+227 бонус

УРСОЗИМ 250 мг №30 капс Урсодезоксихолевая кислота

4540 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Абди Ибрахим Глобал Фарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді зат – 250 мг урсодезоксихолий қышқылы, қосымша заттар: картоп крахмалы, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, капсуланың құрамы: желатин, титанның қостотығы (Е171), пропиленгликоль, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибен- зоат, натрий лаурилсульфаты, сірке қышқылы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы.
Қолданылуы
Ересектер декомпенсацияланған бауыр цирозы жоқ жағдайда бастапқы билиарлық циррозды (ББЦ) кешенді ем құрамында емдеуде - өт қалтасы өз функциясын атқарып тұрған науқастарда холестеринді өт тастарын еріту үшін. Холестеринді тастар рентгенограммада қарауыту болып көрінбеуі керек және диаметрі 15 мм-ден аспауы керек. - билиарлы рефлюкс-гастритті емдеуде Балалар 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларда муковисцедозға/фиброзға байланысты гепатобилиарлық бұзылуларда
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затына, өт қышқылдарына немесе 6.1 бөлімде аталған қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - өт қалтасының немесе өт жүретін түтіктің жедел қабыну аурулары - өт жүретін түтіктің бітелуі (жалпы өт түтігінің немесе өт қалтасы түтіктерінің) - бауыр шаншуының жиі көріністері - рентгендік оң (кальций мөлшері жоғары) өт тастары - өт қалтасы жиырылғыштығының бұзылулары 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларда кистозды фиброзға байланысты гепатобилиарлық бұзылуларда қолданғанда: - сәтсіз портоэнтеростомия немесе билиарлы атрезиясы бар балаларда өт ағымының дұрыс қалпына келмеуінде.
Дозасы
Бауырдың бастапқы билиарлық циррозын емдеу және өт тастарын еріту үшін 250 мг дозадағы Урсозим® капсулаларын қолдануға жас шамасына байланысты шектеулер жоқ. Әртүрлі қолданылу көрсетілімдері үшін төмендегідей күнделікті дозалау режимдері ұсынылған: Бастапқы билиарлық циррозды емдеу үшін Тәуліктік доза дене салмағына байланысты және күніне 3-тен 7 капсулаға дейін ауытқып отырады (дене салмағының әр кг шаққанда 14±2 мг урсодезоксихолий қышқылы (УДХҚ). Емдеудің бастапқы 3 айында УДХҚ тәуліктік дозасын бірнешеге бөліп қабылдаған жөн. Бауыр көрсеткіштері жақсарған кезде тәуліктік дозаны кешке бір рет қабылдауға болады. Дене салмағы (кг) Тәуліктік дозасы (мг/кг) Урсозим® 250 мг капсулалары Емдеудің алғашқы 3 айы Соңында таңертең күндіз кешке Кешке (бір реттік қабылдау) 47 – 62 12 – 16 1 1 1 3 63 – 78 13 – 16 1 1 2 4 79 – 93 13 – 16 1 2 2 5 94 – 109 14 – 16 2 2 2 6 ˃ 110 7 капсула 2 2 3 7 Клиникалық симптомдар бастапқы билиарлы циррозы бар пациенттерде емнің басында сирек жағдайларда нашарлауы мүмкін, мысалы, қышыну жиілеуі мүмкін. Бұл жағдайда емді Урсозим® препаратының бір капсуласынан күнделікті қабылдау арқылы жалғастыру керек, бұдан әрі ұсынылған дозалау режиміне қайтадан қол жеткізілгенге дейін дозаны біртіндеп (тәуліктік дозаны апта сайын бір капсулаға арттырумен) арттырған жөн. Өт тастарын еріту Ересектер Дене салмағына қарай 10 мг/кг тәуліктік дозада күнделікті, төмендегіге сәйкес: 2 капсуладан Урсозим® дене салмағы 60 кг дейінгі пациенттерде 3 капсуладан Урсозим® дене салмағы 61-ден 80 кг дейінгі пациенттерде 4 капсуладан Урсозим® дене салмағы 81-ден 100 кг дейінгі пациенттерде 5 капсуладан Урсозим® дене салмағы 100 кг астам пациенттерде Капсулаларды күніне 1 рет, ұйықтар алдында, шайнамай және сұйықтықтың аздаған мөлшерімен іше отырып қабылдау керек. Ұдайы қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы 6–24 айды құрайды. Егер тастың көлемі 12 ай өткен соң кішіреймесе, емді жалғастырудың қажеті жоқ. Емдеу тиімділігін бақылау ультрадыбыстық зерттеу әдісімен немесе рентген зерттеулерінің көмегімен әрбір 6 ай сайын жүргізіледі. Бақылау тексерулерінде тастардың кальцинозы туындамағанын тексеру керек. Егер бұл орын алса, емдеуді тоқтату керек. Егде жастағы пациенттер Әдетте дозаны түзету қажет емес, алайда белгілі бір сақтық танытқан жөн. Балалар Бастапқы билиарлық цирроздың дамуы және холестеринмен қаныққан өт тастарының түзілуі балаларда сирек құбылыс болып табылады, және дозаны дене салмағына сәйкес таңдаған жөн. Пациенттердің осы категорияларында тиімділігі және қауіпсіздігі бейіні бойынша деректер жоқ. Билиарлы рефлюкс-гастритті емдеу үшін: Урсозим® препаратын күніне 1 капсуладан, кешке, ұйықтар алдында шайнамай және сұйықтықтың аздаған мөлшерімен іше отырып қабылдау керек. Емдеу курсы 10–14 күнді құрайды. Негізі қолдану ұзақтығы аурудың барысына байланысты. Муковисцидозбен байланысты гепатобилиарлы бұзылыстар (кистоздық фиброзы бар) 6 -18 жастағы балалар Дозасы: күніне 2-3 қабылданатын 20 мг/кг, әрі қарай қажеттілік болғанда күніне 30 мг/кг дейін жоғарылатылады. Дене салмағы (кг) Тәуліктік дозасы (мг/кг) Урсозим® 250 мг капсулалары Таңертең Күндіз Кешке 20-29 17-25 1 - 1 30-39 19-25 1 1 1 40-49 20-25 1 1 2 50-59 21-25 1 2 2 60-69 22-25 2 2 2 70-79 22-25 2 2 3 80-89 22-25 2 3 3 90-99 23-25 3 3 3 100-109 23-25 3 3 4 ˃110 3 4 4 Енгізу әдісі және жолы Капсулаларды сумен ішіп, бүтіндей қабылдаған жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.