+1785 бонус

УРОЦИТ-К 1080 мг №100 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
35700 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Соединенные Штаты Америки
  • Өндіруші: Mission Pharmacal
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 1080.0 мг калий цитраты. қосымша заттар: карнауб балауызы, магний стеараты.
Қолданылуы
- несеп-тас аурулары профилактикасында - несеп шығару жолдарындағы урат тастарын ерітуге, подаграда, несеп қышқылды диатезде, уратты нефропатияда - уратты-оксалатты аралас тастарды ерітуге - қайтадан тас түзілудің профилактикасы үшін (оперативті араласудан соң: дистанциялық литотрипсия (ДЛТ), жанаспалы-лазерлік литотрипсия, литотомия) - ДЛТ операциясы алдындағы дайындық ретінде - химия- және радиотерапиядан кейін
Қарсы көрсетілімдер
- гиперкалиемия - калий сақтайтын диуретиктер қабылдайтын пациенттер - несеп шығару жолдарының жедел инфекциясы - бүйрек функциясының бұзылулары (шумақтық сүзіліс жылдамдығы 0,7 мл/кг/мин аз) - несептің сілтілік реакцияларындағы фосфатурия - асқазан ойық жарасы - асқазан-ішек жолдары өткізуінің бұзылулары бар пациенттер - қалпына келмейтін сатыдағы қант диабеті - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Уроцит®-К-мен емдеудің мақсаты – несептегі цитрат құрамын қалпына келтіру және несеп рН 6.0-7.0 дейін жоғарылату. Басқа тағайындаулар болмаса, емдеу апта бойына тамақ уақытында немесе тамақтан соң, тәулігіне 12 сағат аралықпен 2 таблеткадан басталады. Содан соң тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан қолдануға көшуге болады. Емнің ұзақтығын дәрігер жеке анықтайды. Таблетканы шайнауға болмайды, оны түгел жұту керек. Уроцит®-К препаратымен емделгенде тұзсыз ем-дәм сақталуы тиіс, суды молынан ішу ұсынылады. Бастапқы дозаның талапқа сайлығын бекіту және жасалған доза коррекциялаудың тиімділігін анықтау үшін әрбір 24 сағат сайын несептің рН деңгейін немесе несептегі цитрат құрамын анықтау қажет. Бұл көрсеткіштер соңынан әрбір 4 ай сайын анықталып отыруы тиіс. Қан плазмасындағы электролиттер деңгейі (натрий, калий, хлорид, көмір қышқылдар), креатинині, сондай-ақ қан сипатына толық бақылау жасау қажет. Гиперкалиемия дамыған, гематокриттің немесе гемоглобин деңгейінің күрт төмендеуі жағдайында ем тоқтатылуы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.