+137 бонус

ВАЛЬСАКОР 80 мг №28 таб

2740 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Валсартан
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - валсартан 80 мг, 160 мг қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, повидон К 25, натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты үлбірлі қабықтың құрамы: гипромеллоза 6 сР, титанның қостотығы (Е171), темірдің қызыл тотығы (Е172), макрогол 4000, темірдің сары тотығы (Е172) (160 мг доза үшін)
Қолданылуы
Гипертония Ересектердегі эссенциальді гипертензияны және 6-дан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердегі гипертонияны емдеу. Жуырда болған миокард инфаркті Жуырда болған (12 сағат-10 күн) миокард инфарктісінен кейінгі жүрек жеткіліксіздігі симптомдары немесе сол жақ қарыншаның симптомсыз систолалық дисфункциясы бар клиникалық тұрақты ересек пациенттерді емдеу. Жүрек жеткіліксіздігі Минералкортикоидты рецепторлардың антагонистерін қолдану мүмкін болмаған кезде, AӨФ тежегіштеріне қосымша ем ретінде, AӨФ тежегіштерінің жақпаушылығында жүрек жеткіліксіздігінің симптомдары бар ересек пациенттерді немесе бета-блокатор жақпаушылығы бар пациенттерді емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, бауырдың билиарлы циррозы, холестаз - жүктіліктің екінші және үшінші триместрі - 6 жасқа дейінгі балалар - галактоземия, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы - Вальсакор® препаратын қант диабеті бар пациенттерде немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде құрамында алискирен бар дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану (ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м2)
Дозасы
Артериялық гипертензия Ересектер Вальсакор® препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 80 мг құрайды. Гипертензияға қарсы әсер 2 апта бойы қабылдаған кезде байқалады, ал препаратты қабылдаудан болатын ең жоғары әсерге 4 апта ішінде қол жеткізіледі. Артериялық қысымы тиісті түрде бақыланбайтын пациенттерге дозаны 160 мг - ға дейін немесе ең жоғарысы - 320 мг-ға дейін арттыруға болады. Вальсакорды артериялық қысымды төмендететін басқа препараттармен бірге қабылдауға болады. Диуретиктерді бір мезгілде қабылдау (гидрохлоротиазид сияқты) артериялық қысымның көп төмендеуіне ықпал етеді. Жақында болған миокард инфарктісі Клиникалық тұрақты пациенттерді Вальсакор® препаратымен емдеуді миокард инфарктісінен кейін 12 сағаттан соң бастауға болады. Бастапқы 20 мг дозасын тәулігіне екі рет қолданғаннан кейін дозаны келесі бірнеше апта ішінде тәулігіне екі рет 40 мг, 80 мг және 160 мг-ға дейін арттыруға болады. Бастапқы дозаны Вальсакор® препаратының 40 мг бір таблеткасын екі жартыға бөліп қабылдау қамтамасыз етеді. Көзделген ең жоғары доза тәулігіне екі рет 160 мг құрайды. Пациенттерге алдымен ем басталған сәттен бастап екі апта ішінде тәулігіне екі рет 80 мг дозаны және препараттың пациентке жағымдылығына байланысты 3 ай бойы тәулігіне екі рет 160 мг көзделген ең жоғары дозаны алу ұсынылады. Гипотензия немесе бүйрек жеткіліксіздігі симптомдары пайда болған жағдайда, препарат дозасын төмендету керек. Вальсакор® препаратымен емдеуді миокард инфарктісінен кейін емнің басқа түрлерімен, мысалы, тромболитиктер, ацетилсалицил қышқылы, бета-блокаторлар, статиндер және диуретиктермен қатар жүргізуге болады. Препаратты АӨФ тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. Миокард инфарктісін өткерген пациенттерді тексеру кезінде әркез бүйрек функциясына бағалау жүргізу керек. Жүрек жеткіліксіздігі Вальсакор® препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне екі рет 40 мг құрайды. Дозаны тәулігіне екі рет 80 мг және 160 мг-ға дейін ұлғайтуды препараттың пациентке жағымдылығына байланысты ең жоғары дозаға дейін кемінде 2 апта аралықпен біртіндеп жүргізген жөн. Вальсакор® препаратымен бірге қабылданатын диуретиктердің дозасын төмендету керек. Ең жоғары күнделікті доза бірнеше қабылдауға бөлінген 320 мг құрайды. Жүрек жеткіліксіздігін емдеуге арналған басқа препараттармен бір уақытта Вальсакор® қабылдауға болады. Алайда АӨФ тежегішінің, бета-блокатордың және Вальсакор® препаратының үш компонентті біріктірілімін қолдану ұсынылмайды. Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді тексеру кезінде бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерді емдеу үшін дозаны түзету қажет емес Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі (КК >10 мл/мин немесе 0.167 мл/с) бар пациенттер үшін дозаны түзету талап етілмейді Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, бауырдың билиарлы циррозы және холестазы бар пациенттерге Вальсакор® препаратын қабылдауға болмайды. Холестазсыз жеңіл және орташа дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін Вальсакор® препаратының дозасы 80 мг аспауы тиіс. Балалар 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер Дене салмағы 35 кг аз балалар үшін бастапқы доза тәулігіне бір рет 40 мг құрайды, дене салмағы 35 кг және одан астам балалар үшін бастапқы доза тәулігіне бір рет 80 мг құрайды. Дозаны артериялық қысым нәтижелерінің және жағымдылығы негізінде түзету керек. Балаларға арналған ең жоғары доза төменде көрсетілген: Дене салмағы Ең жоғарғы доза ≥ 18 кг-дан <35 кг-ға дейін 80 мг ≥ 35 кг-дан <80 кг-ға дейін 160 мг ≥ 80 кг-дан ≤ 160 кг-ға дейін 320 мг Бұдан жоғарырақ дозаларды қолдану ұсынылмайды. 6 жасқа дейінгі балалар 1 жасқа дейінгі балалардағы Валсакор қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Бүйрек жеткіліксіздігі бар 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар КК < 30 мл/мин балаларда және диализбен емделетін балаларда Вальсакор® препаратын қолдану ұсынылмайды. КК > 30 мл/мин балаларда дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясын және қан плазмасындағы калий деңгейін мұқият бақылау қажет. Бауыр жеткіліксіздігі бар 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар Вальсакор® препаратын қолдану бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, бауырдың билиарлы циррозы бар балаларға және холестазы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді. Жеңіл және орташа бауыр жеткіліксіздігі бар балаларда Вальсакор® препаратын қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі. Мұндай пациенттерде 80 мг дозадан аспауы керек. Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде жүрек жеткіліксіздігін немесе жақында болған миокард инфарктісін емдеу үшін Вальсакор® препаратын қолдану қауіпсіздік жөніндегі деректердің болмауына байланысты ұсынылмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Вальсакор® таблеткаларын тамақ ішуге қарамастан, сумен іше отырып, ішке қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.