+125 бонус

ВАЛЬСАКОР Н 160 мг/12,5 мг №28 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
2500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Валсартан и диуретики
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: валсартан 80 мг, гидрохлоротиазид 12,5 мг (80 мг/12,5 мг) валсартан 160 мг, гидрохлоротиазид 12,5 мг (160 мг/12,5 мг) валсартан 160 мг, гидрохлоротиазид 25 мг (160 мг/25 мг) қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, магний стеараты, натрий кроскармеллозасы, повидон К25, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы үлбірлі қабық: гипромеллоза 2910, титанның қостотығы (Е171), макрогол 4000, темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172) (80 мг/12,5 мг және 160 мг/25 мг доза үшін)
Қолданылуы
- артериялық гипертензия - Вальсакор® препаратымен монотерапия кезінде артериялық қысымды жеткілікті бақылау мүмкін емес артериялық гипертензиясы бар пациенттерді емдеуде
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға, сульфонамидтер туындыларына немесе қосалқы заттардың кез келгеніне аса сезімталдық - туа біткен ангионевроздық ісінуі немесе алдыңғы АӨФ ингибиторымен немесе II ангиотензин рецепторларының антагонистімен емдеу кезінде ангионевроздық ісінуі дамыған пациенттерге - жүктілік және баланы емізу кезеңі - билиарлы цирроз немесе холестаз - анурия - Вальсакор® Н препаратын қоса алғанда, ангиотензин рецепторларының блокаторларын (АРБ) немесе ангиотензин-алискирен ферменттің тежегіштерін (ААФи) және қант диабеті бар пациенттерде (1-ші және 2-ші типті) және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде ілеспе қолдану (СКФ <60 мл/мин) ("Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу" бөлімінің «Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы» ішкі бөлімін қараңыз).
Дозасы
Вальсакор® Н препаратының ұсынылған тәуліктік дозасы - 80 мг/12,5 мг мөлшерінде үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетка болып табылады. Терапияның 3-4 аптасынан кейін артериялық қысымның жеткіліксіз төмендеуі кезінде Вальсакор® Н препаратымен 1 таблетка, 160 мг/12,5 мг тәуліктік дозада емдеуді жалғастыру талап етілуі мүмкін. Вальсакор® Н препаратын 160 мг/25 мг қабықпен қапталған 1 таблетканың тәуліктік мөлшерінде Вальсакор® Н 160 мг/12,5 мг препаратын қабылдау кезінде артериялық қысымның барабар төмендеуіне қол жеткізбеген пациенттерге ғана қолдану керек. Ең жоғары гипотензивті әсер терапияның 2-4 аптасынан кейін көрінеді. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге дозаны азайту қажет болуы мүмкін. Гидрохлоротиазидтің болуына байланысты Вальсакор® Н бүйрек жеткіліксіздігі ауыр (СКФ <30 мл/мин) және ануриясы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысындағы пациенттерде (СКФ <10 мл/мин) немесе гемодиализдегі пациенттерде валсартанды қолдану тәжірибесі жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дәрілік препараттың дозасын азайту талап етілуі мүмкін. Құрамында гидрохлоротиазидтің болуына байланысты Вальсакор® Н препараты бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс («Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз). Валсартанның болуына байланысты Вальсакор® Н препараты бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар немесе бауырдың билиарлық циррозы және холестазы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді. Егде жастағы пациенттер Егде пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Балалар Вальсакор® Н қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша деректердің болмауына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға ұсынылмайды. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Вальсакор® Н тамақтануға қарамастан қабылдауға болады. Таблеткаларды сұйықтықты іше отырып, жұту керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.