УРСОФАЛЬК 250 мг №50 капс

7110 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Урсодезоксихолевая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Лозан Фарма ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсула құрамында белсенді зат: урсодезоксихолий қышқылы 250 мг қосымша заттар: жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, титанның қостотығы (Е 171), желатин, тазартылған су, натрий лаурилсульфаты.
Қолданылуы
өт қалтасының холестеринді тастарын еріту үшін. Холестеринді тастар рентгенограммада көлеңке ретінде болып көрінбеуі және диаметрі 15 мм аспауы тиіс. Тастардың болуына қарамастан, өт қалтасының функциясы бұзылмауы тиіс. билиарлық рефлюкс-гастритті емдеу үшін 6-дан 18 жасқа дейінгі балаларда муковисцидозбен/фиброзбен байланысты гепато-билиарлық бұзылуларды емдеу үшін. Кешенді ем құрамында: декомпенсация белгілері жоқ кезде бауырдың бастапқы билиарлық циррозында
Қарсы көрсетілімдер
өт қалтасының немесе өт жүретін түтіктің жедел қабыну аурулары, өт қалтасының эмпиемасы өт жүретін түтіктің бітелуі (жалпы өт түтігі немесе өт қалтасы түтіктері) бауыр шаншуының жиі көріністері рентгеноң (кальций құрамы жоғары) өт тастары өт қалтасы жиырылғыштығының бұзылуы препарат компоненттеріне немесе өт қышқылдарына аса жоғары сезімталдық 6 жасқа дейінгі балалар өт шығару жолдарының атрезиясы бар балалар: сәтсіз портоэнтеростомия, өттің қалыпты ағыны қалыпқа келмеген
Дозасы
Урсофальк капсулаларын қолданар алдында, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Түрлі қолданылу көрсетілімдері үшін төмендегідей дозалау режимдері ұсынылған: Холестериндік өт тастарын еріту үшін 10 мг/кг дене салмағына күнделікті тәуліктік дозасы мыналарға сәйкес: Дене салмағы 60 кг дейін пациенттерде Урсофальктың 2 капсуласы Дене салмағы 61-ден 80 кг дейін пациенттерде Урсофальктың 3 капсуласы Дене салмағы 81-ден 100 кг дейін пациенттерде Урсофальктың 4 капсуласы Дене салмағы 100 кг асатын пациенттерде Урсофальктың 5 капсуласы Капсулаларды күніне 1 рет ұйықтар алдында, шайнамай және азғантай су мөлшерімен ішіп қабылдау қажет. Ұдайы қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы 6-24 айды құрайды. Егер тастардың өлшемі 12 ай ішінде кішіреймесе, емдеуді жалғастырудың қажеті жоқ. Емдеудің тиімділігін бақылау ультрадыбыстық әдіспен немесе рентгендік зерттеулердің көмегімен әр 6 ай сайын жүзеге асырылады. Бақылама тексеруде тастар кальцинозы туындамағанын тексерген жөн. Егер солай болған жағдайда, емдеу тоқтатылуы тиіс. Билиарлық рефлюкс-гастритті емдеу үшін: Урсофальк препаратын күнделікті 1 капсуладан, кешкілік немесе ұйықтар алдында шайнамай және азғантай су мөлшерімен ішу арқылы қабылдайды. Емдеу курсы 10-14 күнді құрайды. Тұтас алғанда, қолдану ұзақтығы ауру ағымына тәуелді. Бастапқы билиарлық циррозды (ББЦ) емдеу үшін: Препараттың тәуліктік дозасы пациенттің дене салмағына тәуелді және 3-тен 7 капсулаға дейін өзгеріп тұрады (1 кг дене салмағына 14±2 мг урсодезоксихолий қышқылы). Емдеудің бастапқы 3 айында препаратты қабылдауды күні бойына бірнеше қабылдауға бөлу керек. Бауыр көрсеткіштері жақсарғаннан кейін препараттың тәуліктік дозасын кешкілік, бір рет қабылдауға болады. Дене салмағы (кг) 250 мг Урсофальк капсулалары Бастапқы үш айда Ары қарай Таңертең Түсте Кешке Кешкілік (күніне 1 рет) 47-62 1 1 1 3 63-78 1 1 2 4 79-93 1 2 2 5 94-109 2 2 2 6 100-ден жоғары 2 2 3 7 Капсулаларды шайнамай, азғантай су мөлшерімен ішіп қабылдау керек. 250 мг Урсофальк капсулаларын жүйелі түрде қабылдау керек. 250 мг Урсофальк капсулаларын бастапқы билиарлық циррозды емдеу үшін қолдану шектеусіз уақыттар бойы жалғасуы мүмкін. Бастапқы билиарлық циррозы бар пациенттерде сирек жағдайларда клиникалық симптомдары емдеудің басында нашарлауы, мысалы, қышу жиілеуі мүмкін. Бұл жағдайда емдеуді Урсофальк препаратының бір капсуласын күнделікті қабылдай отырып жалғастыру, ары қарай дозасын біртіндеп (тәуліктік дозасын апта сайын бір капсулаға арттыра отырып) ұсынылған дозалау режиміне қайта жеткенге дейін, арттыру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.