+269 бонус

УЛКАРИЛ 800 мг №25 таб

5390 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацикловир
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО "Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - ацикловир 832.00 мг (800 мг ацикловирге баламалы), қосымша заттар: лактоза моногидраты, А типті натрий  крахмалы гликоляты (Эксплотаб), жүгері крахмалы, магний стеараты.
Қолданылуы
УЛКАРИЛ® дәрілік препараты, таблеткалар, 800 мг ересектер мен 6 жастан асқан балаларда қолдануға арналған - желшешек пен белдемелі герпесті емдеуде (жаңа туылған нәрестелердегі қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекцияларды және иммунтапшылығы бар балалардағы қарапайым герпес вирусынан туындаған ауыр инфекцияларды қоспағанда)
Қарсы көрсетілімдер
- ацикловирге немесе валацикловирге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық - тұқым қуалайтын лактозаға төзбеушілік немесе тұқым қуалайтын лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы - 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер Желшешек пен белдемелі герпесті емдеу Ацикловирдің ұсынылатын дозасы тәулігіне 5 рет 800 мг құрайды; препарат түнгі уақытты қоспағанда, әр 4 сағат сайын қабылданады. Емдеу курсы 7 күнді құрайды. Айқын иммунтапшылығы бар пациенттерді емдеу үшін (мысалы, сүйек кемігін трансплантациялаудан кейін) немесе ішектен сіңірілуі бұзылған жағдайда ацикловирді вена ішіне енгізуді қарастырған жөн. Емдеу инфекция басталғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек басталуы керек. Белдемелі герпесті емдеу бөртпе пайда болғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек басталған жағдайда тиімдірек болады. Иммунокомпетентті пациенттерде желшешекті емдеуді бөртпенің алғашқы элементтері пайда болған сәттен бастап 24 сағат ішінде бастау ұсынылады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Желшешекті емдеу 6 жастан асқан балаларда ацикловирдің ұсынылатын дозасы тәулігіне 4 рет 800 мг құрайды. Емдеу курсы 5 күнді құрайды. Иммундық статусы қалыпты балалардағы белдемелі герпесті емдеу Деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясы төмендеуі мүмкін. Бұл жағдайда дозаны түзету қажеттілігі туралы мәселені қарастыру керек. Ацикловирдің жоғары дозаларын қабылдайтын егде жастағы пациенттер жеткілікті мөлшерде сұйықтық қабылдауы керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы төмендеген пациенттерге ацикловирді тағайындау кезінде сақ болу ұсынылады. Пациенттер жеткілікті мөлшерде сұйықтық қабылдауы керек. Желшешек пен белдемелі герпесті емдеу кезінде ацикловирдің ұсынылатын дозалары: бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10 мл/мин кем) - 800 мг тәулігіне 2 рет әр 12 сағат сайын; бүйректің орташа бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10-25 мл/мин) - 800 мг тәулігіне 3 рет әр 8 сағат сайын. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.