+70 бонус

УПСАРИН УПСА 500 мг №16 таб шип

1400 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацетилсалициловая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: УПСА САС
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – ацетилсалицил қышқылы - 500 мг, қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, сусыз лимон қышқылы, сусыз натрий цитраты, сусыз натрий карбонаты, аспартам E 951, повидон (К30), кросповидон, апельсин хош иістендіргіші*. * алфа-пинен, бета-пинен, мирцен, лимонен, октаналь, деканаль, линалол, алфа-терпинеол, мальтодекстрин, акация, күкірт қостотығы, бутилденген гидроксианизол.
Қолданылуы
қарқындылығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі ауыруды және/немесе қызба жағдайларын cимптоматикалық емдеуде; созылмалы ревматизмдік артрит, балаларда жедел буын ревматизмінде; ересектерде қабыну ревматизмін симптоматикалық емдеуде.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық, 6 айдан бастап жүктілік кезеңі (аменореяның 24 аптасынан кейін), анамнезінде қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен алдыңғы емдеу кезінде пайда болған асқазан-ішек қан кетуінің немесе тесілуінің болуы, анамнезінде үдемелі пептидтік ойық жара, пептидтік немесе қайталанатын қан кететін ойық жара (қан кетудің немесе ойық жараның екі немесе одан да көп жағдайы), салицилаттарды немесе ұқсас әсері бар заттарды, атап айтқанда, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдау арқылы туындаған анамнезінде демікпенің болуы, кез келген конституциялық немесе жүре пайда болған геморрагиялық ауру, геморрагия қаупі, бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, бүйректің ауыр жеткіліксіздігі, жүректің ауыр жеткіліксіздігі, аптасына 20 мг асатын дозалардағы метотрексаттың және қабынуға қарсы әсері (≥1 г бір доза және/немесе күніне ≥3 г), анальгетикалық немесе қызбаға қарсы әсері (≥500 мг бір доза және/немесе күніне ≥3 г) бар дозадағы ацетилсалицил қышқылының біріктірілімі, қабынуға қарсы әсері (≥1 г бір доза немесе күніне ≥3 г), анальгетикалық немесе қызуды түсіретін әсері (≥500 мг бір доза және/немесе күніне ≥3 г) бар дозадағы пероральді антикоагулянттар мен ацетилсалицил қышқылының біріктірілімі, сондай-ақ пациенттің анамнезінде пептидтік ойық жараның болуы.
Дозасы
Жеңілден орташа қарқындылыққа дейінгі ауырсыну және/немесе қызба жағдайы Ересектер мен дене салмағы 50 кг-ден асатын балалар үшін (шамамен 15 жастан бастап). Ұсынылатын ең жоғары тәуліктік доза 3 г ацетилсалицил қышқылы, яғни күніне 6 көпіршитін таблетка. Ұсынылатын тәуліктік доза - қажет болған жағдайда кемінде 4 сағаттан кейін қайта қабылдаумен 500 мг 1 көпіршитін таблетка. Аса қарқынды ауырсыну немесе қызба болған жағдайда, 500 мг 2 көпіршитін таблетка, оны қажет болған жағдайда кем дегенде 4 сағаттан кейін қайталауға болады, бірақ күніне 6 көпіршитін таблеткадан аспайды. Ревматизмдік аурулар Ересектер мен дене салмағы 50 кг-ден асатын балалар үшін ең жоғары тәуліктік доза кемінде 4 сағат қабылдау арасындағы аралықпен 3-4 қабылдауға бөлінген 3-тен 6 г-ге дейін құрайды. Егде жастағы пациенттер үшін дозаны азайту керек. Егде жастағы пациенттер Ұсынылатын ең жоғары тәуліктік доза 2 г ацетилсалицил қышқылы, яғни күніне 4 көпіршитін таблетка. Ұсынылатын тәуліктік доза - қажет болған жағдайда кемінде 4 сағаттан кейін қайта қабылдаумен 500 мг 1 көпіршитін таблетка. Аса қарқынды ауырсыну немесе қызба болған жағдайда, 500 мг 2 көпіршитін таблетка қабылдау керек, оны қажет болған жағдайда кем дегенде 4 сағаттан кейін қайталауға болады, бірақ күніне 4 көпіршитін таблеткадан аспайды. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді қолдану үшін. Үлкен стакан суда көпіршитін таблетка толығымен ерігеннен кейін бірден ішу керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Ауырсыну және қызба Тұрақты қабылдау ауырсыну немесе қызба қарқындылығының ауытқуын болдырмайды. Ересектер мен 15 жастан асқан балалар үшін, қабылдаулар арасындағы ең аз аралықпен - 4 сағат. Ревматизмдік аурулар Қабылдаулар арасындағы аралық кемінде 4 сағатты құрауы тиіс. Емдеу ұзақтығы Ауырсыну және қызба Егер ауырсыну 5 күннен артық сақталса, қызба 3 күннен артық болса және жағдайы нашарласа, дәрігермен кеңесусіз ацетилсалицил қышқылымен емдеуді жалғастырмаңыз. Ревматизмдік аурулар Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.