+750 бонус

ТРИВЕНТИН 90мг №56 таб.

15000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тикагрелор
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО Абди Ибрахим Глобал Фарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 90 мг тикагрелор, қосымша заттар - маннитол, маннитол (түйіршіктер), кальций гидрофосфаты дигидраты, натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилцеллюлоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты қабық құрамы: Опадрай® 03B220055 сары (Opadry® 03B220055 Yellow), гипромеллоза, титанның қостотығы (E171), тальк, полиэтиленгликоль/макрогол, темірдің сары тотығы (E172))
Қолданылуы
Тривентин ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) бірге қабылдаған кезде ересек пациенттерде атеротромбоздық асқынулардың алдын алу үшін қолданылады: - жедел коронарлық синдром (ЖКС) - миокард инфарктісі (МИ) және атеротромбоздық асқынулардың пайда болуының жоғары қаупі.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе препараттың кез келген қосымша затына аса жоғары сезімталдық - патологиялық қан кетудің болуы - анамнездегі бассүйекішілік қан құйылу - орташа немесе ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі - тикагрелорды CYP3A4 қуатты тежегіштерімен бірге қолдану (мысалы, кетоконазол, кларитромицин, нефазодон, ритонавир және атазанавир), өйткені бірге қолдану тикагрелор әсерін едәуір арттыруы мүмкін
Дозасы
Дозалану режимі Тривентин препаратын қабылдайтын пациенттер, егер спецификалық қарсы көрсетілімдер болмаса, 75-150 мг көлемде ацетилсалицил қышқылының (АСҚ) демеуші дозасын күнделікті қабылдауы тиіс. Жедел коронарлық синдром Тривентин препаратын қолдануды бір реттік 180 мг жүктеме дозасынан (90 мг-ден екі таблетка) бастап, артынан тәулігіне екі рет 90 мг қабылдауды жалғастырған жөн. Жедел коронарлық синдромы бар пациенттерге, Тривентин препаратын мерзімінен бұрын тоқтатудың клиникалық қажет болатын жағдайлардан басқа, тәулігіне екі рет 90 мг Тривентин препаратымен 12 ай бойы ем жүргізу ұсынылады. Анамнездегі миокард инфарктісі Күніне екі рет 60 мг көлеміндегі Тривентин анамнезінде ең болмаса бір жылда миокард инфарктісі бар пациенттерде, сонымен бірге атеротромбоздық асқынулар пайда болуының қауіп тобында болатын пациенттерде кеңейтілген емдеу қажеттілігі туындайтын жағдайда ұсынылатын дозаға жатады. Емдеуді атеротромбоздық асқынулардың туындау қаупіне ұшыраған ЖКС бар пациенттерде 90 мг Тривентин препаратымен бастапқы бір жылдық емдеуден немесе аденозиндифосфат (АДФ) рецепторларының басқа тежегішімен емдеуден кейінгі емнің жалғасы ретінде үзіліссіз бастауға болады. Емдеуді, сонымен қатар, МИ-дан кейін 2 жыл ішінде немесе АДФ рецепторы тежегішіміен алдыңғы емдеу аяқталған соң бір жыл ішінде бастауға болады. Тривентин препаратының 3 жыл кеңейтілген емінен кейінгі тиімділігі туралы деректер шектеулі. Егер өзгеріс енгізу қажет болса, Тривентин препаратының бірінші дозасын тромбозға қарсы препараттың соңғы дозасын қабылдаудан кейін 24 сағат ішінде енгізу керек. Енгізу әдісі және жолы Пероральді қолдануға арналған. Тривентин препаратын ас ішуге байланыссыз қолдануға болады. Таблетканы бүтіндей жұта алмайтын пациенттер үшін дереу қабылдау шартымен таблеткаларды ұсақ ұнтақтап уатуға және жарты стақан сумен араластыруға болады. Стақанды тағы бір жарты стақан сумен шайып, ішіндегісі ішіледі. Қоспаны назогастральді зонд (СН8 немесе үлкенірек) арқылы да қабылдауға болады. Қоспаны қабылдаудан кейін назогастральді зондты сумен жуып-шаю маңызды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.