+92 бонус

ТРИАМПУР КОМПОЗИТУМ-ТЕВА 25 мг/12,5 мг N50 ТАБЛ

1850 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Гидрохлоротиазид и калийсберегающие препараты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ХОРВАТИЯ
  • Өндіруші: Плива Хрватска д.о.о.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: триамтерен, 25 мг, гидрохлоротиазид, 12,5 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, поливидон К 25, жоғары дисперсті кремнийдің қостотығы, карбоксиметилкрахмалдың натрий тұзы, магний стеараты.
Қолданылуы
- артериялық гипертензия - жүрек, бауыр немесе бүйрек аурулары себепші болған ісіну синдромы, негізінен организмнен калийдің жоғалуын болдырмау қажет жағдайларда - ісінуге бейім жүрек жеткіліксіздігін гликозидтермен емдеудегі қатар жүретін ем
Қарсы көрсетілімдер
- триамтеренге, гидрохлортиазидке, басқа тиазидтерге, сульфонамидтерге немесе осы препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - гиперкалиемия (қандағы калий деңгейі жоғары) - анурия - бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі (креатинин клиренсі < 30 мл/мин), сарысу креатинині 1,8 мг/дл жоғары); - жедел гломерулонефрит - бауыр жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі (бауырлық кома алды және кома) - емдеуге резистентті гипокалиемия - ауыр гипонатриемия - гиперкальциемия - гиповолемия - калий сақтаушы басқа диуретиктермен және құрамында калий бар басқа өнімдермен бір мезгілде қолдану (әсіресе вена ішіне қолданғанда) - айқын гипотензия - жүктілік, лактация кезеңі - дене салмағы 50 кг-ден азырақ балаларға және жасөспірімдер - сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы (препарат құрамында лактоза моногидраты бар)
Дозасы
Препараттың дозасын дәрігер әр пациент үшін жекелей таңдайды. Ересектер және дене салмағы 50 кг-ден көбірек жасөспірімдер үшін препаратты дозалаудың келесі сызбалары бар: Артериялық гипертензия Препараттың бастапқы дозасы таңертең 2 таблетканы және түсте 2 таблетканы құрайды. Басқа гипотензиялық дәрілерді қосымша қабылдағанда немесе ұзақ ем жүргізу үшін күніне 2 таблетка Триампур композитум - Тева (таңертең және түсте 1 таблеткадан) жеткілікті. Жүрек, бауыр немесе бүйрек ауруларына байланысты ісіну синдромы Емдеудің бас кезінде таңертең және түсте препаратты 2 таблеткадан су организмнен толық шығарылғанға дейін тағайындайды. Кейіннен дозаларды дегидратация дәрежесіне байланысты тағайындайды. Демеуші доза – күніне 1 таблетка, оны күн сайын таңертең, немесе күнара 2 таблеткадан (таңертең және түсте 1 таблеткадан) қабылдайды. Қажет болғанда демеуші дозаны күніне 4 таблеткаға дейін (таңертең және түсте 2 таблеткадан) арттыруға болады. Жүрек жеткіліксіздігін гликозидтермен емдеу кезінде қатар жүретін ем Препараттың дозасын пациентті тексеру деректеріне байланысты таңдайды. Әдетте пациенттерге таңертең және түсте 1 таблеткадан тағайындайды, қажет болғанда күніне ең жоғары 4 таблетка (таңертең және түсте 2 таблеткадан) береді. Ауыр жүрек декомпенсациясы бар пациенттерде Триампур композитум - Тева препаратының сіңірілуі едәуір шектелуі мүмкін. Бүйрек функциясы (қан креатинині 1,5-1,8 мг / дл немесе креатинин клиренсі 50-30 мл / мин) нашарлағанда күніне дозаны 1 таблеткадан асырмау керек. Бауыр мен бүйрек функциясы бұзылуында Триампур композитум - Тева препаратын сақтықпен тағайындау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.