+30 бонус

ТРИХОПОЛ 250 мг №20 таб

600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метронидазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Польша
  • Өндіруші: Польфарма АО фармацевтический завод
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - метронидазол 250 мг, қосымша заттар: картоп крахмалы, желатин, глюкоза ерітіндісі, магний стеараты.
Қолданылуы
Көрсетілімдер метронидазолдың паразитке қарсы және бактерияға қарсы белсенділігіне және оның фармакокинетикалық сипаттамаларына негізделген. Көрсетілімдер осы дәрілік препараттың клиникалық зерттеулерін де, оның қазіргі уақытта бар инфекцияға қарсы дәрілік заттар қатарындағы орнын да ескереді. Көрсетілімдер дәрілік препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялармен шектеледі: амебиаз урогенитальді трихомониаз спецификалық емес вагинит лямблиоз хирургиялық араласулар кезінде анаэробты инфекцияның профилактикасы инъекциялық емнен ауысқан кезде метронидазолға сезімтал анаэробты микроорганизмдерден туындаған инфекцияларда екінші желінің емі Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдануға қатысты ресми ұсынымдарды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
препараттың белсенді затына және/немесе препарат қосымша компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық глюкоза-галактоза мальабсорбциясы 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Дозалау режимі: Амебиаз Ересектер: тәулігіне 1,5 г, 3 қабылдауға бөлінген. Балалар: Тәулігіне дене салмағына 30-40 мг/кг, 3 қабылдауға Абсцесс сатысындағы бауыр амебиазы кезінде абсцессті дренаждауды метронидазолмен емдеумен бірге жүргізу керек. Емдеу курсы әдетте 7 күнді құрайды. Трихомониаз Әйелдердегі трихомониаз кезінде (трихомонадтық уретрит және вагинит), дұрысы он күндік аралас емдеу, оның ішінде: 250 мг таблетканы тәулігіне 2 рет, пероральді 500 мг қынаптық таблетканы тәулігіне 1 рет. Серіктесінде Trichomonas vaginalis жұқтырудың клиникалық белгілері байқалғанына қарамастан, зертханалық талдаудың оң нәтижесі болмаса да, екі серіктес бір уақытта емделуі керек. Еркектердегі трихомониазда (трихомонадтық уретрит): 10 күн ішінде тәулігіне 2 рет 250 мг таблетка. Ерекше жағдайларда қажетіне қарай тәуліктік дозаны 750 мг – 1 г дейін арттыруға болады. Лямблиоз кезінде метронидазол 5 күн бойы тағайындалады ересектерге тәулігіне 3 рет 250 мг (1 таблетка) (ең көбі 1 г – тәулігіне 4 таблетка) 6-10 жастағы балаларға тәулігіне 375 мг (1,5 таблетка) тағайындалады 11-15 жастағы балаларға тәулігіне 500 мг (2 таблетка) тағайындалады. Спецификалық емес вагинит кезінде метронидазолды 7 күн бойы тәулігіне 2 рет 500 мг (2 таблетка) дозада тағайындайды. Екі серіктесті бір мезгілде емдеу қажет. Метронидазолға сезімтал анаэробты микроорганизмдерден туындаған инфекциялар кезінде (бірінші немесе екінші желі емі) ересектерге метронидазолды тәулігіне 2-3 рет 500 мг (2 таблетка) тағайындайды. Балаларға тәулігіне 20-30 мг/кг есебінен тағайындайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.