+35 бонус

ТРИХОПОЛ 0,5% 100 мл

700 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метронидазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: КАЗАХСТАН
  • Өндіруші: SANTO
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл препараттың құрамында белсенді зат – 500.0 мг метронидазол қосымша заттар: динатрий фосфат додекагидраты, лимон қышқылы моногидраты, натрий хлориді, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
Көрсетілімдер метронидазолдың паразиттерге және бактерияға қарсы белсенділігіне және оның фармакокинетикалық сипаттамаларына негізделген. Көрсетілімдер осы препараттың әсері зерттелген клиникалық зерттеулерді де, қазіргі уақытта қолжетімді инфекцияға қарсы препараттардың ассортиментіндегі орнын да ескереді. Олардың тізбесі сезімтал деп анықталған микробтар тудыратын инфекцияларға байланысты: • ішекте немесе бауырда орналасқан ауыр амебиаздар, • сезімтал анаэробты қоздырғыштары бар медициналық-хирургиялық инфекцияларды радикалды емдеу, • асқазан-ішек немесе проктологиялық хирургиялық операция кезінде аэробты микробтарға қарсы белсенді антибиотикпен бірге операциядан кейінгі сезімтал анаэробты микробтармен инфекциялардың профилактикасы. Бактерияға қарсы препараттарды дұрыс қолдануға қатысты жергілікті ресми нұсқауларды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
метронидазолға, басқа нитроимидазол туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Дозалану режимі Амебиаз Ересектер Күніне 1,50 г (күніне үш рет вена ішіне инфузия түрінде 500 мг). Балалар Вена ішіне инфузия жолымен күніне 30-40 мг/кг. Бауыр амебиазының абсцесс сатысында абсцесс эвакуациясы метронидазолмен емдеумен бірге жүргізілуі керек. Анаэробты инфекцияларды емдеу Ересектер Күніне 1 - 1,5 г вена ішіне 2 немесе 3 инфузия жолымен. Балалар Күніне 20-30 мг/кг вена ішіне 2 немесе 3 инфузия жолымен. Егер пациенттың жағдайы мүмкіндік берсе, осы дозасымен ішке қабылдауға болады. Операциядан кейінгі инфекциялардың профилактикасы Антибиотик профилактикасы ұзаққа созылмауы, көбінесе операция ішіндегі кезеңмен шектелуі керек, кейде 24 сағат, бірақ 48 сағаттан аспауы керек. Ересектер Операция басталғанға дейін 30 минут бұрын бір реттік 1 г дозасын вена ішіне енгізеді. Балалар Операция басталғанға дейін 30 минут бұрын бір реттік 20-40 мг/кг дозасын вена ішіне енгізеді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.