УТРОЖЕСТАН 100 мг №28 капс Прогестерон

4510 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Прогестерон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Безен Хелскеа С.А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат - микрондалған прогестерон 100 мг немесе 200 мг, қосымша заттар: соя лецитині, күнбағыс майы, капсула қабығының құрамы: желатин, глицерин, титанның қостотығы (Е 171), тазартылған су.
Қолданылуы
Прогестерон-тапшылықты жағдайлар. Пероральді енгізу жолы Гинекологиялық: Прогестерон жеткіліксіздігімен байланысты бұзылулар: - етеккір алдындағы синдром - дизовуляциямен немесе ановуляциямен етеккір оралымының бұзылуы - қатерсіз мастопатия - пременопауза - менопауза емі (эстрогенмен емге қосымша) - лютеиндік жеткіліксіздік салдарынан бедеулік. Акушерлік: - Анықталған лютеиндік жеткіліксіздікке байланысты түсік түсу қаупі немесе дағдылы түсік түсудің алдын алу - Мерзімінен бұрын босану қаупі Қынаптық енгізу жолы - гипофертильділік, ішінара немесе тотальді лютеиндік жеткіліксіздікпен (дизовуляция, in vitro ұрықтандыру барысында лютеиндік фазаны демеу, ооциттер донорлығы) байланысты бастапқы немесе салдарлы бедеулік - ерте түсік түсу қаупі немесе лютеиндік жеткіліксіздікке байланысты дағдылы аборттардың алдын алу - жүктіліктің 16 мен 24 апталары (аменореяның 18 мен 26 апталары) арасында өлшенген жатыр мойны қысқа ≤25 мм қауіп тобындағы әйелдерде мерзімінен бұрын босану профилактикасы.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнезінде арахиске немесе сояға аса жоғары сезімталдық реакциясы - тромбозға бейімділік, флебиттің немесе тромбоэмболиялық аурулардың жедел түрлері - бассүйек ішіне қан құйылу немесе анамнезінде осы жағдайлардың/аурулардың бар болуы - жыныс жолдарынан генезі айқындалмаған қан кету - аяқталмаған аборт - порфирия - сүт бездері мен жыныс мүшелерінің анықталған немесе күмән туындататын қатерлі жаңа түзілімдері - бауыр функциясының ауыр бұзылулары - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған) - лактация кезеңі
Дозасы
Енгізу әдісі мен жолы Пероральді қолдану әдісі - тамақ ішуден тыс жеткілікті мөлшердегі сумен капсулаларды қабылдау. Қынаптық қолдану жолы - капсуланы қынапқа терең енгізу Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Күніне 2 рет, таңертең және кешке қолданылады. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы мен дозасы қолданылуына нақты көрсетілімге байланысты.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.