+169 бонус

УПСАРИН УПСА с витамином С №20 шип. таб

3385 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацетилсалициловая кислота в комбинации с другими препаратами, кроме психолептиков
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: УПСА САС
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: ацетилсалицил қышқылы 330 мг, аскорбин қышқылы 200 мг, қосымша заттар: лимонның сусыз қышқылы, натрий бензоаты, натрий гидрокарбонаты, повидон.
Қолданылуы
Ересектердегі шығу тегі әртүрлі орташа немесе әлсіз білінетін ауыру синдромы (бас ауыруы, тіс ауыруы, бас сақинасы, невралгия, кеуде түбіршектік синдром, бұлшықеттің және буынның ауырулары, етеккір кезіндегі ауыру және басқалары). Суық тиген және басқа инфекциялық-қабыну ауруларында дене температурасының көтерілуінде (ересектерде және 15 жастан асқан балаларда).
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - ацетилсалицил қышқылын немесе тектес дәрілерді, атап айтқанда ҚҚСП қабылдау арқылы туындаған анамнезінде демікпенің болуы; - 6 айдан бастап жүктілік кезеңі (аменореяның 24 аптасынан кейін); - анамнезінде асқазан-ішектен қан кету; - бала емізу кезеңі; - белсенді фазадағы асқазанның ойық жарасы; - барлық туа біткен немесе жүре пайда болған геморрагиялық аурулар; - қан кету қаупі; - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі; - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі; - жүректің ауыр жеткіліксіздігі; - күніне 1 г артық дозаларға арналған бүйрек тас ауруы (несеп шығару жолдарының оксалатты-кальций тастары); - ацетилсалицил қышқылының метотрексатпен аптасына 20 мг астам дозада және қабынуға қарсы әсері бар (≥1 г дозаға және/немесе тәулігіне ≥3 г), анальгетикалық немесе қызуды түсіретін әсері бар (≥500 мг дозаға және/немесе тәулігіне <3 г) дозаларда біріктірілуінде; - ацетилсалицил қышқылының қабынуға қарсы әсері (≥1 г дозаға және/немесе тәулігіне ≥3/ г), анальгетикалық немесе қызуды түсіретін әсері (≥500 мг дозаға және/немесе тәулігіне <3 г) және анамнезінде асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралары бар пациенттер үшін пероральді антикоагулянттармен біріктірілімдерінде; - 15 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Ересектер мен салмағы 50 кг-ден жоғары балаларға (шамамен 15 жастан бастап) ұсынылатын ең жоғары тәуліктік доза тәулігіне 3 г ацетилсалицил қышқылын немесе 9 көпіршитін таблетканы құрайды. Бір реттік доза 330 мг-ден 2 көпіршитін таблетканы құрайды, оларды қабылдауды қажет болған жағдайда 4 сағаттан ерте емес, бірақ тәулігіне 9 көпіршитін таблеткадан артық емес қайталауға болады. Егде жастағы пациенттер Ұсынылатын ең жоғары тәуліктік доза 2 г ацетилсалицил қышқылын немесе 6 көпіршитін таблетканы құрайды. Әдеттегі бір реттік доза 330 мг 1 көпіршитін таблетканы құрайды, ол қажет болған жағдайда кемінде 4 сағаттан кейін қайта қабылданады. Аса қарқынды ауыру синдромы немесе температураның жоғарылауы жағдайында 330 мг 2 көпіршитін таблетканы қажет болған жағдайда кемінде 4 сағаттан кейін, бірақ тәулігіне 6 көпіршитін таблеткадан асырмай қайта қабылдайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблетканы көп мөлшердегі суда толық еріту және дереу ішу керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы шектеулі: - ауырсыну синдромдары кезінде 5 күнге дейін; - жоғары температура жағдайында 3 күнге дейін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.