+422 бонус

УРСОЦИД 250 мг №60 капс

9:00-ден кейін қолжетімді
8450 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Урсодезоксихолевая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: НобелАФФ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында: белсенді зат: 250 мг урсодезоксихол қышқылы қосымша заттар: желатинделген крахмал, микрокристалды целлюлоза РН 101, кремнийдің коллоидты қостотығы (Аэросил 200), магний стеараты капсула қабығының құрамы: карамель (Е150), желатин, темірдің қызыл тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171).
Қолданылуы
- алғашқы билиарлық бауыр циррозында декомпенсация белгілері болмағанда - өт қалтасында холестерин тастарын еріту үшін. Холестерин тастары рентгенограммада күңгірттеніп көрінбеуі тиіс және диаметрі 15 мм-ден аспауы тиіс. Тастардың бар болғанына қарамастан, өт қалтасының функциясы бұзылмауы тиіс. - 6-дан 18 жасқа дейінгі балаларда муковисцидозбен байланысты гепатобилиарлық бұзылулар
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - өт қалтасының немесе өт жолдарының жедел қабыну аурулары, өт қалтасының эмпиемасы - өт жолдарының (жалпы өт жолдарының немесе өт қалтасы жолдарының) бітелісі - бауырдың жиі шаншу көріністері - рентгеноң (кальций мөлшері жоғары) өт тастары - өт қалтасы жиырылуының бұзылулары - өт шығару жолдарының атрезиясы бар балалар: сәтсіз порто-энтеростомия, өттің қалыпты ағыны қалпына келмеген - 6 жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Холестериндік өт тастарының еруі: Күн сайын дене салмағына шаққанда тәуліктік 10 мг/кг доза, ол мыналарға сәйкес келеді: Дене салмағы 60 кг-ге дейінгі пациенттерде 2 капсула УРСОЦИД® Дене салмағы 80 кг-ге дейінгі пациенттерде 3 капсула УРСОЦИД® Дене салмағы 100 кг-ге дейінгі пациенттерде 4 капсула УРСОЦИД® Дене салмағы 100 кг-ден жоғары пациенттерде 5 капсула УРСОЦИД®. Капсулаларды ұйқыға жатар алдында күніне 1 рет қабылдау қажет. Препаратты қолданған кезде өт тастарының еру үдерісінің ұзақтығы 6 айдан 2 жылға дейінді құрайды. Егер қолдануды бастағаннан кейін 12 айдан соң өт тастарының азаюы байқалмаса, онда емдеуді жалғастырған орынды. Емдеу тиімділігін бақылау ультрадыбыстық зерттеу әдісімен немесе әрбір 6 ай сайын рентгендік зерттеу жәрдемімен жүзеге асырылады. Кейінгі тексерулерде тастардың кальцинозы туындаған-туындамағанын тексеру керек. Егер бұл орын алған жағдайда, емдеу тоқтатылуы тиіс. Билиарлық рефлюкс-гастрит: Ұйқыға жатар алдында кешке 1 капсуладан. Емдеу курсы 10-14 күнді құрайды. Жалпы алғанда, қолдану ұзақтығы аурудың барысына байланысты. Алғашқы билиарлық цирроз: Препараттың тәуліктік дозасы науқастың дене салмағына байланысты және 3-тен 7 капсулаға дейін құбылады (1 кг дене салмағына шаққанда 14±2 мг урсодезоксихол қышқылы ). Емдеудің алғашқы 3 айы ішінде УРСОЦИД® препаратын күні бойы бөліп қабылдау керек. Бауыр көрсеткіші жақсарғаннан кейін препараттың тәуліктік дозасын ұйқыға жатар алдында бір рет қабылдауға болады. Дене салмағы (кг) УРСОЦИД®, 250 мг капсулалары Алғашқы үш ай Әрі қарай (күніне 1 рет) Таңертең Түсте Кешке 47-62 1 1 1 3 63-78 1 1 2 4 79-93 1 2 2 5 94-109 2 2 2 6 100-ден жоғары 2 2 3 7 Капсулаларды қолдану ұзақ кезең бойы жалғасуы мүмкін. Алғашқы билиарлық циррозы бар пациенттерде сирек жағдайларда клиникалық симптомдар емнің бас кезінде нашарлауы мүмкін, мысалы, жиі қышыну болуы мүмкін. Мұндай жағдайда емдеуді, күн сайын бір капсуладан қабылдай отырып, жалғастыру керек, әрі қарай дозаны ұсынылған дозалау режиміне қайта жеткізгенге дейін (апта сайын тәуліктік дозаны бір капсулаға арттыра отырып) біртіндеп арттыру қажет. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Тәуліктік доза дене салмағына байланысты және тәулігіне 20 мг/кг құрайды, әрі қарай қажет болғанда тәулігіне 30 мг/кг дейін арттырады. Дене салмағы (кг) Тәуліктік доза (мг/кг) УРСОЦИД, 250 мг капсулалар Таңертең Күндіз Кешке 20 – 29 17-25 1 -- 1 30 – 39 19-25 1 1 1 40 – 49 20-25 1 1 2 50 – 59 21-25 1 2 2 60 – 69 22-25 2 2 2 70 – 79 22-25 2 2 3 80 – 89 22-25 2 3 3 90 – 99 23-25 3 3 3 100 – 109 23-25 3 3 4 >110 3 4 4 Егде жастағы пациенттер. Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажеттілігі туралы деректер жоқ. Алайда УРСОЦИД® препаратын осы топтың пациенттеріне қолданғанда сақтық таныту керек. Енгізу әдісі және жолы УРСОЦИД® ішке, шайнамай және судың аздаған мөлшерімен ішіп қабылданады. Ұдайы қолдану керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.