+7 бонус

ВАЛЕРИАНЫ НАСТОЙКА 25 мл ШФ

9:00-ден кейін қолжетімді
150 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Валерианы корневище с корнями
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: КАЗАХСТАН
  • Өндіруші: Шаншаров Фарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1000 мл препараттың құрамында белсенді заттар – Шүйгіншөп тамырсабақтары тамырлары - 200 г қосымша зат – Этил спирті 70%
Қолданылуы
– неврастения және басқа невроздық бұзылуларда (невроздар) – жүйке стрессі, ұзақ уақыт болған шектен тыс жүйкелік-психикалық қозуға байланысты ұйқының бұзылуы – жүрек-қан тамырлары жүйесі мен ас қорыту жүйесі жағынан жеңіл функциональдық бұзылулар (кешенді ем құрамында). Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі:
Қарсы көрсетілімдер
Қарсы көрсетілімдер – әсер етуші затқа немесе қосымша затқа аса жоғары сезімталдық – 12 жасқа дейін балаларға – тетурамды, нитроимидазол мен нитрофуран препараттарын, ІІ-ІІІ буынның цефалоспориндік антибиотиктерін (шүйгіншөп құрамындағы этил спиртіне жедел уыттылық реакциясының даму мүмкіндігіне байланысты) қолдануда – эпилепсияда – гепатит, асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралы ауыруы, созылмалы маскүнемдікте – жүктілікте, лактация кезеңінде
Дозасы
Ішке, ересектерге 50 мл ауыз суда (¼ стақан) ерітіп, 20-30 тамшыдан, күніне 3-4 рет, қажет болғанда 50 мл ауыз суда еріте отырып, дозаны күніне 3-4 рет ең жоғарысы – 5 мл (1 шай қасық) дейін көтереді. 12 жастан асқан балаларға күніне өмірінің бір жылына 1 тамшыдан 3-4 рет, 50 мл ауыз суда ерітіп қабылдау тағайындалады. Құрамында этил спиртінің концентрациясы жоғары болғандықтан балаларға тұндырманы араластырылмаған (ерітілмеген) күйінде қолдануға болмайды. Бауыр мен бүйрек функциясының бұзылуы бар адамдарда дозаны түзету қажет етілмейді. Енгізу әдісі және жолы Ішке, ересектерге 50 мл ауыз суда (¼ стақан) ерітіп, 20-30 тамшыдан, күніне 3-4 рет, қажет болғанда 50 мл ауыз суда еріте отырып, дозаны күніне 3-4 рет ең жоғарысы – 5 мл (1 шай қасық) дейін көтереді. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығын ауырудың сипатын, ауырлық дәрежесін және ағымының ерекшеліктерін, қол жеткізген емдеу әсерінің тұрақтылығын және препаратты көтере алушылығын ескере отырып, әр пациентке жеке тағайындайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.