+196 бонус

УРФОЦИН 3 г №1 пак

9:00-ден кейін қолжетімді
3930 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Фосфомицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Drogsan Ilaclari San. ve Tic. A. S.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір сашеттің ішінде белсенді зат - фосфомицин трометамолы 5631.0 мг (3000.0 мг фосфомицинге баламалы) қосымша заттар: сахароза, апельсин хош иістендіргіші, мандарин хош иістендіргіші, сахарин, этанол.
Қолданылуы
- әйелдер мен жасөспірім қыздарда жедел асқынбаған циститті емдеуде (>12 жас) - ерлердегі простатаның трансректальді биопсиясы кезінде бактерияға қарсы профилактикада.
Қарсы көрсетілімдер
- фосфомицинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10 мл/мин кем), гемодиализ - тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, глюкозаның, галактозаның сіңірілуінің бұзылуы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі.
Дозасы
Ересек әйелдер мен 12 жастан асқан жасөспірім қыздарға Жедел асқынбаған циститте -3 г (1 сашет), бір реттік доза түрінде. Ересек ерлерге Простатаның трансректальді биопсиясы кезінде бактерияға қарсы профилактика үшін - емшараға дейін 3 г (1 сашет) және емшарадан 24 сағат өткен соң 3 г (1 сашет). Пациенттердің ерекше топтары 12 жасқа дейінгі балалар 12 жасқа дейінгі балаларда қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Егде жастағы пациенттер мен бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрімен ауыратын пациенттерге (креатинин клиренсі 10 мл/мин аз болғанда) препаратты тағайындау ұсынылмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Сашет пакеттің ішіндегісін бір стақан суда ерітіп, толық ерігеннен кейін бірден ішу керек. Әйелдер мен жасөспірім қыздарда жедел асқынбаған цистит кезінде Урфоцинді ашқарынға (тамақ ішкенге дейін шамамен 2-3 сағат бұрын немесе 2-3 сағаттан кейін), ұйықтар алдында және қуықты босатқаннан кейін қабылдаған абзал. Ерлердегі простатаның трансректальді биопсиясы кезінде бактерияға қарсы профилактика үшін - емшараға дейін 3 сағат бұрын 3 г фосфомицин және емшарадан 24 сағат өткен соң 3 г қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.