+160 бонус

УЛСЕПАН 40 мг №1 фл в/в

3210 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пантопразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір құтының ішінде белсенді зат – 45.11 мг натрий пантопразолының сесквигидраты (40 мг пантопразолға баламалы), қосымша заттар: 0.1 М натрий гидроксиді ерітіндісі, инъекцияға арналған су**. ** - дайын өнімде жоқ
Қолданылуы
гастроэзофагеальді рефлюкс ауруында асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруында Золлингер-Эллисон синдромында және тұз қышқылының гиперсекрециясымен сипатталатын, басқа патологиялық жағдайларда
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық пантопразолды атазанавирмен бірге қолдану балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер жүктілік және бала емізу кезеңі
Дозасы
Ересектер Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы Вена ішіне енгізуге арналған пантопразолдың ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 40 мг (1 құты) құрайды. Золлингер-Эллисон синдромы және тұз қышқылының гиперсекрециясымен сипатталатын, басқа патологиялық жағдайлар Золлингер-Эллисон синдромын және тұз қышқылының гиперсекрециясымен сипатталатын, басқа патологиялық жағдайларды ұзақ уақыт бойы емдеу үшін вена ішіне енгізуге арналған пантопразолдың бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 80 мг құрайды, сонан соң ол тұз қышқылының секреция деңгейіне байланысты жеке түзетілуі мүмкін. Егер пантопразолдың тәуліктік дозасы 80 мг-дан асса, оны екі қабылдауға бөлу керек. Қажет болса, дозаны тәулігіне 160 мг-ға дейін арттыруға болады, мұндай дозада дәрілік затты тұз қышқылының секрециясын тиісті бақылауға қол жеткізген мезетке дейін ғана пайдаланған жөн. Тұз қышқылының секрециясын жылдам төмендету қажет болған жағдайда, пантопразолды 1 сағат ішінде 80 мг вена ішіне екі рет енгізу ұсынылады (пациенттердің көпшілігінде тұз қышқылының өндірілуі ˂ 10 мЭкв/сағ дейін төмендеуі мүмкін). Пациенттердің ерекше топтары Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде пантопразолдың ең жоғары тәуліктік дозасы 20 мг (құтының 1/2) аспауы тиіс. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Балалар мен жасөспірімдер 18 жасқа дейінгі балаларда вена ішіне енгізу кезінде пантопразолды қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған. Сондықтан 18 жасқа дейінгі балаларда Улсепан препаратын қолдану ұсынылмайды. Енгізу әдісі және жолы Препарат бір рет қолдануға арналған. Бір құтының ішіндегісіне 10 мл инъекцияға арналған 0,9% (9 мг/мл) натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісін қосады. Дайындалған ерітіндіні (мөлдір түссіз немесе сары ерітінді) бірден пайдалануға болады немесе оны инъекцияға арналған 5% (55 мг/мл) глюкоза ерітіндісінде немесе 100 мл инъекцияға арналған 0,9% (9 мг/мл) натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісінде сұйылтуға болады; ерітіндіні сұйылту кезінде шыны немесе пластик контейнерлерді пайдаланған жөн. Улсепан препаратын жоғарыда атап көрсетілгеннен басқа еріткіштермен араластыруға болмайды. Дайындалғаннан кейін ерітіндіні 12 сағат ішінде пайдалану керек. Препаратты вена ішіне 2-15 минут ішінде енгізу керек. Микробиологиялық тазалықты сақтауды ескере отырып, дайындалған ерітіндіні дереу қолдану керек. Егер қолдануға дайын ерітінді бірден қолданылмаса, онда пайдаланушы сақтау ұзақтығы мен шарттары үшін жауап береді. Құтыдағы ерітіндінің қалдығы немесе сыртқы түрі өзгерген ерітінді (мысалы, бұлыңғырлану немесе тұнбаның түзілуі) жергілікті талаптарға сәйкес утилизациялануы керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.