+273 бонус

УРСОСАН 250 мг №50 капс

9:00-ден кейін қолжетімді
5470 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Урсодезоксихолевая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Чешская Республика
  • Өндіруші: ПРО.МЕД.ЦС Прага а.о.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір 250 мг капсуланың құрамында: белсенді зат - урсодезоксихолий қышқылы, 250 мг қосымша заттар: жүгері крахмалы, желатинделген жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты. Қабықтың құрамы: титанның қостотығы (E 171), желатин.
Қолданылуы
өт қабы жұмыс істеп тұрған кезде рентген негативті холестериндік тастарды еріту үшін; өт тастары рентгенде көлеңке ретінде көрінбеуі керек және олардың диаметрі 15 мм-ден аспауы керек. декомпенсацияланған бауыр циррозы болмаған кезде бастапқы билиарлы холангитті (ББХ) емдеу үшін. билиарлық рефлюкс-гастритті емдеу үшін. 6-дан 18 жасқа дейінгі балалардағы муковисцидозбен байланысты гепатобилиарлық бұзылуларды емдеу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
УДХҚ, басқа өт қышқылдарына немесе «Дәрілік препараттың құрамы» тарауында тізбеленген кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық өт қабының немесе өт жолдарының жедел қабыну аурулары өт жолдарының бітелуі (жалпы өт жолының немесе өт қалтасы жолының бітелуі) өт шаншуларының жиі ұстамалары рентгенконтрастылы ізбестелген өт тастары өт қабының жиырылу қабілетінің бұзылуы сәтті нәтижеге әкелмеген немесе егер өт жолдарының атрезиясы бар балаларда жеткілікті өт ағымы қалпына келтірілмеген  портоэнтеростомия
Дозасы
Препаратты емдеуші дәрігердің ұсынымдарына толық сәйкестікте қабылдаңыз. Сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз. Әр түрлі көрсетілімдер кезінде мына тәуліктік дозаны қолдану ұсынылады: Өт қабындағы холестериндік тастарды еріту: Ұсынылатын тәуліктік доза дене салмағының 1 кг-ге шамамен 10 мг УДХҚ құрайды, бұл мынаған сәйкес келеді: Дене салмағы Тәуліктік доза 60 кг дейін 2 капсула 61-80 кг 3 капсула 81-100 кг 4 капсула 100 кг-ден жоғары 5 капсула Енгізу әдісі мен жолы: капсуланы күніне 1 рет, кешке ұйықтар алдында қабылдау керек, шайнамай және сұйықтықтың аздаған мөлшерімен бүтіндей жұтып қабылдау керек. Тұрақты қабылдаңыз. Емдеу ұзақтығы: өт тастарын ерітуге қажетті мерзім тастың мөлшері мен құрамына байланысты  6-дан 24 айға дейін құбылып отырады. Егер өт қабындағы тастар 12 айдан кейін көлемі кішіреймесе, емді жалғастыруға болмайды. Емдеудің тиімділігін емдеуші дәрігер әр 6 ай сайын ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) немесе рентгендік зерттеулер көмегімен бақылайды. Қайта тексерілу кезінде өткен кезеңде тастар ізбестелуі туындамағанын тексеріп алу керек. Тастар ізбестелуі жағдайында емді тоқтату керек. Билиарлық рефлюкс-гастритті емдеу: УРСОСАН® препаратын 1 капсуладан (250 мг) күн сайын тағайындайды. Енгізу әдісі мен жолы: кешке ұйықтар алдында сұйықтықтың аздаған мөлшерімен бүтіндей жұтып қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы: емдеу курсы 10-14 күнді құрайды. Жалпы қолдану ұзақтығы ауру ағымына байланысты. Терапияның ұзақтығы туралы шешімді емдеуші дәрігер қабылдайды. ББХ емдеу Тәуліктік доза дене салмағына байланысты және 3-тен 7 капсулаға дейінді құрайды (дене салмағының әр кг-ге 14 ± 2 мг УДХҚ). Алғашқы үш ай емдегенде УРСОСАН® капсулаларын таңертең, түсте және кешке қабылдауға бөлу керек. Бауыр сынамаларының мәндері жақсарғанда тәуліктік дозаны күніне бір рет кешке қабылдауға болады. Дене салмағы (кг) Тәуліктік доза (дене салмағына мг/кг) УРСОСАН® капсулаларының саны, дана Алғашқы 3 ай әрі қарай таңертең түсте кешке кешке (күніне бір рет) 47 – 62 12 – 16 1 1 1 3 63 – 78 13 – 16 1 1 2 4 79 – 93 13 – 16 1 2 2 5 94 – 109 14 – 16 2 2 2 6 110-нан жоғары 2 2 3 7 Егер сіздің салмағыңыз 47 кг-ден аз болса немесе УРСОСАН® капсулаларын жұтуда қиындықтар туындаса, УДХҚ-ны суспензия түрінде қабылдаған жөн (басқа өндірушілерден). Енгізу әдісі мен жолы: капсулаларды сұйықтықтың аздаған мөлшерімен бүтіндей жұтып қабылдау керек. Қабылдаудың тұрақты жүргізілуін қамтамасыз ету қажет. Емдеу ұзақтығы: ББХ кезінде УРСОСАН® шектеусіз уақыт кезеңі бойына қабылдай беруге болады. ББХ-мен ауыратын пациенттерде клиникалық симптомдар (мысалы, қышыну күшеюі) нашарлауы мүмкін, бұл жағдайда емді УРСОСАН® препаратын күнделікті 1 капсуладан қабылдау арқылы жалғастыру керек, әрі қарай ұсынылған дозалау режиміне қол жеткізгенге дейін дозаны (апта сайын тәуліктік дозаны 1 капсулаға арттыра отырып) біртіндеп арттыруға болады. 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларда муковисцидозбен байланысты бауыр ауруларын емдеу үшін қолданылады Ұсынылатын тәуліктік доза 2-3 дозаға бөлінген дене салмағының 1 кг-ге 20 мг құрайды, қажет болған жағдайда дозаны әрі қарай тәулігіне 30 мг/кг дейін арттырады. Дене салмағы ДС [кг] Тәуліктік доза [мг /ДС кг] УРСОСАН® 250 мг капсулалар Таңертең Түсте Кешке 20 – 29 17-25 1 -- 1 30 – 39 19-25 1 1 1 40 – 49 20-25 1 1 2 50 – 59 21-25 1 2 2 60 – 69 22-25 2 2 2 70 – 79 22-25 2 2 3 80 – 89 22-25 2 3 3 90 – 99 23-25 3 3 3 100 – 109 23-25 3 3 4 110-нан жоғары 3 4 4 Енгізу әдісі мен жолы: капсулаларды сұйықтықтың аздаған мөлшерімен бүтіндей, жұтып қабылдау керек. Қабылдаудың тұрақты жүргізілуін қамтамасыз ету қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.