+217 бонус

УРОЛЕСАН №40 капс

4350 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Препараты для лечения нефроуролитиаза
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Киевмедпрепарат
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді заттар: жабайы сәбіз жемістерінің (Daucus carota)/ құлмақ бүршігінің (Lupuli flos)/ жұпаргүл шөбінің (Origani herba) (1/1,4/1)Уролесан қою экстрактісі (10-26:1), экстрагент - 96 % этанол (к./к.), 10 % ылғалға шаққанда - 10.70мг; бұрыш жалбызы майы (Aetheroleum menthae piperitae) - 7.46 мг; сібір самырсын майы (Abietis sibiricae aetheroleum) - 25.50 мг. қосымша заттар: магний алюмометасиликаты, майсана майы, ауыр магний карбонаты, тальк, лактоза моногидраты, динатрий эдетаты (трилон Б), картоп крахмалы. Желатинді капсуланың құрамы: капсула корпусы - патенттелген көк V (Е 131), хинолинді сары (Е 104), титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), желатин; капсула қақпағы- патенттелген көк V (Е 131), хинолинді сары (Е 104), титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), желатин.
Қолданылуы
- жедел және созылмалы бүйрек және несеп шығару жолдарының инфекцияларында (циститтер мен пиелонефриттер); - несептас ауруында және несеп қышқыл диатезінде (оларды жойғаннан кейінгі конкременттер түзілуінің профилактикасы); - созылмалы холециститтер (соның ішінде калькулезді), өт жолдарының дискинезиясы, өт-тас ауруларында.
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық; - гастрит( секреторлық жеткіліксіздігі бар гастриттен басқа), асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы;
Дозасы
Препаратты тамақтанар алдында ішке қабылдау керек. Ересектер үшін ұсынылатын доза 1 капсуладан тәулігіне 3 рет. Жедел жағдайларда (оның ішінде бүйрек және бауыр шаншуы кезінде) емдеу курсының ұзақтығы 5-тен 7 күнге дейін, созылмалы жағдайларда –7 күннен 1 айға дейін. Бүйрек және бауыр шаншуы пайда болған кезде бір реттік дозаны бір рет 2 капсулаға дейін арттыруға болады, содан кейін келесі қабылдауда әдеттегі бір реттік дозаға (1 капсула) оралған жөн. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.