+50 бонус

ТРОМБОПОЛ NEO 75 мг №30 таб

1000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацетилсалициловая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат– ацетилсалицил қышқылы, 75 мг, қосымша заттар- ұнтақ тәрізді целлюлоза, жүгері крахмалы, натрий крахмал гликоляты; қабықтың құрамы: триэтилцитрат, гипромеллоза, Acryl-Eze white: метакрил қышқылының С кополимері, тальк, титанның қостотығы (Е 171), натрий лаурилсульфаты, коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий гидрокарбонаты.
Қолданылуы
жүректің жедел және созылмалы ишемиялық ауруы жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі факторлары болуы мүмкін келесі белгілердің бірі немесе бірнешеуі бар 50 жастан асқан адамдарда тромбоз және жедел коронарлық синдром сияқты жүрек-қантамыр ауруларының бастапқы профилактикасы: гипертония, гиперхолестеринемия, қант диабеті, семіздік (ДСИ > 30) және 55 жасқа дейінгі миокард инфарктісінің отбасылық анамнезі, кем дегенде ата-анасының, ағасының немесе әпкесінің біреуі қайталанған миокард инфарктісінің және қан тамырлары тромбозының профилактикасы Тромбопол Neo препаратын жедел коронарлық синдром кезінде ацетилсалицил қышқылы (АСҚ) әдеттегі (ішекте ерімейтін) түріне қол жетімділік болмаған кезде ғана қолдануға болады. Ацетилсалицил қышқылымен және қолданылатын дозалармен емдеуді бастау туралы шешімді дәрігер қабылдауы тиіс.
Қарсы көрсетілімдер
Ацетилсалицил қышқылына, салицилаттарға, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) немесе препарат қосымша заттарының кез келгеніне белгілі немесе күмәнді аса жоғары сезімталдық Геморрагиялық диатез; К дәруменінің тапшылығы; тромбоцитопения, гемофилия Асқазанның және (немесе) он екі елі ішектің ойық жара ауруы, өршу фазасында Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (ШСЖ ˂ 0,2 мл/с (10 мл/мин)) Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі Жүректің ауыр жеткіліксіздігі Анамнезінде аспириндік демікпе деп аталатын салицилаттарды немесе ұқсас әсер ететін басқа да заттарды, атап айтқанда (ҚҚСП) қолданудан туындаған ұстамалар Метотрексатпен бірге аптасына 15 мг және одан да көп дозада қолдану Жүктіліктің III триместрінде тәулігіне 100 мг асатын дозалар Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа жеткіліксіздігі Бауыр мен миға зақым келтіретін сирек кездесетін ауру – Рейе синдромының даму қаупіне байланысты 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде
Дозасы
Жүректің жедел және созылмалы ишемиялық ауруы Бастапқы доза ретінде 150 мг, сосын күнделікті 75 мг. Жедел миокард инфаркті/тұрақсыз стенокардия 150 - 450 мг, алғашқы симптомдар пайда болғаннан кейін барынша тезірек. Ескертпе: жедел миокард инфарктісі кезінде немесе жедел миокард инфарктісіне күдік болғанда, егер қабықсыз таблеткаларда АСҚ болмаса тек ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаларды қолдануға болады. Бұл жағдайда аса тез АСҚ сіңуін қамтамасыз ету үшін ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткаларды өте мұқият шайнау керек. Қайталанатын тромбоздар профилактикасы Бастапқы доза ретінде 150 мг, сосын күнделікті 75 мг. Тромбопол Neo препаратын жедел коронарлық синдром кезінде АСҚ әдеттегі (ішекте ерімейтін) түріне қол жетімділік болмаған кезде ғана қолдануға болады. Жедел коронарлық синдромның жүктеме дозасы 150 - 300 мг құрайды. Мүмкіндігінше АСҚ тез сіңуін қамтамасыз ету және қажетті тромбоциттерге қарсы әсерге қол жеткізу үшін пациент құрамында АСҚ бар таблетканы өте мұқият шайнауы тиіс. 50 жастан асқан пациенттер Бастапқы профилактика, жүрек-қантамырлар аурулары дамуының айрықша қаупі болған кезде: күнделікті 75 мг. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Таблеткаларды тамақтан кейін, сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен (½ стакан су) ішіп, бүтіндей жұту керек. Таблеткалар ішекте еритін қабықпен қапталған және асқазанда ыдырамайды, нәтижесінде ацетилсалицил қышқылының асқазан шырышты қабығына тітіркендіргіш әсері төмендейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.