+172 бонус

ВАЛАВИР 500 мг №10 таб

3440 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Валацикловир
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Фармак ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат- валацикловир гидрохлориді - 556 мг, 100% сусыз затқа валацикловирге шаққанда - 500 мг; қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (101), повидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, кросповидон, магний стеараты; қабықтың құрамы: Sepifilm 050: метилгидроксипропилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза, ацетилденген (немесе күрделі эфир ацетаттары) моно- және диглицеридтер; кандурин: калий-алюминий силикаты (Е 555), титанның қостотығы (Е 171).
Қолданылуы
Varicella zoster (VZV) вирусы туындатқан инфекциялар - белдемелі герпес. Валавир® ересек иммунокомпетентті пациенттерде белдемелі герпесті (белдемелі теміреткі) және офтальмогерпесті емдеуге арналған. Валавир® жеңіл немесе орташа иммун тапшылығы бар ересек пациенттерде белдемелі герпесті емдеу үшін көрсетілген. Қарапайым герпес вирусы (ҚГВ) туындатқан инфекциялар Валавир® ҚГВ туындатқан тері және шырышты қабық инфекцияларын емдеу және бәсеңдету үшін қолданылады, оған қоса: иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдерде, сонымен қатар иммунитеті төмендеген ересектерде алғаш анықталған генитальді герпесті емдеу иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдерде, сонымен қатар иммунитеті төмендеген ересектерде қайталанған генитальді герпесті емдеу иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдерде, сондай-ақ иммунитеті төмендеген ересектерде генитальді герпестің қайталануын бәсеңдету Иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдерде, сондай-ақ иммунитеті төмен ересектерде ҚГВ көз инфекцияларының қайталануын емдеу және бәсеңдету. АИТВ-инфекциясынан басқа себептер бойынша иммундалған ҚГВ бар пациенттерде клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Цитомегаловирустық (ЦМВ) инфекциялар Валавир® ересектер мен жасөспірімдерде ағзаларды трансплантациялау кезінде туындайтын цитомегаловирустық инфекцияның (ЦМВ) профилактикасы үшін арналған.
Қарсы көрсетілімдер
валацикловирге, ацикловирге және препараттың құрамына кіретін кез келген қосымша ингредиентке аса жоғары сезімталдық балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (офтальмогерпесті қоса, белдемелі теміреткіні емдеу иммунитеті төмендеген пациенттерде ҚГВ-ден туындаған инфекциялар қайталануының профилактикасы (супрессия) генитальді герпес жұқтыруының профилактикасы 12 жасқа дейінгі балалар (ЦМВ инфекцияларының профилактикасы)
Дозасы
Varicella zoster (VZV) вирусы туындатқан инфекциялар - белдемелі герпес және офтальмогерпес Пациенттерге белдемелі герпесті диагностикалағаннан кейін емдеуді мүмкіндігінше тезірек бастау ұсынылады. Белдемелі бөртпе пайда болғаннан кейін 72 сағаттан астам уақыттан кейін басталған емдеу туралы деректер жоқ. Иммунокомпетентті ересектер Иммунокомпетентті пациенттер үшін доза 7 күн ішінде тәулігіне 3 рет 1000 мг құрайды (жалпы тәуліктік доза 3000 мг). Бұл дозаны креатинин клиренсіне сәйкес азайту керек. Иммунитеті төмен ересектер Иммунитеті төмен пациенттер үшін доза кемінде 7 күн бойы және қатайған қыртыспен жабылған зақымданудан кейін 2 күн ішінде тәулігіне 3 рет 1000 мг (жалпы тәуліктік доза 3000 мг) құрайды. Бұл доза креатинин клиренсіне сәйкес азайтылуы тиіс. Иммунитеті төмен пациенттерде вирусқа қарсы емдеу қазіргі уақытта күлдіреуіктер пайда болғаннан кейін (везикулалардың пайда болуы) бір апта ішінде  немесе қатайған қыртыспен жабылған толық зақымданудан кейін кез келген уақытта пайда болатын пациенттерге ұсынылады. Ересектер мен жасөспірімдерде (≥12 жас)  ҚГВ туындатқан инфекцияларды емдеу Иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдер (≥ 12 жас) Валавир® 500 мг дозада тәулігіне 2 рет (жалпы тәуліктік доза 1000 мг) тағайындалады. Бұл дозаны креатинин клиренсіне сәйкес азайту керек. Қайталану жағдайында емдеу 3 немесе 5 күнге созылуы тиіс. Анағұрлым ауыр бастапқы жағдайларда емдеуді мүмкіндігінше ертерек бастау керек және оның ұзақтығы 10 күнге дейін ұзартылуы тиіс. ҚГВ қайталанған кезде продромальді кезеңде немесе аурудың алғашқы симптомдары пайда болғаннан кейін бірден Валавир® препаратын тағайындау өте орынды болып саналады. Валавир® ҚГВ қайталануының алғашқы белгілері мен симптомдары кезінде қабылдағанда зақымданудың дамуына жол бермейді. Лабиальді герпес (ерін қызбасы) Лабиальді герпесті (ерін қызбасын) емдеуге балама ретінде Валавир® препаратын бір күн ішінде екі рет 2000 мг дозада тағайындаған тиімді. Екінші дозаны бірінші дозаны қабылдағаннан кейін шамамен 12 сағаттан кейін (бірақ 6 сағаттан ерте емес) қабылдау керек. Бұл дозаны креатинин клиренсіне сәйкес азайту керек. Осындай дозалау режимін пайдаланған кезде емдеу ұзақтығы бір күннен аспауы тиіс, өйткені бұл көрсетілгендей қосымша клиникалық артықшылықтар бермейді. Емді ерін қызбасының ең ерте симптомдары (яғни, қышыну, күйдіру, ашыту) пайда болған кезде бастау керек. Иммунитеті төмен ересектер Иммунитеті төмен ересектердегі ҚГВ емдеу үшін доза клиникалық жағдайдың ауырлық дәрежесін және пациенттің иммунологиялық статусын бағалағаннан кейін кемінде 5 күн ішінде тәулігіне 2 рет 1000 мг құрайды. Анағұрлым ауыр бастапқы жағдайларда емдеуді мүмкіндігінше ертерек бастау керек және оның ұзақтығы 10 күнге дейін ұзартылуы тиіс. Бұл дозаны креатинин клиренсіне сәйкес азайту керек. Ең жоғары клиникалық пайда үшін емдеуді 48 сағат ішінде бастау керек. Зақымданудың дамуын қатаң бақылау ұсынылады. Ересектер мен жасөспірімдерде (≥ 12 жас), қарапайым герпес вирусы (ҚГВ) инфекцияларының қайталануын бәсеңдету Иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдер (≥ 12 жас) Валавир® тәулігіне 1 рет 500 мг дозада тағайындалады. Өте жиі қайталанулары бар кейбір пациенттер (терапия болмаған кезде ≥ 10 / жыл) бөлінген доза ретінде қабылданатын күнделікті 500 мг дозадан (тәулігіне 2 рет 250 мг) қосымша пайда алуы мүмкін. Бұл доза креатинин клиренсіне сәйкес азайтылуы тиіс. Емдеуді 6-12 айлық терапиядан кейін қайта қарау керек. Иммунитеті төмен ересектер Валавир® тәулігіне 2 рет 500 мг дозада тағайындалады. Бұл дозаны креатинин клиренсіне сәйкес азайту керек. Емдеуді 6-12 айлық терапиядан кейін қайта қарау керек. Ересектер мен жасөспірімдердегі (≥12 жас), цитомегаловирустық (ЦМВ) инфекцияның және аурулардың профилактикасы Валавир® препаратын 2000 мг дозада тәулігіне 4 рет, трансплантациядан кейін мүмкіндігінше ертерек тағайындау ұсынылады. Дозаны креатинин клиренсіне байланысты төмендету керек. Емдеу ұзақтығы 90 күнді құрайды, бірақ қаупі жоғары науқастарда емдеу ұзағырақ болуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 12 жасқа дейінгі балалардағы Валавир® препаратының тиімділігі бағаланбады. Егде жастағы пациенттер Бүйрек функциясының елеулі бұзылуын қоспағанда, дозаны түзету талап етілмейді. Су-электролиттік теңгерімді талапқа сай демеу қажет. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Ересек пациенттерде Валавир® препаратының 1000 мг дозасымен жүргізілген зерттеулер бауырдың жеңіл және орташа айқын циррозы бар пациенттерде (бауырдың синтетикалық функциясы сақталған) Валавир® дозасын түзету талап етілмейтінін көрсетеді. Бауырдың ауыр циррозы бар ересек пациенттердегі фармакокинетикалық деректер (бауырдың синтетикалық функциясының бұзылуы және порталдық жүйе мен жалпы қантамыр арнасы арасында шунттардың болуы) Валавир® препаратының дозасын түзету қажеттілігін көрсетпейді, алайда оны осы патологияда клиникалық қолдану тәжірибесі шектеулі. Одан жоғары дозалар үшін (тәулігіне 4000 мг немесе одан көп). 1-кесте Бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі дозаны түзету

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.