ТРИГРИМ 2,5 мг №30 таб

1690 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Торасемид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: КАЗАХСТАН
  • Өндіруші: Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - торасемид 2,5 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Қолданылуы
алғашқы артериялық гипертензия.
Қарсы көрсетілімдер
торасемидке, сульфонилмочевинаның басқа туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық ануриямен бүйрек жеткіліксіздігі бауыр комасы (бұл жағдай жақсарғанға дейін) артериялық гипотензия гиповолемия гипонатриемия гипокалиемия несеп шығарудың айқын бұзылулары, мысалы, қуық асты безінің гипертрофиясы нәтижесінде подагра жүрек ырғағының бұзылуы (мысалы, синоатриальды блокада, 2 немесе 3 дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада) аминогликозидті антибиотиктерді немесе цефалоспориндерді бір мезгілде қабылдау нефроуытты заттарды қолданудан туындаған бүйрек жеткіліксіздігі бала емізу кезеңі.
Дозасы
Ересектер Ұсынылатын доза тәулігіне 2,5 мг құрайды, жақсырақ таңғы ас кезінде. Препараттың дозасын терапия басталғаннан кейін 2 ай өткеннен кейін ғана арттыруға болады. Ең жоғары доза тәулігіне бір рет 5 мг құрайды. Торасемидтің гипотензиялық әсері бірінші аптада баяу пайда болады және шамамен 12 аптадан кейін ең жоғарыға жетеді. Торасемидпен тәулігіне 2,5 мг дозада 12 апталық емнен кейін артериялық қысымды қалыпқа келтіру болмаған жағдайда дозаны тәулігіне 5 мг дейін арттыруға болады. Дозаны арттыру кезінде, әсіресе бастапқыда ауыр гипертензия жағдайында (диастолалық артериялық қысым 115 мм сын.бағ. жоғары) және бүйрек функциясының бұзылуында, қосымша гипотензиялық әсер күтілуі керек. Торасемидтің тәуліктік дозасын одан әрі 5 мг-ден артық арттыру мақсатты емес, өйткені бұл артериялық қысымның қосымша төмендеуіне әкелмейді. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттер үшін дозалау режимі бойынша басқа ұсыныстар жоқ. Алайда егде жастағы және жас пациенттер арасында тиісті салыстырмалы зерттеулер жүргізілген жоқ. Балалар мен жасөспірімдер Торасемидті 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану тәжірибесі жоқ. Ауыр және (немесе) бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету туралы шектеулі мәліметтер бар. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациеттерде емдеуді сақтықпен жүргізу керек, өйткені препараттың плазмадағы концентрациясының жоғарылауы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.