+156 бонус

ВАЛСАРТАН-ТЕВА 80мг №30 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
3130 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Валсартан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Болгария
  • Өндіруші: Балканфарма-Дупница АД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - валсартан 40 мг, 80 мг немесе 160 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза (102 типі), натрий кроскармеллозасы, повидон К29-К32, тальк, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, қабық құрамы 40 мг: Опадрай II 85G32407 сары (поливинил спирті, тальк, титанның қостотығы Е171, макрогол 3350, темірдің сары тотығы Е172, лецитин Е322), қабық құрамы 80 мг: Опадрай II 85G34643 қызғылт (поливинил спирті, тальк, титанның қостотығы Е171, макрогол 3350, лецитин Е322, темірдің қызыл тотығы Е172, темірдің сары тотығы Е172), қабық құрамы 160 мг: Опадрай II 85G32408 сары (поливинил спирті, тальк, титанның қостотығы Е171, макрогол 3350, темірдің сары тотығы Е172, лецитин Е322, темірдің қызыл тотығы Е172).
Қолданылуы
Артериялық гипертензия - ересек пациенттерде және 6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде артериялық гипертензияны емдеуде Жуық арада өткерілген миокард инфарктісі - симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігімен немесе жуық арада өткерілген (12 сағат-10 күн) миокард инфарктісінен кейін симптомсыз сол жақ қарыншаның систолалық дисфункциясымен клиникалық тұрақты ересек пациенттерді емдеуде Жүрек жеткіліксіздігі - егер минералокортикоидты рецепторлардың антагонистерін пайдалану мүмкін болмаса, ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштерін (АӨФ) көтере алмайтын клиникалық симптоматикасы бар ересек пациенттерде немесе β-блокаторларды көтере алмайтын пациенттерде АӨФ тежегіштеріне қосымша ем ретінде жүрек жеткіліксіздігін емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың әсер ететін затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне, сондай-ақ соя майына және арахис майына аса жоғары сезімталдық - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, бауырдың билиарлық циррозы және холестаз - Валсартан - Теваны туа біткен ангионевроздық ісінуі бар пациенттерге немесе АӨФ тежегішімен немесе ангиотензин II рецепторларының антагонистімен алдыңғы емдеу кезінде ангионевроздық ісіну дамыған пациенттерге қолдануға болмайды - қант диабеті бар және/немесе орташа және ауыр дәрежеде бүйрек функциясы бұзылған (шумақтық сүзіліс жылдамдығы (ШСЖ) <60 мл/мин/1,73 м2) пациенттерде алискирен мен құрамында алискирен бар препараттарды бір мезгілде қолдану - галактоземия, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы - креатинин клиренсі <30 мл/мин бүйрек функциясының бұзылуымен 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер, сондай-ақ диализ қабылдайтын бала жасындағы пациенттер - бауыр функциясының ауыр бұзылуы, бауырдың билиарлық циррозы және холестаз бар 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер - жүрек жеткіліксіздігі бар және жуық арада миокард инфарктісін өткерген18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер - жүктіліктің екінші және үшінші триместрлері және лактация кезеңі - 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Артериялық гипертензия Валсартан-Тева препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 80 мг немесе 160 мг құрайды. Гипертензияға қарсы әсерге екі апта ішінде жетеді, ал ең жоғары әсері төрт аптадан кейін басталады. Артериялық қысымның талапқа сай төмендеуіне қол жеткізе алмайтын пациенттерге тәуліктік дозаны 160 мг дейін немесе максималды 320 мг дейін арттыруға болады. Валсартан-Теваны артериялық қысымды төмендететін басқа препараттармен қабылдауға болады. Гидрохлоротиазид сияқты диуретиктерді бір мезгілде қабылдау артериялық қысымның көбірек төмендеуіне ықпал етеді. Постинфаркттік жағдай Клиникалық тұрғыдан тұрақты пациенттерге миокард инфарктісінен кейін 12 сағаттан соң емдеуді бастауға болады. Тәулігіне екі рет 20 мг бастапқы дозадан кейін дозаны келесі бірнеше апта ішінде тәулігіне екі рет 40 мг, 80 мг және 160 мг дейін арттыруға болады. Бастапқы дозаны жартысынан бөлінген 40 мг бір таблетканы қабылдаумен қамтамасыз етеді. Ең жоғары доза тәулігіне екі рет 160 мг құрайды. Пациенттерге алдымен ем басталған сәттен бастап екі апта ішінде тәулігіне екі рет 80 мг дозадан қабылдау және пациенттің препаратты көтере алуына байланысты тәулігіне екі рет 160 мг мақсатты ең жоғары дозасына 3 ай ішінде жету ұсынылады. Гипотензия немесе бүйрек жеткіліксіздігі симптомдары туындаған жағдайда препарат дозасын азайту керек. Валсартанды миокард инфарктісінен кейін, мысалы, тромболитиктермен, ацетилсалицил қышқылымен, бета-блокаторлармен, статиндермен және диуретиктермен емдеудің басқа түрлерімен қатар қолдануға болады. Препаратты АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. Миокард инфарктісін өткерген пациенттерді тексерген кезде әрқашан бүйрек функциясын бағалау керек. Жүрек жеткіліксіздігі Валсартан-Тева препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне екі рет 40 мг құрайды. Дозаны тәулігіне екі рет 80 мг-ге және 160 мг-ға дейін арттыру, пациенттің препаратты көтере алуына байланысты, ең жоғары дозаға дейін кемінде 2 апта аралықпен біртіндеп жүргізу керек. Препаратпен бірге қабылданатын диуретиктердің дозасын төмендету керек. Ең жоғары күнделікті доза бірнеше қабылдауға бөлінген 320 мг құрайды. Валсартанды жүрек жеткіліксіздігін емдеуге арналған басқа препараттармен бір мезгілде қабылдауға болады. Алайда, АӨФ тежегішінің, валсартанның және бета-блокатордың немесе калий жинақтаушы диуретиктің үш компонентті біріктірілімін қолдану ұсынылмайды. Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді тексергенде бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.