+36 бонус

ВАРФАРИН ШТАДА 2,5 мг №50 таблеток

730 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Варфарин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: Orifarm Manufacturing Poland Sp. z o.o.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препараттың құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 2.5 мг натрий варфарині, қосымша заттар: лактоза, жүгері крахмалы, кальций гидрофосфаты дигидраты, индиготин (Е 132), повидон 30, магний стеараты.
Қолданылуы
Терең тромбофлебит және тромбоэмболиялық асқынулар профилактикасы және емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
варфаринге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық жүктілік (жүктіліктің бірінші және үшінші триместрі) балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер бауырдың ауыр жеткіліксіздігі кез келген жерден жедел қан кету қан кетулердің жоғары қаупі (геморрагиялық диатездер, өңеш веналарының варикозды кеңеюі, жұлын-ми пункциясынан кейінгі артериялық аневризмалары, ойық жара ауруы, ауқымды жаралары (операциялық түрлерін қоса), цереброваскулярлы аурулары, бактериялық эндокардит пен қатерлі артериялық гипертензия бар пациенттерді қоса) сирек тұқым қуалайтын бұзылулар – галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактозалық мальабсорбция Варфарин қабылдап жүрген пациенттерге құрамында hypericum perforatum (шілтер жапырақты шайқурай) бар халық медицинасының өнімдерін/дәрілерін тұтынуға болмайды, өйткені бір мезгілде қабылдау плазмада варфарин концентрациясын төмендетеді, соның салдарынан емдік әсерінің төмендеуі болады.
Дозасы
Ересектер Бұрын варфарин қабылдамаған пациенттер: Бастапқы доза алғашқы 4 күн бойы 5 мг/тәулік (күніне 2 таблетка) құрайды. Емдеудің 5-ші күні халықаралық қалыптасқан қатынас (ХҚҚ) анықталады, ал артынан доза әркімге жеке таңдалады. Препараттың демеуші дозасы, әдетте, 2,5-7,5 мг/күн (күніне 1-3 таблетка) құрайды.  Бұрын варфарин қабылдаған пациенттер: Ұсынылатын бастапқы доза препараттың белгілі демеуші екі есе дозасын құрайды және алғашқы 2 күн бойы тағайындалады. Одан кейін белгілі демеуші доза көмегімен емнің 5-ші күні ХҚҚ бірінші өлшенуіне дейін емдеуді жалғастырады. Жоғарыда сипатталғанынан асып кететін дозалар клиникалық жағдайлардың көпшілігінде ұсынылатын немесе негізделген болып табылмайды. Өте жоғары дозалар антикоагулянттық әсерінің дамуына дейінгі уақытты қысқартпайды, алайда қан кету қаупін арттырады. Емдеу кезінде бақылау: Коагулограмманы емдеудің басталуына дейін орындау керек. Варфариннің емдік индексі тар болғандықтан, емдеуді жүйелі бақылап отыру керек. Варфаринге сезімталдық әртүрлі пациенттерде және бір ғана пациентте өзгеріп отырады. Емдеуді жүйелі бақылау керек. Жекелеген тұлғаларда сезімталдық генетикалық факторлар, бауыр функциясының бұзылуы, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі немесе дәрілік өзара әрекеттесулер салдарынан жоғары болуы мүмкін. ХҚҚ емдік деңгейлері ХҚҚ 2-3 диапазонда демейтін дозасы вена тромбозы және өкпе артериясы эмболиясы, жүрекшелер фибрилляциясы (клапан ақауларымен астаспаған), ауыр дилатациялық кардиомиопатия, асқынған жүрек ақауларының профилактикасы және емдеу үшін және жүректің биопротезделген клапандары болғанда ұсынылады. Механикалық жүрек клапандары болғанда және асқынуларымен жедел миокард инфарктісінде ХҚҚ 2,5-3,5 өте жоғары нысаналы диапазоны ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.