+152 бонус

ТРИДЕРМ 15 г крем Бетаметазон/ Клотримазол/ Гентамицин

3040 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бетаметазон в комбинации с другими препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Бельгия
  • Өндіруші: Органон Хейст бв
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 г кремнің құрамында белсенді заттар: 0.643 мг бетаметазон дипропионаты (0.500 мг бетаметазонға баламалы), 10.000 мг клотримазол, 1.000 мг немесе 1 000 ХБ гентамицин (гентамицин сульфаты түрінде) қосымша заттар: сұйық парафин, ақ жұмсақ парафин, цетостеарил спирті, пропиленгликоль, макроголдың цетостеарилді эфирі, бензил спирті, натрий дигидрофосфат дигидраты, фосфор қышқылы, натрий гидроксиді, тазартылған су
Қолданылуы
- кортикостероидты емге сезімтал дерматоздарды емдеуде, бактериялық және/немесе зеңдік инфекция болғанда немесе бар екеніне күдіктенгенде. Крем әсіресе экссудативті үдерістерді емдеуге сай келеді.
Қарсы көрсетілімдер
тері туберкулезі мерездің теріде білінуі - желшешек - вирустық этиологиядағы тері инфекциясы (Herpes simplex) - вакцинациядан кейінгі тері реакциялары - ашық жаралар - розацеа, периоральді дерматит - препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық (гентамицинге және/немесе клотримазолға айқаспалы аллергия) - окклюзиялық таңғыш астына қолдануға болмайды - шырышты қабық, көз және көз айналасының терісіне жағуға болмайды
Дозасы
және енгізу жолы Жасөспірімдер мен ересектер: Тридерм® кремін зақымданған тері беткейіне тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке) жұқа қабатпен жағу және бүкіл зақымданған бөлік пен оның айналысындағы сау теріні қамти отырып жеңіл ысқылау керек. Емдеу ұзақтығы клиникалық әсер нәтижелеріне, сондай-ақ клиникалық және микробиологиялық деректерге байланысты. Табан дерматофитиясы кезінде ұзақ емдеу курсы (2-4 апта) қажет болуы мүмкін. 2 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: Препаратты тек зақымданған беткейге жұқа қабатпен жағу және жеңіл ысқылау керек. Кремді жеткілікті мөлшерде тәулігіне 2 реттен асырмай жағу керек, аппликациялар арасындағы ең аз үзіліс 6-12 сағат. Кремді бетке, мойынға, бас терісіне, гениталий аумағына, ректальді аумақ пен тері қыртыстарына дәрігердің қадағалауымен жағу керек. Емдеу ұзақтығы 5-7 күнмен шектеледі. «Айрықша нұсқаулар» және «Балалар жасындағы пациенттерде қолдану» бөлімдерін қараңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.