+243 бонус

ВАЛАВЕКС 500 мг №30 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
4860 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Валацикловир
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО Вива Фарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 556 мг валацикловир гидрохлориді (500 мг валацикловирге баламалы), қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, кросповидон, повидон, кремнийдің коллоидты қостотығы (Аэросил), магний стеараты, үлбірлі қабығының құрамы, ақ (дайын қоспасы) : поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль/макрогол, тальк).
Қолданылуы
Varicella zoster (VZV)- белдемелі герпес вирусы туындатқан инфекциялар ересек иммунокомпетентті пациенттердегі белдемелі герпес (белдемелі теміреткі) және офтальмогерпес ауырлығы жеңіл немесе орташа иммунтапшылығы ересек пациенттердегі белдемелі герпес Қарапайым герпес вирусы (ҚГВ) туындатқан инфекциялар Валавекс® ҚГВ туындатқан тері мен шырышты қабықтың инфекцияларын емдеу және басу (супрессия) үшін қолданылады, оған қоса: иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдерде, сондай-ақ иммунитеті төмендеген ересектерде алғаш рет анықталған генитальді герпесті емдеу иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдерде, сондай-ақ иммунитеті төмендеген ересектерде қайталанатын генитальді герпесті емдеу иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдерде, сондай-ақ иммунитеті төмендеген ересектерде қайталанатын генитальді герпесті басу (супрессия) лабиальді герпесті емдеу. Иммунокомпетентті ересектер мен жасөспірімдерде, сондай-ақ иммунитеті төмендеген ересектерде ҚГВ туындатқан офтальмологиялық инфекциялардың қайталануын емдеу және басу (супрессия). АИТВ-инфекциядан бөлек, басқа себептердің салдарынан иммунитеті төмендеген ҚГВ-инфекцияланған пациенттерде клиникалық зерттеулер жүргізілмеді. Цитомегаловирустық (ЦМВ) инфекция ересектер мен жасөспірімдерде ағзалар трансплантациясында туындайтын цитомегаловирустық инфекцияның (ЦМВ) профилактикасы
Қарсы көрсетілімдер
валацикловирге, ацикловирге және препараттың құрамына кіретін кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Дозалану режимі Офтальмогерпесті қоса, белдемелі теміреткіні (Varicella zoster вирусы (VZV) туындатқан инфекциялар) емдеу Емді белдемелі герпеске диагностика жасалғаннан кейін бірден, барынша ертерек бастау қажет. Бөртпе анықталғаннан кейін 72 сағаттан астам уақыт өткен соң басталған емдеу туралы деректер алынған жоқ. Иммунокомпетентті ересектер Доза 7 күн бойы тәулігіне 3 рет 1000 мг құрайды (жалпы тәуліктік доза 3000 мг құрайды). Иммунитеті әлсіреген ересектер Иммунитеті әлсіреген пациенттер үшін доза 7 күн бойы және қабық түзілгеннен кейін 2 күн бойы тәулігіне 3 рет 1000 мг құрайды (жалпы тәуліктік доза 3000 мг құрайды). Дозаны креатинин клиренсіне байланысты азайту керек (төменде Бүйрек жеткіліксіздігін қараңыз).  Вирусқа қарсы ем көпіршіктер қалыптасатын кезеңнің бір аптасында немесе қыртыстар толық түзілгенге дейін кез келген уақытта медициналық көмекке жүгінген иммунитеті әлсіреген пациенттерге ұсынылады. Ересектер мен жасөспірімдерде (≥12 жас) қарапайым герпес вирусы (ҚГВ) туындатқан инфекцияларды емдеу Иммунокомпетентті ересектер және жасөспірімдер (≥12 жас) Валацикловир тәулігіне 2 рет 500 мг дозада тағайындалады (жалпы тәуліктік доза 1000 мг құрайды). Қайталанған жағдайда емдеу 3 күннен 5 күнге дейін жалғасуы тиіс. Анағұрлым ауыр бастапқы жағдайларда емдеуді мүмкіндігінше ертерек бастау керек, ал оның ұзақтығы 10 күнге дейін ұзартылуы тиіс. ҚГВ қайталанған кезде валацикловирдің продромальді кезеңде немесе аурудың алғашқы симптомдары пайда болғаннан кейін тағайындалуы өте орынды болып саналады. Егер ҚГВ қайталануының алғашқы белгілері мен симптомдары пайда болған кезде валацикловирмен ем басталса, зақымданудың дамуына жол бермеуі мүмкін. Лабиальді герпесті емдеу Лабиальді герпесті емдеу үшін валацикловирді 2000 мг дозада 1 күнде 2 рет тағайындау тиімді. Екінші доза алғашқы дозаны қабылдағаннан кейін шамамен 12 сағаттан соң (бірақ 6 сағаттан ерте емес) қабылдануы тиіс. Дозаны креатинин клиренсіне байланысты азайту керек (төменде Бүйрек жеткіліксіздігін қараңыз).  Мұндай дозалау режимін пайдаланған кезде емдеу ұзақтығы 1 күннен аспауы тиіс, себебі бұл арттыру қосымша клиникалық басымдықтар бермейді. Ем лабиальді герпестің ең ерте белгілері (яғни қышу, шымылдату, шаншу) пайда болған кезде басталуы тиіс. Иммунитеті әлсіреген ересектер Иммунитеті әлсіреген ересектерде ҚГВ емдеу үшін валацикловир клиникалық жағдайының ауырлық дәрежесі мен пациенттің иммундық статусы бағаланғаннан кейін кемінде 5 күн бойы тәулігіне 2 рет 1000 мг дозада тағайындалады. Анағұрлым ауыр болуы мүмкін бастапқы жағдайларда емдеу ұзақтығын 10 күнге дейін ұзартуға болады. Дозаны креатинин клиренсіне байланысты азайту керек (төменде Бүйрек жеткіліксіздігін қараңыз). Емдеуді мүмкіндігінше ертерек бастау керек. Ең жоғары клиникалық әсерге қол жеткізу үшін емдеуді аурудың симптомдары пайда болғаннан кейін алғашқы 48 сағат ішінде бастау керек. Зақымданулардың дамуына қатысты мұқият мониторинг жүргізу қажет. ҚГВ туындатқан инфекциялардың қайталануын басу (супрессия) Иммунокомпетентті ересектер және 12 жастан бастап жасөспірімдер Иммунокомпетентті пациенттерде препарат тәулігіне 1 рет 500 мг дозада тағайындалады. Өте жиі қайталанатын (ем болмаған кезде жылына 10 және одан да көп) пациенттерде қосымша әсерге препаратты 2 қабылдауға бөлінген (тәулігіне 2 рет 250 мг) тәуліктік дозада тағайындағанда қол жеткізуге болады. Дозаны креатинин клиренсіне байланысты азайту керек (төменде Бүйрек жеткіліксіздігін қараңыз). Емдеуді 6-12 ай емдеуден кейін қайта қарау керек. Иммунитеті төмендеген ересектер Препараттың ұсынылған дозасы тәулігіне 2 рет 500 мг құрайды. Дозаны креатинин клиренсіне байланысты азайту керек (төменде Бүйрек жеткіліксіздігін қараңыз). Емдеуді 6-12 ай емдеуден кейін қайта қарау керек. Ересектер мен 12 жастан бастап жасөспірімдерде ЦМВ инфекцияның профилактикасы Препаратты трансплантациядан кейін, мүмкіндігінше ертерек тәулігіне 4 рет 2000 мг дозада тағайындау ұсынылады. Дозаны креатинин клиренсіне байланысты төмендету керек. Емдеу ұзақтығы 90 күн, бірақ жоғары қауіптегі пациенттерде емдеу ұзақ болуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге препаратты сақтықпен қолдану керек. Адекватты су-электролиттік теңгерімді демеу қажет. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге препаратты тағайындау режимі осы кестеге сәйкес белгіленуі тиіс:

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.