+216 бонус

УЛКАРИЛ 400 мг №25 таб

4325 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацикловир
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО "Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 208.00 мг ацикловир (200 мг ацикловирге баламалы) немесе 416.00 мг ацикловир (400 мг ацикловирге баламалы) қосымша заттар: лактоза моногидраты, натрий крахмал гликоляты А типі (Эксплотаб), жүгері крахмалы, магний стеараты.
Қолданылуы
- қарапайым герпес вирусы туындатқан тері және шырышты қабықтың инфекцияларын емдеу, бастапқы және қайталанатын генитальді герпесті қоса (жаңа туған нәрестелердегі қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекцияларды және иммунтапшылығы бар балалардағы қарапайым герпес вирусынан туындаған ауыр инфекцияларды қоспағанда) - қалыпты иммундық статусқа ие және иммунтапшылығы бар пациенттерде қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялық аурулардың қайталану профилактикасында - желшешек пен белдемелі герпесті емдеуде
Қарсы көрсетілімдер
- ацикловирге немесе валацикловирге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық - тұқым қуалайтын лактозаға төзбеушілік немесе тұқым қуалайтын лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы - 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер Қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекцияларды емдеу Қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекцияларды емдеу үшін препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне 5 рет 200 мг құрайды, әр 4 сағат сайын, түнгі ұйқы кезеңі ерекшелік болып табылады. Әдеттегі емдеу курсы 5 күнді құрайды, бірақ ауыр бастапқы инфекцияларда ұзартылуы мүмкін. Айқын иммунтапшылығы жағдайында (мысалы, сүйек кемігін трансплантациялаудан кейін) немесе ішектен сіңірілу бұзылған жағдайда дозаны тәулігіне 5 рет 400 мг-ға дейін арттыруға немесе ацикловирді вена ішіне енгізу мүмкіндігін қарастыруға болады. Емдеуді инфекция пайда болғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек бастау керек; қайталану кезінде препаратты продромальді кезеңде немесе бөртпенің алғашқы элементтері пайда болған кезде тағайындау ұсынылады. Иммунитеті қалыпты пациенттерде қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялардың қайталану профилактикасы Иммунитеті қалыпты пациенттерде қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялардың қайталану профилактикасы үшін препараттың ұсынылатын дозасы тәулігіне 4 рет әр 6 сағат сайын 200 мг немесе емнің басқа схемасы бойынша — тәулігіне 2 рет әр 12 сағат сайын 400 мг құрайды. Кейбір жағдайларда ацикловирдің әр 8 сағат сайын тәулігіне 3 рет немесе әр 12 сағат сайын тәулігіне 2 рет 200 мг-ден анағұрлым төмен дозалары тиімді болады. Кейбір пациенттер 800 мг жалпы тәуліктік дозаны қабылдаған кезде серпілісті инфекцияны дамыта алады. Препаратпен емдеуді аурудың ағымында мүмкін болатын өзгерістерді анықтау үшін 6-12 айға мезгіл-мезгіл уақытша тоқтатып отыру керек. Иммунтапшылығы бар пациенттерде қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялардың профилактикасы Иммунитет тапшылығы бар пациенттерде қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялардың профилактикасы үшін ацикловирдің ұсынылатын дозасы тәулігіне 4 рет 6 сағат сайын 200 мг құрайды. Айқын иммунтапшылығы жағдайында (мысалы, сүйек кемігін трансплантациялаудан кейін) немесе ішектен сіңірілуі бұзылған жағдайда ацикловир дозасын 400 мг-ға дейін арттыруға болады. Профилактикалық емдеу курсының ұзақтығы инфекцияның ықтимал қаупі кезеңінің ұзақтығына байланысты. Желшешек пен белдемелі герпесті емдеу Желшешек пен белдемелі герпесті емдеу үшін ацикловирдің ұсынылатын дозасы тәулігіне 5 рет 800 мг құрайды; препарат әр 4 сағат сайын қабылданады, түнгі ұйқы кезеңі ерекшелік болып табылады. Емдеу курсы - 7 күн. Айқын иммунтапшылығы бар пациенттерді емдеу үшін (мысалы, сүйек кемігін трансплантациялаудан кейін) немесе ішектен сіңірілуі бұзылған жағдайда ацикловирді вена ішіне енгізуді қарастырған жөн. Емдеу инфекция басталғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек басталуы керек. Белдемелі теміреткіні емдеу бөртпе пайда болғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек басталған жағдайда тиімдірек болады. Иммунокомпетентті пациенттерде желшешекті емдеуді бөртпенің алғашқы элементтері пайда болған сәттен бастап 24 сағат ішінде бастау ұсынылады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Иммунтапшылығы бар балаларда қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекцияларды емдеу және қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялардың профилактикасы 6 жастан асқан балаларға ересектерге арналған дозалар тағайындалады. Герпес вирусынан туындаған неонатальді инфекцияларды емдеу үшін ацикловирді вена ішіне енгізу ұсынылады. Желшешекті емдеу Ұсынылатын доза тәулігіне 4 рет 800 мг ацикловирді құрайды. Дозаны тәулігіне 4 рет кг дене салмағына 20 мг (бірақ 800 мг-нан аспайтын) есебінен дәлірек анықтауға болады. Емдеу курсы 5 күнді құрайды. Қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекциялардың қайталану профилактикасы және иммундық статусы қалыпты балаларда белдемелі герпесті емдеу Деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясы төмендеуі мүмкін. Бұл жағдайда дозаны түзету қажеттілігі туралы мәселені қарастыру керек. Ацикловирдің жоғары дозаларын қабылдайтын егде жастағы пациенттер жеткілікті мөлшерде сұйықтық қабылдауы керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы төмендеген пациенттерге ацикловирді тағайындау кезінде сақ болу ұсынылады. Пациенттер жеткілікті мөлшерде сұйықтық қабылдауы керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қарапайым герпес вирусынан туындаған инфекцияларды емдеу және профилактикасы мақсатында ұсынылған дозаларда ацикловирді ішке қабылдау препараттың белгіленген қауіпсіз деңгейден асатын концентрацияға дейін жинақталуына әкелмейді. Алайда, бүйректің жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттерде (креатинин клиренсі 10 мл/мин кем) ацикловир дозасын тәулігіне 2 рет әр 12 сағат сайын 200 мг-ге дейін төмендету ұсынылады. Желшешекті, белдемелі герпесті емдеуде, сондай-ақ айқын иммунтапшылығы бар пациенттерді емдеуде ацикловирдің ұсынылатын дозалары: - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <10 мл/мин): 800 мг (200 мг-ден 4 таблетка немесе 400 мг-ден 2 таблетка немесе 800 мг-ден 1 таблетка) тәулігіне 2 рет әр 12 сағат сайын; - бүйректің орташа жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10-25 мл/мин): 800 мг (200 мг-ден 4 таблетка немесе 400 мг-ден 2 таблетка немесе 800 мг-ден 1 таблетка) тәулігіне 3 рет әр 8 сағат сайын. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.