+321 бонус

УРСОФЛОр

9:00-ден кейін қолжетімді
6430 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында: белсенді зат – 300.00 мг урсодезоксихолий қышқылы қосымша заттар: титанның қостотығы (Е171) - 1.536 мг, темірдің (III) сары тотығы (Е172) - 0.069 мг. Желатинді капсуланың құрамы: желатин, титанның қостотығы (Е171), темірдің (III) сары тотығы (Е172)
Қолданылуы
Ересектерде: - асқынбаған өт-тас ауруы (ӨТА): билиарлы сладж; жұмыс істейтін өт қабында жеке-дара немесе көптеген рентгендік теріс холестеринді өт тастарын еріту; - ересектер мен 6 жастан асқан балаларда әртүрлі генездегі бауырдың холестаздық аурулары, оның ішінде декомпенсация белгілері болмаған кезде бауырдың бастапқы билиарлы циррозы, бастапқы склерозданған холангит, муковисцидоз (кистозды фиброз); - өт шығару жолдарының дискинезиясы, билиарлы рефлюкс-гастрит.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа, өт қышқылдарына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жүктілік кезінде - асқазанның немесе он екі елі ішектің белсенді ойық жарасы - өт қабының немесе өт жолдарының жедел қабыну аурулары - өт жолдарының бітелуі (жалпы өт жолының немесе өт қалтасы жолының бітелуі) - бауыр шаншуларының жиі эпизодтары - рентген оң (кальций құрамы жоғары) өт тастары - өт қабы жиырылуының бұзылыстары - 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және балалар
Дозасы
Холестериндік өт тастарын еріту үшін Ересектер Өттің литогендік сипаттамаларын төмендету үшін ұзақ уақыт қолданғанда, диаметрі < 1 см өт тастарында орташа тәуліктік дозасы күніне 2-3 рет 10 мг/кг құрайды. Емдеу ұзақтығы тастар толығымен ерігенше кем дегенде 4-6 ай (максимум 24-ке дейін) болуы керек. Тастардың қайта пайда болуының алдын алу үшін препаратты тастар ерігеннен кейін 3-4 ай ішінде қолдану ұсынылады. Алайда емдеу курсы 2-3 қабылдауға бөлінген тәулігіне 300 мг демеуші дозада 2 жылдан аспауы тиіс. Егер өт қабындағы тастардың көлемі 12 айлық емдеуден кейін кішіреймесе, препаратты тоқтату керек. Емдеу тиімділігін ультрадыбыстық зерттеу немесе рентгенография арқылы әр 6 ай сайын бағалау керек. Аралық тексеру барысында осы өткен кезеңде тастардың ізбестенуі болған-болмағанын бағалау керек. Тастардың ізбестенуі жағдайында емдеуді тоқтату керек. Түрлі генездегі бауырдың холестаздық аурулары, оның ішінде бастапқы билиарлы цирроз кезінде (декомпенсация белгілері болмаған кезде) Ересектер Орташа тәуліктік доза дене салмағына байланысты және 2 қабылдауда 12-15 мг/кг құрайды. Дозаны 4-8 апта ішінде өте жоғарыға дейін біртіндеп арттыру керек. Муковисцидоз кезінде Ересектер мен 6 жастан асқан балалар Ұсынылатын доза тәулігіне 20 мг/кг құрайды, тәулігіне 2-3 қабылдауға бөлінеді, одан әрі қажет болған жағдайда күніне 30 мг/кг дейін арттырумен. Өт шығару жолдарының дискинезиясы, билиарлы рефлюкс-гастрит кезінде  Ересектер Ұсынылатын доза 2-3 қабылдауға бөлінген, тәулігіне 300 мг құрайды. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Капсулаларды шайнамай, аз мөлшердегі сұйықтықпен ішіп қабылдау керек. Урсофлор 300 мг капсулаларын ұдайы қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы Холестериндік өт тастарын еріту үшін: Емдеу ұзақтығы 6–24 айды құрайды. Билиарлық рефлюкс-гастритті емдеу үшін: Емдеу курсы 10–14 күнді құрайды. Жалпы қолдану ұзақтығы ауру ағымына байланысты. Бастапқы билиарлық циррозды (ББЦ) емдеу үшін: Бастапқы билиарлық циррозды емдеу үшін Урсофлор 300 мг капсулаларын қабылдау шексіз уақыт бойына созылуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.