+225 бонус

ВАЛТЕРО 500 мг №30 таб

4500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Валацикловир
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Хетеро Лабс Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат: валацикловир гидрохлориді моногидраты 556.00 (валацикловирге баламалы 500 мг) қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кросповидон, повидон К90, повидон К30, магний стеараты, тазартылған су, магний стеараты. қабық құрамы: Опадрай Көгілдір 13В50578: ГПМЦ 2910/Гипромеллоза 6ср, FD&C Көгілдір#2/Индигокармин алюминий лагы (Е132), титанның қостотығы (Е171), макрогол/ПЭГ 400, полисорбат 80;
Қолданылуы
Varicella zoster (VZV) вирусы туындатқан инфекциялар - белдемелі герпес Валтеро ересек иммунокомпетентті пациенттерде белдемелі герпесті (белдемелі теміреткі) және офтальмогерпесті емдеуге арналған. Валтеро жеңіл немесе орташа иммундық тапшылығы бар ересек пациенттерде белдемелі герпесті емдеу үшін көрсетілген. Қарапайым герпес вирусы (ҚГВ) туындатқан инфекциялар Вальтеро мына кезде қолданылады ҚГВ туындатқан тері және шырышты қабық инфекцияларын емдеу және бәсеңдету үшін қолданылады, оған қоса: - иммунокомпетентті ересектер мен 18 жастан бастап жасөспірімдерде, сонымен қатар иммунитеті төмендеген ересектерде алғаш анықталған генитальді герпесті емдеу - иммунокомпетентті ересектер мен 18 жастан бастап жасөспірімдерде, сонымен қатар иммунитеті төмендеген ересектерде қайталанған генитальді герпесті емдеу - иммунокомпетентті ересектер мен 18 жастан бастап жасөспірімдерде, сондай-ақ иммунитеті төмендеген ересектерде генитальді герпестің қайталануын бәсеңдету Иммунокомпетентті ересектер мен 18 жастан бастап жасөспірімдерде, сондай-ақ иммунитеті төмен ересектерде ҚГВ көз инфекцияларының қайталануын емдеу және бәсеңдету. АИТВ-инфекциясынан басқа себептер бойынша иммунизацияланған, ҚГВ бар пациенттерде клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Цитомегаловирустық (ЦМВ) инфекциялар: Валтеро ересектер мен 18 жастан бастап жасөспірімдерде ағзалар трансплантациясы кезінде туындайтын цитомегаловирустық инфекцияның (ЦМВ) профилактикасы үшін қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
- валацикловирге, ацикловирге және препарат құрамына кіретін кез келген қосымша ингредиентке аса жоғары сезімталдық; - балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер ( құрамында индигокармин бояғышы болғандықтан (Е132)).
Дозасы
Varicella zoster (VZV) вирусы туындатқан инфекциялар - белдемелі герпес және офтальмогерпес Пациенттерге белдемелі герпесті диагностикалағаннан кейін емдеуді мүмкіндігінше тезірек бастау ұсынылады. Белдемелі бөртпе пайда болғаннан кейін 72 сағаттан астам уақыттан кейін басталған емдеу туралы деректер жоқ. Иммунокомпетентті ересектер Иммунокомпетентті пациенттер үшін доза 7 күн ішінде тәулігіне 3 рет 1000 мг құрайды (жалпы тәуліктік доза 3000 мг). Бұл дозаны креатинин клиренсіне сәйкес азайту керек (төменде Бүйрек жеткіліксіздігін қара). Иммунитеті төмен ересектер Иммунитеті төмен пациенттер үшін доза кемінде 7 күн бойы (жалпы тәуліктік доза 3000 мг) тәулігіне 3 рет 1000 мг құрайды және қатайған қабыршақтанған тері зақымданғаннан кейін 2 күн бойы. Бұл доза креатинин клиренсіне сәйкес азайтылуы тиіс (төменде Бүйрек жеткіліксіздігін қара). Иммунитеті төмен пациенттерде вирусқа қарсы емдеу қазіргі уақытта везикулалар пайда болғаннан кейін бір апта ішінде (везикулалардың пайда болуы) немесе қатайған қабыршақтанған тері толық зақымданғанға дейін кез келген уақытта пайда болатын пациенттерге ұсынылады. Ересектер мен жасөспірімдерде ҚГВ туындатқан инфекцияларды емдеу (≥18 жас) Иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдер (≥18 жас) Валтеро 500 мг дозада тәулігіне 2 рет (жалпы тәуліктік доза 1000 мг) тағайындалады. Бұл дозаны креатинин клиренсіне сәйкес азайту керек (төменде Бүйрек жеткіліксіздігін қара). Қайталану жағдайында емдеу 3 немесе 5 күнге созылуы тиіс. Анағұрлым ауыр бастапқы жағдайларда емдеуді мүмкіндігінше ертерек бастау керек және оның ұзақтығы 10 күнге дейін ұзартылуы тиіс. ҚГВ қайталанған кезде продромальді кезеңде немесе аурудың алғашқы симптомдары пайда болғаннан кейін бірден Валтеро препаратын тағайындау өте орынды болып саналады. Валтеро ҚГВ қайталануының алғашқы белгілері мен симптомдары кезінде қабылдау кезінде зақымданудың дамуына жол бермейді. Лабиалді герпес (ерін қызбасы) Лабиальді герпесті (ерін қызбасын) емдеуге балама ретінде валацикловирді бір күн ішінде екі рет 2 г дозада тағайындаған тиімді. Екінші дозаны бірінші дозаны қабылдағаннан кейін шамамен 12 сағаттан кейін (бірақ 6 сағаттан кейін ғана) қабылдау керек. Бұл дозаны креатинин клиренсіне сәйкес азайту керек (төменде Бүйрек жеткіліксіздігін қара). Осындай дозалау режимін пайдаланған кезде емдеу ұзақтығы бір күннен аспауы тиіс, өйткені бұл қосымша клиникалық артықшылықтар бермейді. Емді еріндік қызбаның ең ерте симптомдары (яғни, қышу, күйдіру, ашыту) пайда болған кезде бастау керек. Иммунитеті төмен ересектер Иммунитеті төмен ересектердегі ҚГВ емдеу үшін доза клиникалық жағдайдың ауырлық дәрежесін және пациенттің иммунологиялық статусын бағалағаннан кейін кемінде 5 күн ішінде тәулігіне 2 рет 1 г құрайды. Анағұрлым ауыр бастапқы жағдайларда емдеуді мүмкіндігінше ертерек бастау керек және оның ұзақтығы 10 күнге дейін ұзартылуы тиіс. Бұл дозаны креатинин клиренсіне сәйкес азайту керек (төменде Бүйрек жеткіліксіздігін қара). Ең жоғары клиникалық пайда үшін емдеуді 48 сағат ішінде бастау керек. Зақымданудың дамуын қатаң бақылау ұсынылады. Ересектер мен жасөспірімдерде қарапайым герпес вирусы (ҚГВ) инфекцияларының қайталануын басу (≥ 18 жас) Иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдер (≥18 жас) Валтеро тәулігіне 1 рет 500 мг дозада тағайындалады. Өте жиі қайталанулар болатынйталанатын кейбір пациенттер ( кейбір пациенттер (≥ 10 / жылына, емдеу болмағанда) бөлінген доза ретінде қабылданатын күнделікті 500 мг дозадан (тәулігіне 2 рет 250 мг) қосымша пайда алуы мүмкін. Бұл доза креатинин клиренсіне сәйкес азайтылуы тиіс (төменде Бүйрек жеткіліксіздігін қара). Емдеуді 6-12 айлық терапиядан кейін қайта қарау керек. Иммунитеті төмен ересектер Валтеро тәулігіне 2 рет 500 мг дозада тағайындалады. Бұл дозаны креатинин клиренсіне сәйкес азайту керек (төменде Бүйрек жеткіліксіздігін қара). Емдеуді 6-12 айлық терапиядан кейін қайта қарау керек. Ересектер мен жасөспірімдердегі цитомегаловирустық (ЦМВ) инфекцияның және аурулардың профилактикасы (≥ 18 жас) Валтероны 2 г дозада тәулігіне 4 рет, трансплантациядан кейін мүмкіндігінше ертерек тағайындау ұсынылады. Дозаны креатинин клиренсіне байланысты төмендету керек. Емдеу ұзақтығы 90 күнді құрайды, бірақ қаупі жоғары науқастарда емдеу ұзағырақ болуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 12 жасқа дейінгі балалардағы валацикловирдің тиімділігі бағаланбады. Валтеро 500 мг құрамында балаларға арналған дәрілік заттарда қолдануға тыйым салынған индигокармин алюминий лагы бояғышы (Е132) бар, сондықтан препаратты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды. Егде жастағы пациенттер Бүйрек функциясының елеулі бұзылуын қоспағанда, дозаны түзету талап етілмейді. Су-электролиттік теңгерімді талапқа сай демеу қажет. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Ересек пациенттерде 1 г валацикловир дозасымен жүргізілген зерттеулер бауырдың баяу және орташа айқын циррозы бар пациенттерде (бауырдың синтетикалық функциясы сақталған) валацикловир дозасын түзету талап етілмейтінін көрсетеді. Бауырдың ауыр циррозы бар ересек пациенттердегі фармакокинетикалық деректер (бауырдың синтетикалық функциясының бұзылуы және порталдық жүйе мен жалпы қантамыр арнасы арасында шунттардың болуы) валацикловир дозасын түзету қажеттілігін көрсетпейді, алайда оны осы патологияда клиникалық қолдану тәжірибесі шектеулі. Анағұрлым жоғары дозалар (тәулігіне 4 г немесе одан жоғары) үшін. 1-кесте: БҮЙРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ КЕЗІНДЕГІ ДОЗАНЫ ТҮЗЕТУ Емдік көрсетілімдер Креатинин клиренсі, мл / мин Валтеро дозасы Varicella zoster (VZV) вирусы туындатқан инфекциялар - белдемелі герпес Иммунитеті сақталған және иммундық тапшылығы бар ересектерде белдемелі герпесті (белдемелі теміреткі) емдеу 50 және одан көп 30-дан 49-ға дейін 10-нан 29-ға дейін 10-нан кем тәулігіне 3 рет 1 г тәулігіне 2 рет 1 г тәулігіне 1 рет 1 г тәулігіне 1 рет 500 мг Қарапайым герпес вирусы (ҚГВ) туындатқан инфекциялар Қарапайым герпес вирусы (ҚГВ) туындатқан инфекцияларды емдеу - иммунитеті сақталған ересектер мен жасөспірімдерде 30 және одан көп 30-дан кем тәулігіне 2 рет 500 мг тәулігіне 1 рет 500 мг иммун тапшылығы бар ересектерде 30 және одан көп 30-дан кем тәулігіне 2 рет 1 г тәулігіне 1 рет 1 г Иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдерде еріннің герпесін емдеу (ерінге суық тию) (альтернативті 1 күндік режим) 50 және одан көп 30-дан 49-ға дейін 10-нан 29-ға дейін 10-нан кем 1 күн ішінде екі рет 2 г 1 күн ішінде екі рет 1 г 1 күн ішінде екі рет 500 мг 500 мг бір рет Қарапайым герпес профилактикасы (супрессия): - иммунитеті сақталған ересектер мен жасөспірімдер 30 және одан көп 30-дан кем тәулігіне 1 рет 500 мг b тәулігіне 1 рет 250 мг - иммунитеті төмен ересек пациенттер 30 және одан көп 30-дан кем тәулігіне 2 рет 500 мг тәулігіне 1 рет 500 мг Цитомегаловирустық (ЦМВ) инфекцияның профилактикасы Ересектер мен жасөспірімдерде ЦМВ инфекциясының профилактикасы 75 және одан көп 50-ден < 75-ке дейін 25-тен < 50-ге дейін 10-нан < 25-ке дейін < 10 немесе диализ* тәулігіне 4 рет 2 г тәулігіне 4 рет 1,5 г тәулігіне 3 рет 1,5 г тәулігіне 2 рет 1,5 г тәулігіне 1 рет 1,5 г a – Гемодиализдегі пациенттерге доза диализ күндерінде диализден кейін берілуі тиіс. b - ≥10 қайталану/ жыл тарихы бар иммунокомпетентті субъектілерде ҚГВ басу үшін ең жақсы нәтижелерді тәулігіне 2 рет 250 мг-мен алуға болады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге Валтеро тағайындау кезінде сақ болу керек. Су-электролиттік теңгерімді талапқа сай демеу қажет. Бүйрек функциясы бұзылған науқастардағы Валтеро тағайындау режимі төмендегі 1-кестеге сәйкес белгіленуі тиіс. Гемодиализдегі пациенттерге гемодиализ сеансы аяқталғаннан кейін бірден Валтеро қолдану ұсынылады. Креатинин клиренсін жиі анықтау қажет, әсіресе бүйрек функциясы тез өзгеретін кезеңдерде, мысалы, трансплантациядан кейін немесе трансплантаттың үйлесіп өсуі кезінде, бұл ретте Валтеро дозасы креатинин клиренсінің көрсеткіштеріне сәйкес түзетіледі.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.