ТРИГРИМ 10 мг №30 таб

2910 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Торасемид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: КАЗАХСТАН
  • Өндіруші: Химфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - торасемид 10 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты.
Қолданылуы
іркілген жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі ісіну синдромында, шығу тегі бауырлық, өкпелік немесе бүйректік ісінулерде.
Қарсы көрсетілімдер
торасемидке, сульфонилмочевинаның басқа туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық ануриямен бүйрек жеткіліксіздігі бауыр комасы (бұл жағдай жақсарғанға дейін) артериялық гипотензия гиповолемия гипонатриемия гипокалиемия несеп шығарудың айқын бұзылулары, мысалы, қуық асты безінің гипертрофиясы нәтижесінде подагра жүрек ырғағының бұзылуы (мысалы, синоатриальды блокада, 2 немесе 3 дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада) аминогликозидті антибиотиктерді немесе цефалоспориндерді бір мезгілде қабылдау нефроуытты заттарды қолданудан туындаған бүйрек жеткіліксіздігі бала емізу кезеңі.
Дозасы
Ересектер Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 5 мг құрайды. Әдетте бұл доза демеуші болып табылады. Қажет болса, дозаны тәулігіне бір рет біртіндеп 20 мг-ге дейін арттыруға болады. Кейбір жағдайларда тәулігіне 40 мг торасемид тағайындалады. Торасемидтің 10 мг дозадағы емін, егер препаратты тәулігіне 5 мг қалыпты дозада қолданғанда әсер жеткіліксіз болса ғана қолдану көрсетілген. Мұндай жағдайларда тәулігіне 10 мг торасемид тағайындалады; аурудың ауырлығына байланысты дозаны 20 мг торасемидке дейін арттыруға болады. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттер үшін дозалау режимі бойынша басқа ұсыныстар жоқ. Алайда, егде жастағы және жас пациенттер арасында тиісті салыстырмалы зерттеулер жүргізілген жоқ. Балалар мен жасөспірімдер Торасемидті 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану тәжірибесі жоқ. Ауыр және (немесе) бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету туралы шектеулі мәліметтер бар. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациеттерде емдеуді сақтықпен жүргізу керек, өйткені препараттың плазмадағы концентрациясының жоғарылауы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.