+163 бонус

ТРИМОЛ ЭКСТРА 500/65 мг №100 табл

3270 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Парацетамол, комбинации с психолептиками
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Аджанта Фарма Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 500.00 мг парацетамол, 65.00 мг кофеин. қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, повидон (PVPK 30), тазартылған су**, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты - соңғы өнімде жоқ
Қолданылуы
ТРИМОЛ ЭКСТРА құрамында ауырсынуды басатын және қызу түсіретін дәрі болып табылатын парацетамол және парацетамолдың ауырсынуды басатын әсеріне адъювант кофеин бар. - Жеңіл және орташа ауырсынуды емдеу және қызбаны жеңілдету, мыналарды қоса: - бас ауыруы - бас сақинасы - бұлшықет ауыруы - дисменорея - тамақтың ауыруы - тірек-қимыл аппаратындағы ауырсыну - қызба және вакцинациядан кейінгі ауырсыну - стоматологиялық емшаралардан / тіс жұлдырудан кейінгі ауыру - тіс ауыруы - остеоартрит кезіндегі ауырсынулар - Суық тию және тұмау кезінде: - суық тию және тұмау симптомдарын жеңілдету үшін, мысалы, бас ауыру, қызба, тамақ ауыруы, бұлшықеттер ауыруы және ауырсынулар, қырағылықтың төмендеуі және ұйқышылдық.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауыр немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылулары - генетикалық тұрғыда глюкоза-6-фосфат дегидрогеназаның болмауы - қан аурулары - артериялық гипертензия, айқын атеросклероз құбылыстары - жүктілік және бала емізу кезеңі - Жильбер синдромында (конституционалдық гипербилирубинемия) сақтықпен қолдану керек - глаукома -  ұйқы бұзылулары - 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
ТРИМОЛ ЭКСТРА таблеткаларын, егер қажет болса, әдетте, тәулігіне 1-2 таблеткадан ішке қабылдайды. Ең жоғары бір реттік доза – 2 таблетка, ең жоғары тәуліктік доза – 8 таблетка. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Қабылдаулар арасындағы үзіліс – кемінде 4 сағат. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 12-15 жас аралығындағы балалар: күніне төрт ретке дейін 1 таблетка. Қабылдаулар арасындағы үзіліс – кемінде 4 сағат. 24 сағат ішінде 4 таблеткадан артық емес. Бауыр/бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Деректер жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Емдеуді тек дәрігердің қадағалауымен жалғастыруға болады. Көрсетілген дозадан асыруға болмайды. Артық дозалану жағдайында, тіпті егер сіз өзіңізді жақсы сезінсеңіз де, дереу дәрігерге қаралу қажет. Емдеу ұзақтығы Препаратты дәрігердің тағайындауынсыз және қадағалауынсыз ауыруды басатын дәрі ретінде бес күннен артық және қызу түсіретін дәрі ретінде үш күннен артық қолдану ұсынылмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.