+125 бонус

ВАНАТЕКС 160 мг №28 таб

2510 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Валсартан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында: белсенді зат: 80 мг, 160 мг валсартан қосымша заттар: лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты қабықтың құрамы: гипромеллоза 6 cP, макрогол 400, титанның қостотығы Е 171, темірдің (III) қызыл тотығы E 172 (80 мг доза үшін), қабықтың құрамы: гипромеллоза 6 cP, макрогол 400, титанның қостотығы Е 171, темірдің (III) қызыл тотығы E 172, темірдің (III) сары тотығы E 172, темірдің (III) қара тотығы E 172 (160 мг доза үшін).
Қолданылуы
ересектердегі эссенциалды артериялық гипертензия және 6-18 жастағы балалар мен жасөспірімдердегі гипертензия жақында миокард инфарктісін бастан өткергеннен кейінгі жағдай (12 сағаттан 10 күнге дейін), симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігі немесе сол жақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясы бар клиникалық тұрақты жағдайдағы пациенттерді емдеу жүрек жеткіліксіздігі (симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігін емдеу, егер АӨФ тежегіштерін қолдану мүмкін болмаса, немесе егер β-адренергиялық рецепторларды бөгейтін дәрілік препараттарды пайдалану мүмкін болмаса, АӨФ тежегіштерімен біріктірілген емдеу ретінде)
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Ересектер Артериялық гипертензия Валсартанның ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 80 мг құрайды. Айқын көрінетін гипертензияға қарсы әсер 2 апта ішінде байқалады, ал ең жоғары әсерге – 4 апта ішінде қол жеткізіледі. Егер артериялық қысымның төмендеуі жеткіліксіз болса, тәуліктік доза 160 мг-ге дейін жоғарылауы немесе диуретик қосылуы мүмкін. Валсартанды гипертензияға қарсы басқа дәрілік препараттармен біріктіріп қолдануға болады. Жақында миокард инфарктісін бастан өткергеннен кейінгі жағдай Клиникалық жағдайы тұрақты пациенттерде емді миокард инфарктісі диагностикасынан кейін 12 сағаттан соң бастауға болады. Тәулігіне 2 рет 20 мг бастапқы дозасынан кейін валсартан дозасын келесі бірнеше апта бойы тәулігіне 2 рет 40 мг, 80 мг және 160 мг дейін біртіндеп жоғарылату қажет. Бастапқы дозаны жартыға бөлінген 40 мг таблетка қаматамасыз етеді. Ең жоғары доза – тәулігіне екі рет қабылданатын 160 мг құрайды. Әдетте пациенттерге емдеу басында 2 апта бойы тәулігіне екі рет 80 мг дозасын қабылдау ұсынылады, ал тәулігіне екі рет қабылданатын 160 мг ең жоғары мақсатты дозаға пациенттің дәрілік препараттың жағымдылығына қарай 3 ай ішінде шығу керек. Егер симптоматикалық артериялық гипотензия немесе бүйрек функциясының бұзылуы дамыса, дозаны төмендету мәселесін қарастыру керек. Валсартанды пациенттерде тромболитиктер, ацетилсалицил қышқылы, рецепторлардың β-адренергиялық блокаторлары, статиндер және несеп айдайтын препараттар сияқты миокард инфарктісін емдеу үшін қолданылатын басқа дәрілік препараттармен біріктіріп қолдануға болады. АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Миокард инфарктісінен кейінгі пациенттердің жағдайын бағалау кезінде әрдайым бүйрек функциясын бағалау қамтылуы тиіс. Жүрек жеткіліксіздігі Валсартанның ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне екі рет 40 мг құрайды. Бастапқы дозаны бөлінген 80 мг таблетка қамтамасыз етеді. Тәулігіне екі рет қолданылатын дозаны 80 мг-ге және 160 мг-ге дейін кезекті ұлғайтуды кем дегенде екі апталық аралықпен, пациент көтеретін ең жоғары дозаға жеткенге дейін жүргізу керек. Диуретикті бір мезгілде қабылдаған жағдайда оның дозасын төмендету нұсқасын қарастырған жөн. Клиникалық зерттеулерде қолданылатын ең жоғары тәуліктік доза бөлінген дозаларда 320 мг валсартанды құрады. Валсартанды жүрек жеткіліксіздігін емдеу үшін пайдаланылатын басқа дәрілік препараттарды қабылдайтын пациенттерде қолдануға болады. Алайда, үш препаратпен (валсартанмен АТК тежегіштерімен және β-адренергиялық рецепторлардың блокаторларымен) біріктірілген ем ұсынылмайды. Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің жағдайын бағалау кезінде әрқашан бүйрек функциясын бағалауды қамтуы тиіс. Егде жастағы адамдарда және креатинин клиренсі >10 мл/мин пациенттерде дозаны өзгерту қажет етілмейді. Холестазсыз өтетін бауыр функциясының орташа бұзылуларына дейінгі жағдайы әлсіз пациенттерде валсартанның тәулігіне 80 мг асатын дозасын тағайындауға болмайды. Балалар және жасөспірімдер 6-18 жастағы балаларда артериялық гипертензия кезінде қолдану Бастапқы дозасы - салмағы 35 кг-ден төмен балалар үшін күніне бір рет 40 мг және салмағы 35 кг-ден астам балалар үшін күніне бір рет 80 мг. Дозаны артериялық қысым реакциясына қарай түзету қажет. Балаларға арналған ең жоғары доза төмендегі кестеде көрсетілген.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.