ТРОКСЕВАЗИН 300 мг №50 капс

6460 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Троксерутин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Болгария
  • Өндіруші: Балканфарма-Разград АД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат - троксерутин 300 мг қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты қатты желатинді капсуланың құрамы: сары хинолин (E104), сары сансет (E110), титанның қостотығы (E171), желатин Капсула қақпақшасының құрамы: сары хинолин (E104), сары сансет (E110), титанның қостотығы (E171), желатин
Қолданылуы
Дәрілік препарат ересектерде қолдануға арналған созылмалы веналық жеткіліксіздіктің симптомдары: ісіну, ауыру, аяқтағы ауырлық, құрысулар, парестезия, мазасыз аяқ синдромы; тромбофлебиттен кейінгі синдром: ауыру, бұлшықет құрысуы, қышыну, шаншу, ісіну, терінің гиперпигментациясы, липодерматосклероз, трофикалық ойық жара; склеротерапиядан кейінгі жағдайлар, веналарға операциядан кейінгі асқынулар профилактикасы; созылмалы веналық жеткіліксіздікті кешенді емдеуде компрессиялық тоқымамен (шұлықтар, колготкалар) үйлеседі; лимфедеманың кешенді емінде; жедел симптомдарды емдеу және созылмалы геморройдың өршуі; диабеттік ретинопатияны кешенді емдеудің құрамында.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; лактоза жеткіліксіздігі, галактоземия немесе глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы; жүктілік кезеңі (1 триместр) және лактация; 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дозасы
Созылмалы веналық жеткіліксіздік және оның асқынулары, созылмалы геморройдың жедел және асқынуын симптоматикалық емдеу Ұсынылатын доза - симптомдардың ауырлығына байланысты тәулігіне 2-3 рет (600-900 мг) 1 капсуладан (300 мг). Емдеу симптомдар (ауырсыну, қышыну, ісіну және т.б.) толығымен басылғанға дейін кемінде 2 апта бойы жалғасады. Симптомдар қайта пайда болған кезде емді сол дозада қайта жаңғыртуға немесе дозаны төмендетуге болады – тәулігіне 2 рет 1 капсуладан (600 мг). Емдеу курсы 3-4 аптаны құрайды. Қол жеткізілген әсер кемінде 4 апта бойы сақталады. Лимфедема Ұсынылатын тәуліктік доза 3000 мг құрайды: 5 капсуладан тәулігіне 2 рет. Емдеу курсы пациенттің жағдайының ауырлығына байланысты. Диабеттік ретинопатия Ұсынылатын тәуліктік доза 1800 - 3000 мг құрайды: 3-5 капсуладан тәулігіне 2 рет. Емдеу курсы 3-4 аптаны құрайды. Ұзақ уақыт емдеу қажеттілігі дәрігермен жекелей кеңескеннен кейін анықталады Енгізу әдісі мен жолы Троксевазин капсулалары тамақтану кезінде ішке қабылданады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.