+50 бонус

ТРОМБОПОЛ 150 мг №30 таб

1000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацетилсалициловая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – ацетилсалицил қышқылы, 75 мг немесе 150 мг қосымша заттар: жүгері крахмалы, ұнтақ тәрізді целлюлоза, натрий крахмал гликоляты; қабығының құрамы: триэтилцитрат, гипромеллоза, Acryl-Еze white, метакрил қышқылының С кополимері, тальк, титанның қостотығы (Е 171), натрий лаурилсульфаты, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), натрий гидрокарбонаты.
Қолданылуы
Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы үшін: - жедел миокард инфарктісіне күдік бар пациенттерде өлім қаупін төмендету үшін - миокард инфарктісін бастан өткерген пациенттерде ауруға шалдығу мен өлім қаупін төмендету үшін - тұрақты және тұрақсыз стенокардия кезінде ауруға шалдығу мен өлімді азайту үшін - жүрек-қантамырлық қауіп факторлары (мысалы, қант диабеті, гиперлипидемия, артериялық гипертензия, семіздік, шылым шегу, жас шамасы) болған жағдайда, жедел миокард инфарктісінің даму қаупін төмендету үшін - инсульттің екінші реттік профилактикасы үшін - транзиторлық ишемиялық шабуылдың (ТИШ) және ТИШ бар пациенттерде инсульттің даму қаупін төмендету үшін - қантамырларға жасалатын операциялар мен инвазивтік араласымдардан кейінгі тромбоэмболияның профилактикасы үшін (мысалы, тері арқылы жүргізілетін транслюминальді катетерлік ангиопластика, аортокоронарлық шунттау, күретамыр артерияларының эндартерэктомиясы, артерия-венаны шунттау) - ұзаққа созылған иммобилизация (мысалы, ауқымды хирургиялық араласымнан кейін) кезіндегі терең веналар тромбозының және өкпе артериясы тромбоэмболиясының профилактикасы үшін
Қарсы көрсетілімдер
- ацетилсалицил қышқылына, басқа салицилаттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - геморрагиялық диатез - асқазан мен он екі елі ішектің өршу фазасындағы ойық жара ауруы - бронх демікпесі - жүректің ауыр жеткіліксіздігі - бауыр мен бүйректің ауыр жеткіліксіздігі - аптасына 15 мг және одан көп дозаларда қабылданатын метотрексатпен бір мезгілде - жүктіліктің III триместрінде және лактация кезеңінде дозасын күніне 100 мг-ден арттыру - бауыр мен мидың зақымдануын туғызатын сирек кездесетін ауру Рейе синдромының даму қаупіне байланысты, балалар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Дозасы
Жедел миокард инфарктісіне күдік бар пациенттерде өлім қаупін төмендету үшін Бастапқы дозасы – 150-300 мг (ағашқы таблеткасын жылдамырақ сіңірілуі үшін шайнау қажет) дозасын пациент жедел миокард инфарктісінің дамығанына күдік туындағаннан кейін барынша тезірек қабылдауы тиіс. Миокард инфарктісі дамығаннан кейінгі 30 күн ішінде күніне 75-300 мг дозасы сақталуы тиіс. Миокард инфарктісінің қайталануының алдын алу мақсатында, 30 күннен соң аталған емнің қажеттілігін қарастыру керек. Миокард инфарктісін бастан өткерген пациенттерде ауруға шалдығу мен өлім қаупін төмендету үшін Тәулігіне 75-300 мг. Тұрақты және тұрақсыз стенокардия кезінде ауруға шалдығу мен өлімді азайту үшін Тәулігіне 75-300 мг. Жүрек-қантамырлық қауіп факторлары (мысалы, қант диабеті, гиперлипидемия, артериялық гипертензия, семіздік, шылым шегу, жас егделігі) болған жағдайда жедел миокард инфарктісінің даму қаупін төмендету үшін Күніне 150 мг немесе күнара 300 мг. Инсульттің екінші реттік профилактикасы үшін Тәулігіне 75-300 мг. Транзиторлық ишемиялық шабуылдың (ТИШ) және ТИШ бар пациенттерде инсульттің даму қаупін төмендету үшін Тәуліктік дозасы – күн сайын 75-300 мг. Қантамырларға жасалған операциялар мен инвазивтік араласымдардан (мысалы, тері арқылы жүргізілетін транслюминальді катетерлік ангиопластика, аортокоронарлық шунттау, күретамыр артерияларының эндартерэктомиясы, артерия-венаны шунттаудан) кейінгі тромбоэмболияның профилактикасы үшін Тәуліктік дозасы – күн сайын 75-300 мг. Ұзаққа созылған иммобилизация (мысалы, ауқымды хирургиялық араласымнан кейін) кезіндегі терең веналар тромбозының және өкпе артериясы тромбоэмболиясының профилактикасы үшін Тәулігіне 75-150 мг немесе күнара 300 мг. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы кезінде дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Препарат бауыр немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылулары кезінде тағайындалмайды. Егде жастағы пациенттерде Егде жастағы, жағымсыз әсерлердің дамуына бейімірек пациенттерде ацетилсалицил қышқылын сақтықпен пайдалану керек. Бүйректің немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі болмаса, препарат басқа ересек пациенттердегідей дозаларында қолданылады. Пациенттердің аталған тобында емдеудің қауіпсіздігін жүйелі түрде бақылау ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.