+103 бонус

ВАЛСАРТАН-ЛФ 160 мг №30 таб п/о

2060 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Валсартан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Лекфарм
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 80.0 мг немесе 160.0 мг валсартан, қосымша заттар: натрий крахмалгликоляты (А типі), натрий стеарил фумараты, кросповидон (В типі), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, кальций гидрофосфаты дигидраты, қабықтың құрамы: опадрай II ақ (ішінара гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы, макрогол/ПЭГ, тальк).
Қолданылуы
- ересектер мен 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың артериялық гипертензиясы - жүрек функциясының жеткіліксіздігі: ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштерін (АӨФт) жақпаушылығы бар ересек пациенттерде клиникалық симптоматикасы бар жүрек функциясының жеткіліксіздігін емдеу немесе β-блокаторларға жақпаушылығы бар пациенттерде АӨФт -ке қосымша ем ретінде, егер минералокортикоидтық антагонистерді пайдалану мүмкін болмаса - жақында бастан өткерген миокард инфарктісі (жүрек функциясы жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері немесе өткерген миокард инфарктісінен кейін (12 сағат – 10 күн) солжақ қарыншаның симптомсыз систолалық дисфункциясы бар клиникалық тұрақты ересек пациенттерде)
Қарсы көрсетілімдер
валсартанға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі, бауырдың билиарлық циррозы және холестаз - қант диабеті және/немесе бүйрек функциясының орташа және ауыр дәрежедегі бұзылуы бар пациенттерде алискиренмен және құрамында алискирен бар препараттармен бір мезгілде қолдану (шумақшалық сүзілу жылдамдығы (ШСЖ) <60 мл/мин / 1.73 м2) жүктілік және бала емізу кезеңі 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Артериялық гипертензия Валсартан-ЛФ дәрілік затының ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 80 мг немесе 160 мг құрайды. Гипертензияға қарсы әсерге екі апта ішінде жетеді, ал ең жоғары әсері төрт аптадан кейін басталады. Артериялық қысымның адекватты төмендеуіне қол жеткізе алмаған пациенттерге тәуліктік дозаны 160 мг-ға дейін немесе ең жоғары 320 мг-ға дейін арттыруға болады; диуретиктерді қосымша тағайындау мүмкін. Валсартан-ЛФ басқа гипертензияға қарсы дәрілермен бірге тағайындауға болады («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз). Жүрек функциясының жеткіліксіздігі Валсартан-ЛФ дәрілік затының ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне екі рет 40 мг құрайды. Дозаны тәулігіне екі рет 80 мг-ға және 160 мг-ға дейін арттыру валсартанның пациентке жағуын ескере отырып, кемінде 2 апта аралықпен жүзеге асырылуы керек. Клиникалық зерттеулерде қолданылған ең жоғары тәуліктік дозасы екі қабылдауға 320 мг құрады. Диуретикпен қатарлас емдегенде соңғысының дозасын төмендету мәселесін қарастыру керек. Валсартан-ЛФ дәрілік заты жүрек функциясының жеткіліксіздігін емдеу үшін қолданылатын басқа дәрілік заттармен бірге тағайындалуы мүмкін. АӨФт, валсартан және β-блокатор немесе калий жинақтайтын диуретиктің үштік біріктірілімін бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. Жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттердің жағдайын бағалау әрқашан бүйрек функциясының мониторингін қамтуы тиіс. Инфарктен кейінгі жай-күй Клиникалық тұрақты пациенттерде емдеуді миокард инфарктісінен кейін 12 сағаттан соң бастауға болады. 20 мг бастапқы дозасынан кейін тәулігіне екі рет валсартан дозасын келесі бірнеше апта бойы тәулігіне екі рет 40 мг, 80 мг және 160 мг дейін арттыру қажет. Бұл дәрілік түрі 20 мг дозаны қамтамасыз ете алмайды. Валсартанды 20 мг дозада тағайындау қажет болғанда талап етілетін бір реттік дозаны қамтамасыз ететін дәрілік затты пайдалану қажет. Ең жоғары дозасы – тәулігіне екі рет 160 мг. Жалпы алғанда, тәулігіне екі рет 80 мг дозаға емдеу басталғаннан кейін екі апта ішінде, ал нысаналы ең жоғары дозасына - пациенттің валсартанды дозаны титрлеу кезеңінде көтере алатындығына қарай үш ай бойы жеткені ұсынылады. Егер симптоматикалық артериялық гипотензия немесе бүйрек дисфункциясы туындайтын болса, дозаны төмендету туралы мәселені қарастырған жөн. Валсартанды миокард инфарктісінен кейін ұсынылған басқа дәрілік заттармен (мысалы, тромболитиктермен, ацетилсалицил қышқылымен, β-блокаторлармен және статиндермен) емделген пациенттерге тағайындауға болады. АӨФт, β-блокаторлар мен валсартанның үштік біріктірілімін бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. Миокард инфарктісінен кейінгі пациенттердің жай-күйін бағалау әрқашан бүйрек функциясының мониторингін қамтуы керек. Валсартан-ЛФ глюкозаға төзімділігі бұзылған және жүрек-қантамырлық жеткіліксіздіктің даму қаупі бар пациенттерге артериялық гипертензияны емдеу үшін қолданылуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Балалар мен жасөспірімдердің артериялық гипертензиясы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар Дене салмағы 35 кг-нан аз балалар үшін бастапқы дозасы күніне бір рет 40 мг құрайды. Дене салмағы 35 кг және одан көп балалар үшін бастапқы дозасы күніне бір рет 80 мг құрайды. Дозасын артериялық қысымға әсеріне қарай түзеткен жөн. Клиникалық сынақтарда зерттелген ең жоғары дозалары төмендегі кестеде келтірілген. Көрсетілгеннен асатын дозалары зерттелмеген, сондықтан ұсынылмайды. Дене салмағы Клиникалық сынақтарда зерттелген ең жоғары дозалары > 18 кг ... < 35 кг 80 мг > 35 кг ... < 80 кг 160 мг > 80 кг ... < 160 кг 320 мг 6 жасқа дейінгі балалар 6 жасқа толмаған балаларда валсартанның қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Балалар мен жасөспірімдердің жүрек функциясының жеткіліксіздігі және жақында өткерген миокард инфарктісі Валсартан қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректердің болмауына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің жүрек функциясының жеткіліксіздігін немесе жақында өткерген миокард инфарктісін емдеу үшін ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар Креатинин клиренсі < 30 мл/мин құрайтын немесе диализдегі балаларға қолданылуы зерттелмеген, сондықтан мұндай пациенттерге валсартан ұсынылмайды. Креатинин клиренсі 30 мл/мин астам балаларға дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясын және қан сарысуындағы калий деңгейін мұқият бақылап отыру керек. Ересектер Креатинин клиренсі 10 мл/мин астам ересек пациенттерге дозаны түзетудің қажеті жоқ. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Валсартан бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі, бауырдың билиарлық циррозы немесе өт жолдарының обструкциясы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді. Бауыр функциясының холестазсыз байқалмайтын жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде валсартан дозасы 80 мг-нан аспауы керек. Енгізу әдісі мен жолы Таблеткаларды аз мөлшерде сумен ішіп, ас ішуге қарамастан ішке қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.