ТРУЛИСИТИ 1,5 мг/0,5 мл №4 шприц ручки

9:00-ден кейін қолжетімді
54060 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дулаглутид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: США
  • Өндіруші: Элай Лилли энд Компани
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 0.5 мл препарат құрамында белсенді зат - 1.5 мг дулаглутид, қосымша заттар - натрий цитраты дигидраты, сусыз лимон қышқылы, маннитол, полисорбат 80 (өсімдіктен алынған), инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
типті қант диабеті - қанағаттанарлық бақылау болмағанда 2 типті қант диабетін емдеу үшін диетаға және дене жүктемелеріне толықтыру ретінде: монотерапия ретінде - жақпаушылыққа немесе қарсы көрсетілімдеріне байланысты метформинді қолдану көрсетілмеген жағдайларда; қосымша ем ретінде - диабетті емдеуге арналған басқа дәрілік препараттармен біріктірілімде.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімінде атап көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Дозасы
Монотерапия Ұсынылатын доза аптасына бір рет 0,75 мг құрайды. Біріктірілген ем Ұсынылатын доза аптасына бір рет 1,5 мг құрайды. Пациенттердің өте әлсіз топтары үшін бастапқы дозасы аптасына 1 рет 0,75 мг болуы мүмкін. ТрулиситиTM метформинмен және/немесе пиоглитазонмен ағымдағы емге қосылғанда метформин және/немесе пиоглитазон қабылдауды сол дозада жалғастыруға болады. ТрулиситиTM метформинмен және/немесе 2-ші типті натрий-глюкоза котранспортері (SGLT2i) тежегішімен ағымдағы емге қосылғанда метформинді және/немесе 2-ші типті натрий-глюкоза котранспортері (SGLT2i) тежегішін қабылдауды сол дозада жалғастыруға болады. ТрулиситиTM сульфонилмочевинамен немесе инсулинмен ағымдағы емге қосылғанда гипогликемияның даму қаупін төмендету үшін сульфонилмочевина немесе инсулин дозасын азайту қажет болуы мүмкін. ТрулиситиTM қолданылғанда қандағы глюкоза деңгейін өз бетінше бақылауды жүзеге асыру қажет емес. Сульфонилмочевина немесе инсулин дозасын түзету үшін, атап айтқанда, егер ТрулиситиTM емі басталса, ал инсулин емі тоқтатылса, өзін-өзі бақылау қажет болуы мүмкін. Осы орайда инсулин дозасын төмендетудің қадамдық тәсілі ұсынылады. Енгізу әдісі және жолы ТрулиситиTM іш, сан немесе иық аумағына тері астына енгізілу керек. Препаратты вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізуге болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.