+3413 бонус

ВАЛГАНЦИКЛОВИР 450мг №60 таблетки

9:00-ден кейін қолжетімді
68270 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Валганцикловир
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: КАЗАХСТАН
  • Өндіруші: ТОО ВИВА ФАРМ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - 496,3 мг валганцикловир гидрохлоридi (450 мг валганцикловирге баламалы), қосымша заттар: повидон, кросповидон, микрокристалды целлюлоза, стеарин қышқылы. Үлбірлі қабықтың құрамы, қызғылт (дайын қоспасы): гипромеллоза 2910, 6 mPas; гипромеллоза 2910, 6 mPas; титанның қостотығы (Е171); макрогол/ПЭГ 400; темірдің сары тотығы (Е172); полисорбат 80.
Қолданылуы
- жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) бар, көру қабілетінің бұзылуы байқалатын пациенттерде белсенді ЦМВ-ретинит (цитомегаловирустық ретинит) кезінде индукциялық ем ретінде қолданылады - жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) бар ересек пациенттерде индукциялық ем аяқталғаннан кейін демеуші ем ретінде, сондай-ақ, белсенді емес ЦМВ-ретинитті емдеу үшін қолдануға болады. Иммунитеттің жалпы статусын, CD4 жасушалар санын және пациент организмінің өзіндегі АИТВ қарсы емінің өзгерістеріне реакциясын ескере отырып, демеуші емді бастау немесе жалғастыру қажеттілігін жүйелі уақыт аралықтары сайын бақылап отыру қажет - ағзалар трансплантациясын бастан өткерген, қауіптің жоғарылауына ұшыраған реципиенттерде ЦМВ-инфекциясының профилактикасы үшін қолданылады. Ганцикловирді (күніне үш рет пероральді 1 г) қабылдаған топқа қарағанда, валганцикловир тобында (қабылдау жиілігі күніне бір рет 900 мг), бауыр трансплантациясын бастан өткерген пациенттерде ЦМВ-инфекциясы жиілігінің жоғарырақ болғаны байқалған. Өкпе трансплантациясын бастан өткерген пациенттер валганцикловирдің клиникалық зерттеулеріне қатыспады.
Қарсы көрсетілімдер
валганцикловирге, ганцикловирге немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық (валганцикловир және ацикловир мен валацикловир химиялық құрылымдарының ұқсастығына орай, осы препараттарға айқаспалы сезімталдық реакциялары болуы мүмкін)
Дозасы
Назар аударыңыз! Артық дозалануды болдырмау үшін дозалау жөніндегі нұсқауларды қатаң сақтау қажет Валганцикловир ішке қабылданғаннан кейін жылдам және елеулі дәрежеде ганцикловирге айналады. Валганцикловирді 900 мг дозада (450 мг-ден 2 таблетка) күніне 2 рет пероральді қабылдау терапиялық тұрғыдан, ганцикловирді күніне 2 рет 5 мг/кг дозада вена ішіне енгізуге баламалы.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.