+538 бонус

ВАЛЬДОКСАН 25 мг №28 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
10770 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Агомелатин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Ле Лаборатуар Сервье
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында белсенді зат: агомелатин 25 мг қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты, жүгері крахмалы, повидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий крахмалы гликолаты (А типі), стеарин қышқылы. үлбірлі қабықтың құрамы: глицерол, гипромеллоза, темірдің (III) сары тотығы Е172, макрогол 6000, магний стеараты, титанның қостотығы Е171.
Қолданылуы
Вальдоксан® ересектердегі үлкен депрессиялық бұзылысты емдеуге арналған.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауыр функциясының бұзылуы (яғни цирроз немесе бауырдың белсенді ауруы) немесе қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе асатын трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы - CYP1A2 изоферментінің күшті тежегіштерін қатар қабылдау (флувоксамин, ципрофлоксацин) - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер - 75 жастан асқан егде жастағы пациенттер
Дозасы
Ұсынылатын доза: ішке 25 мг (1 таблетка) тәулігіне 1 рет, ұйықтар алдында. Қажет болған жағдайда, екі апталық емдеуден кейін доза тәулігіне 1 рет 50 мг (2 таблетка) дейін ұлғайтылуы мүмкін. Препараттың ең жоғары тәуліктік дозасы 50 мг құрайды. Дозаны ұлғайту туралы шешім қабылдағанда, трансаминазалар мөлшерінің жоғарылау қаупін ескеру керек. Дозаны 50 мг-ға кез келген ұлғайту әрбір пациент үшін жеке пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып және бауыр функциясын тұрақты бақылау кезінде жүргізілуі тиіс. Емдеуді бастамас бұрын бауыр функциясын тексеру үшін тест жүргізу керек. Трансаминазалар қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе асқан жағдайда емдеуді бастауға болмайды. Емдеу барысында трансаминазалар деңгейін кезеңділікпен бақылау керек: 3 аптадан, 6 аптадан кейін (жедел фазаның аяқталуы), 12 аптадан, 24 аптадан кейін (тұрақтану фазасының аяқталуы) және одан кейін клиникалық көрсетілімдер бойынша. Трансаминазалар қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе асқан жағдайда емдеуді тоқтату керек. Дозаны арттырған кезде бауыр функциясын емнің басындағы жиілікпен тексеру керек. СКҚСТ/СКҚСТН антидепрессантты препараттарымен емдеуден агомелатинмен емдеуге көшу СКҚСТ/СКҚСТН антидепрессантты препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін пациенттерде емді тоқтату симптомдары пайда болуы мүмкін. Агомелатинді қабылдауды дереу, СКҚСТ/СКҚСТН препаратының дозасын біртіндеп төмендетіп бастауға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.