+642 бонус

УРСОДЕКС 250 мг №100 капс

12840 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Урсодезоксихолевая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Химфарм АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір капсуланың құрамында белсенді зат - 250.00 мг урсодеоксихол қышқылы (урсодезоксихол) қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий лаурилсульфаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, тальк; желатинді капсуланың құрамы: желатин, натрий лаурилсульфаты, макрогол 6000, мұзды сірке қышқылы, титанның қостотығы (Е 171).
Қолданылуы
өт қабы қызмет атқарып тұрған жағдайда өт қабындағы диаметрі 15 мм аспайтын рентген-негативті холестеринді тастарды еріту үшін билиарлық рефлюкс-гастритті емдеу үшін 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларда муковисцидозбен байланысты гепато-билиарлық бұзылуларды емдеу үшін Кешенді емнің құрамында: декомпенсация белгілері жоқ кезде бауырдың бастапқы билиарлық циррозын (ББЦ) емдеу үшін
Қарсы көрсетілімдер
өт қабының немесе өт жүретін түтіктің жедел қабыну аурулары, өт қабының эмпиемасы өт жүретін түтіктің бітелуі (жалпы өт жүретін түтіктің немесе қуық түтігінің) бауыр шаншуының жиі көріністері рентгеноң (құрамында кальций мөлшері жоғары) өт тастары өт қалтасы жиырылғыштығының бұзылулары препараттың компоненттеріне немесе өт қышқылдарына аса жоғары сезімталдық 6 жасқа дейінгі балаларға өт шығару жолдарының атрезиясы бар балаларда: сәтсіз порто-энтеростомия немесе өттің ағып шығуының бұзылуы
Дозасы
Дозалану режимі Түрлі қолданылу көрсетілімдері үшін келесі күнделікті дозалау режимдері ұсынылады: Бастапқы билиарлық циррозды емдеу үшін Препараттың тәуліктік дозасы науқастың дене салмағына тәуелді, және 3-тен 7 капсулаға (1 кг дене салмағына 14±2 мг урсодезоксихол қышқылы) дейін ауытқып отырады. Емдеудің алғашқы 3 айында препаратты қабылдауды күні бойына бөлген дұрыс. Бауыр көрсеткіштері жақсарғаннан кейін препараттың тәуліктік дозасын бір рет, кешкілік қабылдауға болады. Дене салмағы (кг) Урсодекс®, 250 мг капсулалар Алғашқы үш айда Әрі қарай күнде кешкілік (күніне 1рет) Таңертең Түсте Кеште 47-62 1 1 1 3 63-78 1 1 2 4 79-93 1 2 2 5 94-109 2 2 2 6 100-ден жоғары 2 2 3 7 Капсулаларды шайнамай, аздаған мөлшердегі сумен ішіп қабылдау керек. Капсулаларды жүйелі түрде 250 мг-ден қабылдау керек. Бастапқы билиарлық циррозды емдеу үшін Урсодекс® капсулаларын 250 мг дозада шектеусіз уақыт мерзімі бойына қолдануды жалғастыра беруге болады. Бастапқы билиарлық циррозы бар пациенттерде сирек жағдайларда, емнің басында клиникалық симптомдары нашарлай түсуі мүмкін, мысалы, қышыну жиілеуі мүмкін. Ондай жағдайда емделуді, Урсодексті® күнделікті бір капсуладан қабылдай отырып жалғастыру, одан әрі дозасын біртіндеп (тәуліктік дозасын апта сайын бір капсулаға арттыра отырып), ұсынылған дозалау режиміне қайта жеткенше арттыру керек. Өттегі холестеринді тастарды еріту үшін Дене салмағына күнделікті 10 мг/кг тәуліктік дозасында, ол келесілерге сәйкес келеді: Дене салмағы 60 кг дейінгі пациенттерде Урсодекс® 2 капсуласына Дене салмағы 80 кг дейінгі пациенттерде Урсодекс® 3 капсуласына Дене салмағы 100 кг дейінгі пациенттерде Урсодекс® 4 капсуласына Дене салмағы 100 кг асатын пациенттерде Урсодекс® 5 капсуласына Капсулаларды күніне бір рет, ұйықтар алдында, шайнамай және аздаған мөлшердегі сумен ішіп қабылдау ұсынылады. Өт тастарының еруі үшін қажетті уақыт тастың өлшемі мен құрамына байланысты 6 айдан 24 айға дейін ауытқып отыруы мүмкін. Әр 6 ай сайын емнің тиімділігін ультрадыбыстық немесе рентгенологиялық зерттеудің көмегімен бақылап отыру керек. Келесі тексеріс кезінде тастардың кальцинозы туындаған-туындамағандығын тексеру керек. Егер ол жүзеге асса, емдеу тоқтатылуы тиіс. Егер 12 ай өткен соң тастардың көлемі кішіреймесе, емдеуді жалғастырмаған дұрыс. Билиарлық рефлюкс-гастритті емдеу үшін Күнделікті 250 мг-ден (1 капсуладан) тағайындайды, шайнамайды және кешкілік, ұйықтар алдында аздаған мөлшердегі сумен ішеді. Емдеу курсы 10-14 күнді құрайды. Жалпы алғанда, қолдану ұзақтығы аурудың ағымына тәуелді. Пациенттердің ерекше топтары 6-18 жас шамасындағы балалар Муковисцидоз Дозасы: тәулігіне 20 мг/кг/, қажет болса, әрі қарай тәулігіне 30 мг/кг дейін арттырылады Дене салмағы (кг) Тәуліктік дозасы (мг/кг) Урсодекс ®250 мг қатты капсулалары Таңертең Түсте Кешке 20 – 29 17-25 1 -- 1 30 – 39 19-25 1 1 1 40 – 49 20-25 1 1 2 50 – 59 21-25 1 2 2 60 – 69 22-25 2 2 2 70 – 79 22-25 2 2 3 80 – 89 22-25 2 3 3 90 – 99 23-25 3 3 3 100 – 109 23-25 3 3 4 >110 3 4 4 Енгізу әдісі және жолы Ішке Урсодекс® препаратын қолданар алдында өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.