+9 бонус

УГОЛЬ АКТИВИРОВАННЫЙ 250 мг №10 таб

180 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Активированный уголь
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: РОССИЯ
  • Өндіруші: ОАО Ирбитский химфармзавод
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - белсендірілген көмір 250 мг қосымша зат - картоп крахмалы
Қолданылуы
шығу тегі әртүрлі экзогендік және эндогендік уыттануларда уытсыздандыратын дәрі ретінде қолданылады; тағамдық токсикоинфекцияларды, сальмонеллезді, дизентерияны кешенді емдеуге; дәрілік препараттармен (оның ішінде психотроптық, ұйықтататын, есірткілік дәрілермен), алкалоидтармен, ауыр металл тұздарымен және басқа да улармен уланғанда; диспепсиямен, метеоризммен қатарласа жүретін асқазан-ішек жолының ауруларында тағамдық және дәрілік аллергияларда; гипербилирубинемияларда (вирус гепатиті және басқа да сарғаюлар); гиперазотемияда (бүйрек жеткіліксіздігі); ультрадыбыстық және рентгенологиялық зерттеулер алдында ішекте газдың түзілуін азайту үшін
Қарсы көрсетілімдер
препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық; асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдануы (оның ішінде асқазан мен он екі ішектің ойықжаралы ауруы, спецификалық емес ойықжаралы колит); асқазаннан қан кету; ішек атониясы; әсері сіңгеннен кейін дамитын (метионин және т.б.) уытқа қарсы заттарды бір мезгілде тағайындау; 3 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектерге орта есеппен 1000-2000 мг (4-8 таблетка) тәулігіне 3-4 рет тағайындайды. Ересектерге арналған ең жоғары бір реттік доза 8000 мг дейін (32 таблетка). Балаларға препаратты дене салмағына байланысты орташа есеппен тәулігіне 3 рет 0,05 г/кг есебінен тағайындайды. Ең жоғары бір реттік доза-дене салмағына 0,2 г/кг дейін. Жедел ауруларда емдеу курсы – 3-5 күн, аллергия және созылмалы аурулар кезінде – 14 күнге дейін. 2 аптадан кейін дәрігердің ұсынымы бойынша қайталап емдеу курсы. Жедел уланғанда емдеуді асқазанды жуудан белсендірілген көмір қоспасын пайдалана отырып бастайды, содан кейін ішке қабылдауға 20-30 мг препаратты береді. Метеоризм кезінде ішке 1000-2000 мг (4-8 таблетка) тәулігіне 3-4 рет тағайындайды. Емдеу курсы 3-7 күн. Енгізу әдісі және жолы Ішке таблеткада немесе алдын ала ұсақтағаннан кейін, су жүзіндісі түрінде, бір сағат тамақтан бұрын және басқа дәрілік заттарды қабылдағаннан кейін қолданады. Препараттың қажетті мөлшерін 1/2 стакан суға ерітеді. 6 жасқа дейінгі балаларға және жұтынуы қиын басқа пациенттер үшін алдын ала ұсақтағаннан кейін тек сулы суспензия түрінде қабылдаңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.