+131 бонус

ТРИАКС 1 г №1 амп

2620 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефтриаксон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ТУРЦИЯ
  • Өндіруші: Дэва Холдинг А.Ш.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір құтының құрамында белсенді зат – натрий цефтриаксоны 596.0 мг (500.0 мг цефтриаксонға шаққанда) және 1193.0 мг (1000.0 мг цефтриаксонға шаққанда); Еріткішімен бір ампуланың ішінде белсенді зат – 20 мг және 35 мг лидокаин гидрохлориді, қосымша зат – 2 дейінгі және 3,5 мл дейінгі инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ересектер мен балаларда, оның ішінде мерзіміне жетіп жаңа туған нәрестелерде (туғаннан бастап) келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады: - бактериялық менингит - ауруханадан тыс пневмония - ауруханаішілік пневмония - жедел ортаңғы отит - интраабдоминальді инфекциялар - несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары (оның ішінде пиелонефрит) - сүйектер және буындар инфекциялары - терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары - соз - мерез - бактериялық эндокардит - ересек пациенттерде өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларының қайталанулары - ересектер мен балаларда, оның ішінде 15-күндік жасынан бастап жаңа туған нәрестелерде диссеминацияланған Лайм ауруы (ерте және кеш сатылары) - операция алдындағы хирургиялық инфекциялар профилактикасы - бактериялық инфекциядан туындауы болжанатын нейтропениялық қызба бар пациенттерді емдеуде - жоғарыда тізбеленген инфекциялармен байланысты бактериемия бар пациенттерге Бактерияға қарсы дәрілерді ұтымды пайдалану жөніндегі ресми нұсқауларды ескеру керек.
Қарсы көрсетілімдер
- цефтриаксонға, кез келген басқа цефалоспоринге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнездегі бактерияға қарсы бета-лактамды дәрінің кез келген басқа типіне (пенициллиндер, монобактамдар және карбапенемдер) аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакция); - 41 аптаға дейінгі постконцептуальді жастағы (гестациялық және хронологиялық жас қосындысы) шала туған нәрестелер; - мерзіміне жетіп туған нәрестелер (≤ 28 күндік жастағы); - жаңа туған нәрестелердегі гипербилирубинемия, сарғаю немесе ацидоз немесе гипоальбуминемия (іn vitro зерттеулері осындай пациенттерде цефтриаксонның билирубиндік энцефалопатияның даму қаупін арттырып, билирубинді сарысулық альбуминмен байланыстан ығыстыруы мүмкін екенін көрсетті); - цефтриаксонның кальций тұздары преципитаттарының түзілу қаупіне орай, мысалы, парентеральді қоректендіру кезінде, құрамында кальций бар ерітінділердің ұзаққа созылатын инфузияларын қоса, кальций немесе құрамында кальций бар ерітінділерді жаңа туған нәрестелерге вена ішіне енгізу; - құрамында лидокаин бар цефтриаксон ерітінділерін вена ішіне енгізу; - 15 жасқа дейінгі балаларға лидокаинді еріткіш ретінде пайдалану қарсы көрсетілімді. Цефтриаксонды бұлшықет ішіне енгізер алдында, егер ол еріткіш ретінде пайдаланылса, лидокаин қолдануға қарсы көрсетілімдер бар-жоғын міндетті түрде анықтау керек. Құрамында лидокаин бар цефтриаксон ерітінділерін вена ішіне енгізуге тыйым салынады.
Дозасы
Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға (дене салмағы ≥ 50 кг) тәулігіне 1 рет 1-2 г тағайындалады (әр 24 сағат сайын). Ауыр жағдайларда немесе қоздырғыштарының цефтриаксонға орташа ғана сезімталдығы болатын инфекцияларда тәуліктік дозаны 4 г дейін арттыруға болады. Препарат тәулігіне 2 г дозадан жоғары тағайындалғанда препаратты енгізу жиілігін 2-ге бөлуге болады (әр 12 сағат сайын). Ересектер және 12 жастан асқан балалар (дене салмағы ≥ 50 кг)

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.