+159 бонус

УЛСЕПАН 40 мг №14 таб

3180 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пантопразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 40 мг пантопразол (45.10 мг натрий пантопразолы сесквигидраты түрінде), қосымша заттар: кальций карбонаты, маннит, коповидон (коллидон VA 64), сахароза стеараты, кросповидон, кальций стеараты, үлбірлі қабықтың құрамы: ақ Опадри® YS-1-7027 (гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), триацетин, тазартылған су**), ішекте еритін қабықтың құрамы: сары Acryl-Eze® 93O92157 (метакрил қышқылы сополимер С типі, тальк, титанның қостотығы (Е 171), триэтилцитрат, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий гидрокарбонаты, темірдің (III) сары тотығы (Е 172), натрий лаурилсульфаты, тазартылған су**). **- дайын өнімде жоқ
Қолданылуы
Ересектер мен 12 жас шамасындағы және одан үлкен жасөспірімдер гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы Ересектер H. pylori инфекциясымен байланысты ойық жарасы бар пациенттерде Helicobacter pylori (H. pylori) эрадикациясы үшін бактерияға қарсы тиісінше екі дәрімен біріктірілімде асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруы Золлингер-Эллисон синдромы және тұз қышқылының гиперсекрециясымен сипатталатын басқа да патологиялық жағдайлар
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық атазанавирмен бірге қолдану 12 жасқа дейінгі балалар жүктілік және бала емізу кезеңі
Дозасы
Ересектер мен 12 жас шамасындағы және одан үлкен жасөспірімдер Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы Ұсынылған доза: тәулігіне 1 рет 1 таблетка (40 мг пантопразол). Кейбір жағдайларда, әсіресе басқа дәрілік заттармен емдеуге жауап жоқ болғанда доза (тәулігіне 2 таблетка) еселенуі мүмкін. Эзофагит кезінде зақымдану ошақтарының жазылуы үшін емдеу ұақтығы, әдетте, 4 аптаны құрайды. Кей жағдайларда зақымдану ошақтарының тиісінше жазылуына қол жеткізу үшін емдеуді, әдетте, тағы 4 апта бойы жалғастыру қажет. Ересектер H. pylori эрадикациясы үшін бактерияға қарсы тиісінше екі дәрімен біріктірілімде Асқазан мен он екі елі ішектің H. pylori инфекциясымен байланысты ойық жара ауруы бар пациенттерде, микроорганизмнің эрадикациясы үшін біріктірілген емді пайдалану керек. Бұл ретте антибиотиктерді тиісінше тағайындау және қолдану бойынша тиісті клиникалық ұсынымдарды (мысалы, ұлттық ұсынымдарды) сақтау, сондай-ақ H. pylori резистенттілігін ескеру қажет. Микроорганизмнің сезімталдығына байланысты келесі біріктірілімдерді пайдалану ұсынылады: а) тәулігіне 2 рет Улсепан препаратын бір таблеткасы тәулігіне 2 рет + 1000 мг амоксициллин тәулігіне 2 рет + 500 мг кларитромицин; б) тәулігіне 2 рет Улсепан препаратын бір таблеткасы тәулігіне 2 рет + 400-500 мг метронидазол (немесе 500 мг тинидазол) тәулігіне 2 рет + 250-500 мг кларитромицин; в) тәулігіне 2 рет Улсепан препаратын бір таблеткасы тәулігіне 2 рет + 1000 мг амоксициллин тәулігіне 2 рет + 400-500 мг метронидазол (немесе 500 мг тинидазол). H. pylori эрадикациясы үшін Улсепан препаратының екінші таблеткасын кешкілік, тамаққа дейін 1 сағат бұрын қабылдау керек. Біріктірілген емнің ұзақтығы, әдетте, 7 күнді құрайды, емдеуді тағы 7 күн бойы жалғастыруға болады, емнің ең көп ұзақтығы 2 аптадан аспауы тиіс. Егер, жараны жазуды қамтамасыз ету мақсатында пантопразолды одан әрі қолдану көрсетілсе, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруларын емдеу үшін дәрілік затты дозалаудың тиісті режимін пайдалану ұсынылады. Егер біріктірілген ем көрсетілмесе (мысалы, H. pylori тестінің нәтижелері теріс пациенттерде), Улсепан препаратын монотерапия ретінде келесі емдеу сызбаларына сәйкес қолдану керек: Асқазанның ойық жара ауруын емдеу Тәулігіне 1 таблетка Улсепан препаратын. Жекелеген жағдайларда, әсіресе басқа дәрілік заттармен емдеуге жауап болмағанда, дозаны екі еселеуге (тәулігіне 2 таблетка) болады. Асқазанның ойық жарасының жазылуы үшін емдеу ұзақтығы, әдетте, 4 аптаны құрайды. Кей жағдайларда, ойық жараның тиісінше жазылуына қол жеткізу үшін емдеуді, әдетте, тағы 4 апта бойы жалғастыру қажет. Он екі елі ішектің ойық жара ауруын емдеу Тәулігіне 1 таблетка Улсепан препаратын. Жекелеген жағдайларда, әсіресе басқа дәрілік заттармен емдеуге жауап болмағанда, дозаны екі еселеуге (тәулігіне 2 таблетка) болады. Он екі елі ішектің ойық жарасының жазылуы үшін емдеу ұзақтығы, әдетте, 2 аптаны құрайды. Егер аталған мерзім өткеннен кейін ойық жараның тиісінше жазылғаны білінбесе, көпшілік жағдайларда емдеуді тағы 2 апта бойы жалғастыру қажет. Золлингер-Эллисон синдромын және тұз қышқылының гиперсекрециясымен сипатталатын басқа да патологиялық жағдайларды емдеу Золлингер-Эллисон синдромын және тұз қышқылының гиперсекрециясымен сипатталатын патологиялық жағдайларды ұзақ емдеу үшін ұсынылатын бастапқы тәуліктік доза 80 мг пантопразол (Улсепан препаратын 2 таблеткасы) құрайды, кейіннен ол тұз қышқылы секрециясының деңгейіне байланысты жекелей түзетілуі мүмкін. Егер пантопразолдың тәуліктік дозасы 80 мг асып кетсе, оны екі қабылдауға бөлу керек. Қажет болған жағдайда, дәрілік заттың дозасын тәулігіне 160 мг дейін арттыруға болады, алайда, пантопразолды ондай дозаларда қолданудың ұзақтығы қышқыл секрециясының тиісінше бақылануына қол жеткізу үшін қажетті кезеңмен шектелуі тиіс. Золлингер-Эллисон синдромы және тұз қышқылының гиперсекрециясымен сипатталатын басқа да патологиялық жағдайлар кезінде емдеу ұзақтығы шектелмейді және клиникалық жағдайға байланысты. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде пантопразолдың тәуліктік дозасы 20 мг аспауы тиіс (дәрілік препаратты тиісінше дозада және көрсетілген дозалау режимін сақтауға мүмкіндік беретін дәрілік түрінде пайдалану керек). Бауыр функциясының айқындығы орташа немесе ауыр бұзылулары бар пациенттерде Улсепан препаратын H. pylori эрадикациясына арналған біріктірілген емнің құрамында қолданбау керек (препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректер шектеулі). Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функцииясының бұзылулары бар пациенттерде дозасын түзету қажет емес. Бүйрек функцииясының бұзылулары бар пациенттерде Улсепан препаратын H. pylori эрадикациясына арналған біріктірілген емнің құрамында пайдаланбау керек (препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректер шектеулі). Егде жастағы пациенттер Егде пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Балалар Улсепан препаратын 12 жасқа дейінгі балаларда пайдалану ұсынылмайды, өйткені пантопразолды қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі пациенттердің осы санатында жеткілікті зерттелмеген. Енгізу әдісі және жолы Препарат ішке қабылдауға арналған. Таблетканы тамаққа дейін 1 сағат бұрын шайнамай және үгітпей, судың аз мөлшерімен толық жұтып ішкен жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.