ТРОКСЕВАЗИН 2% 40 г гель

4330 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Троксерутин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Болгария
  • Өндіруші: Балканфарма - Троян АД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 г гельдің құрамында: белсенді зат – троксерутин 2г, қосымша заттар – карбомер, ЭДТА динатрий тұзы, бензалконий хлориді, триэтаноламин, тазартылған су.
Қолданылуы
Дәрілік препарат ересектерде, 15 және одан жоғары жастағы жасөспірімдерде қолдануға арналған: аяқ веналарының варикозды кеңеюінде; созылмалы веноздық жеткіліксіздіктің симптомдары: ісіну, ауыру, аяқтағы ауырлық, құрысулар; беткейлік тромбофлебит, перифлебит, флеботромбоз; склеротерапиядан кейінгі жағдайлар, веналарға операциядан кейінгі асқынулар профилактикасы; шығып кету, гематома, көгеру, созылу, бұлшықет түйілуі сияқты жарақаттан пайда болатын ауыру мен ісінуді тоқтату.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; жүктіліктің I триместрі; 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дозасы
Троксевазин® гелін терінің зақымданған бөлігіне таңертең және кешке теріге толық сіңгенге дейін жеңіл уқалайтын қимылдармен жағу керек. Қажет болса, гельді компрессиялық таңғыштардың астына жағуға болады. Адекватты терапиялық әсерді қамтамасыз ету үшін гельді ісіну және басқа симптомдар толығымен жойылғанша тұрақты қолдану керек. Жағдайы жеңілдегеннен және симптомдардың айқындылығы тоқтағаннан кейін емдеуді тоқтатуға болады, қайталанған симптомдар пайда болған кезде емді қайта бастау керек. Ем ұзақтығын дәрігер анықтайды. Әсерін күшейту үшін Троксевазин® гелін Троксевазин® капсулаларымен біріктіріп қабылдау ұсынылады. Егер препаратты қолдану кезеңінде ауру симптомдарының айқындылығы азаймаса, дәрігермен кеңесу керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсын дәрігер тағайындайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.