+1950 бонус

ТУДЖЕО СОЛОСТАР инсулин шприц-ручка 300ЕД/мл 1,5 мл №5 Гларгин

9:00-ден кейін қолжетімді
39000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Инсулин гларгин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Санофи-Авентис Дойчланд ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында белсенді зат – 10,91 мг инсулин гларгин (бұл 300 ӘБ инсулин гларгинге сәйкес келеді), қосымша заттар: мета-крезол, мырыш хлориді, глицерин (85%), натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- ересектерде, жасөспірімдерде және 6 жастан бастап балаларда қант диабетін емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- осы дәрілік препараттың әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Туджео СолоСтар® күннің кез келген уақытында, дұрысы, күн сайын белгілі бір уақытта тәулігіне 1 рет енгізуге арналған негіздік инсулин болып табылады. Дозалау режимі (доза және енгізу уақыты) пациенттің жеке реакциясына сәйкес түзетілуі тиіс. 1 типті қант диабетінде Туджео СолоСтар® препараты ас ішу кезінде инсулинге қажеттілікті өтеу үшін қысқа/ультрақысқа әсер ететін инсулинмен біріктірілуі тиіс. 2 типті қант диабеті бар пациенттерде Туджео СолоСтар® препаратын қант төмендететін басқа дәрілік препараттармен біріктіріп те қолдануға болады. Бұл дәрілік препараттың белсенділігі бірліктермен өрнектеледі. Бұл бірліктер Туджео СолоСтар® препараты үшін эксклюзивті болып табылады және халықаралық бірліктер (ХБ) немесе басқа инсулин аналогтарының әсер ету күшін көрсетуге пайдаланылатын бірліктер сияқты болмайды. Препаратты енгізуге қолайлы уақыт Қажет болса, пациенттер Туджео СолоСтар® препаратын әдеттегі енгізу уақытынан 3 сағат бұрын немесе одан кейін 3 сағаттан соң енгізе алады. Дозаны енгізуді өткізіп алған пациенттерге өзінің қанындағы глюкоза концентрациясын тексеруге, ал одан кейін препаратты күніне бір рет әдеттегі енгізу режимін жаңғыртуға кеңес беру керек. Пациенттер өткізіп алған (ұмытылған) дозаны толықтыру үшін препараттың қосарлы дозасын енгізуге жол берілмейтінінен хабардар болуы тиіс. Емдеудің басталуы 1 типті қант диабеті бар пациенттер Туджео СолоСтар® препараты ас ішу кезінде енгізілетін инсулинмен біріктіріп тәулігіне 1 рет қолданылуы тиіс, ал дозаны жеке таңдау талап етіледі. 2 типті қант диабеті бар пациенттер Препараттың ұсынылған бастапқы дозасы күнделікті 0,2 ӘБ/кг құрап, кейіннен доза әркімге жеке таңдалады. 100 ӘБ/мл инсулин гларгиннен Туджео СолоСтар® препаратына және керісінше ауысу 100 ӘБ/мл инсулин гларгин мен Туджео СолоСтар® препараты биобаламалы емес және тікелей өзара алмастырылатын болып табылмайды: - 100 ӘБ/мл инсулин гларгиннен Туджео СолоСтар® препаратына ауысқанда көшуді бірлікке бірлік есебінен жүргізуге болады. Бірақ қан плазмасындағы глюкоза концентрациясының нысаналы диапазонына жету үшін Туджео СолоСтар® препаратының өте жоғары дозасы (10-18% жуық) қажет болуы мүмкін. - Туджео СолоСтар® препаратынан 100 ӘБ/мл инсулин гларгинге ауысқанда гипогликемияның даму қаупін төмендету үшін дозасы (20% жуық) азайтылуы тиіс. Осы препараттардың бірінен екіншісіне көшу кезінде және одан кейінгі алғашқы апта ішінде мұқият метаболизмдік мониторингтеу ұсынылады. Басқа негіздік инсулиндерден Туджео СолоСтар® препаратына ауысу Орташа және ұзақ әсер ететін инсулиндермен емдеу сызбасынан Туджео СолоСтар® препаратымен емдеу сызбасына ауысқанда негіздік инсулиннің дозасын өзгерту және бір мезгілде жүргізілетін қантты төмендету емін түзету (қысқа әсер ететін инсулиндердің немесе инсулиннің тез әсер ететін аналогтарының дозалары мен енгізу уақытын әлде инсулиндік емес гипогликемиялық препараттар дозаларын өзгерту) қажет болуы мүмкін. - Негіздік инсулиндерді тәулік бойына бір рет енгізуден Туджео СолоСтар® препаратына тәулік ішінде бір рет енгізуге ауысуды негіздік инсулиннің бұрын енгізілген дозасының бірлігіне бірлік есебінен жүргізуге болады. - Негіздік инсулиндерді тәулік ішінде екі рет енгізуден Туджео СолоСтар® препаратын бір рет енгізуге ауысқанда Туджео СолоСтар® препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы емдеу тоқтатылған негіздік инсулиннің жалпы тәуліктік дозасынан 80% құрайды. Инсулиннің жоғары дозаларын қабылдап жүрген пациенттер, оларда адам инсулиніне антиденелер болуына орай, Туджео СолоСтар® препаратына реакцияның жақсаруын сезінуі мүмкін. Туджео СолоСтар® препаратына ауысу кезінде және одан кейін бірнеше апта бойына мұқият метаболизмдік мониторинг ұсынылады. Инсулинге сезімталдықтың артуына алып келетін метаболизмдік бақылау жақсаруымен әрі қарай дозалау режимін түзету қажет болуы мүмкін. Дозалау режимін түзету, мысалы, пациенттің дене салмағы немесе өмір салты өзгерген кезде, инсулин дозасын енгізу уақыты өзгергенде немесе гипо- немесе гипергликемия дамуына бейімділікті арттыратын басқа жағдаяттар туындағанда да қажет болуы мүмкін. Туджео СолоСтар® препаратынан басқа негіздік инсулиндерге ауысу Туджео СолоСтар® препаратынан басқа негіздік инсулиндерге ауысу кезінде және одан кейін бірнеше апта бойы медициналық қадағалау және мұқият метаболизмдік мониторинг ұсынылады. Пациент ауысатын дәрілік препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты қарауды өтінеміз. Пациенттердің ерекше топтары Туджео СолоСтар® препаратын егде жастағы пациенттерде, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде және 6 жастан үлкен балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болады. Балалар Туджео СолоСтар® препаратын ересек пациенттерді емдеуге қолданылатын қағидаттарды жетекшілікке ала отырып, жасөспірімдер мен 6 жастан бастап балаларды емдеу үшін пайдалануға болады. Негіздік инсулиннен Туджео СолоСтар® препаратына ауысу кезінде гипогликемияның даму қаупін төмендету мақсатында жеке реакцияны ескере отырып, негіздік және болюсті инсулин дозасын төмендетуді қарастыру қажет. Туджео СолоСтар® препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі 6 жасқа толмаған балаларда анықталмаған. Қолжетімді деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер (≥ 65 жас) Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының үдемелі нашарлауы инсулинге қажеттіліктің тұрақты төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде инсулинге қажеттілік глюконеогенезге қабілетінің азаюы және инсулин метаболизмінің баяулауы салдарынан төмендеуі мүмкін. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде инсулинге қажеттілік инсулин метаболизмінің баяулауы салдарынан азаюы мүмкін. Енгізу әдісі және жолы Туджео СолоСтар® препараты тек тері астына енгізуге арналған. Туджео СолоСтар® препаратын іш, жамбас аумағына немесе дельта тәрізді бұлшықетке инъекция арқылы тері астына енгізеді. Липодистрофия және тері амилоидозының даму қаупін азайту үшін инъекция орындарын үнемі бір аумақ шегінде ауыстырып отыру керек. Туджео СолоСтар® препараты вена ішіне енгізілмеуі тиіс. Туджео СолоСтар® препаратының ұзартылған әсері тек тері асты шелмай қабатына енгізілгенде ғана байқалады. Қалыпты тері астылық дозаны вена ішіне енгізу ауыр гипогликемияны тудыруы мүмкін. Туджео СолоСтар® препараты инсулиндік инфузиялық помпаларда пайдалануға арналмаған. Туджео СолоСтар® алдын ала толтырылған шприц-қаламы арқылы дозаны 1 бірлікке арттыру қадамымен инъекциясына 1-ден 80 бірлікке дейінгі дозаларды енгізуге болады. Дозаларды есептеу терезесі  Туджео СолоСтар® препаратының енгізілетін бірліктер санын көрсетеді. Алдын ала толтырылған Туджео СолоСтар® шприц-қаламы Туджео СолоСтар® препараты үшін арнайы әзірленген, сондықтан дозаны ешқандай қосымша есептеу қажет емес. Туджео СолоСтар® препараты ешқашан шприц-қалам картриджінен шприцке шығарылмауы тиіс, керісінше жағдайда, ауыр артық дозалануы болуы мүмкін. Әр инъекция алдында жаңа стерильді инені жалғаған жөн. Инелерді қайта пайдалану олардың бітелу қаупін арттырады, ол дозаның аз енгізілуіне немесе артық дозалануға әкелуі мүмкін. Аурулардың қан арқылы берілуін болдырмас үшін, инсулиндік шприц-қаламдар тіпті инесі ауыстырылған жағдайда да ешқашан бір пациенттен көп пайдаланылмауы тиіс. Туджео СолоСтар® шприц-қаламын пайдаланар алдында қаптамаға салынған қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.