы талаптар жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде дозаны төмендету талап етіледі, оны дәрігер аурудың ауырлығына және жеке көтерімділігіне байланысты жеке тәртіппен қабылдауы тиіс. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге (креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен), жеке көтерімділігіне қарай, дозаны шамамен 50-70% азайту қажет болуы мүмкін. Басқалары Гипотензиясы бар пациенттерге және қан айналымы тұрақсыз пациенттерге, сондай-ақ қан қысымының төмендеуі салдарынан ерекше қауіп төнетін науқастарға (мысалы, жүректің ишемиялық (коронарлық) ауруының ауыр түрі немесе ми тамырларының гемодинамикалық мәнді стеноздары бар науқастар) емдеуді аз дозаларда бастау керек; мұндай жағдайларда дозаны арттыру біртіндеп атқарылуы тиіс. Енгізу әдісі мен жолы Вазонит® ретард таблеткаларын шайнамастан және мол мөлшерлі сұйықтықпен ішіп, тамақтанудан кейін ішке қабылдау керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Препарат, әдетте, тәулігіне 2 рет (таңертең және кешкілік) 1 таблеткадан тағайындалады. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы мен дозалау режимін, аурудың клиникалық көрінісіне және емдік әсер алуға қарай, дәрігер әркімге жеке белгілейді. Емдеудің орташа ұзақтығы – 2-3 апта.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.