Құрамы
Три-Регол I
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 0,03 мг этинилэстрадиол, 0,05 мг левоноргестрел,
қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты,
қабығының құрамы: сахароза, тальк, кальций карбонаты, титанның қостотығы (Е 171), коповидон, макрогол 6000, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, повидон, натрий кармеллозасы, темірдің (III) қызыл тотығы (E172).
Три-Регол II
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 0,04 мг этинилэстрадиол, 0,075 мг левоноргестрел,
қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты,
қабығының құрамы: сахароза, тальк, кальций карбонаты, титанның қостотығы (Е 171), коповидон, макрогол 6000, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, повидон, натрий кармеллозасы.
Три-Регол III
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 0,03 мг этинилэстрадиол, 0,125 мг левоноргестрел,
қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты,
қабығының құрамы: сахароза, тальк, кальций карбонаты, титанның қостотығы (Е 171), коповидон, макрогол 6000, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, повидон, натрий кармеллозасы, темірдің (III) сары тотығы (E172).
Қарсы көрсетілімдер
Біріктірілген пероральді контрацептивтерді (БОК) төменде атап келтірілген жағдайлар бар кезде қолдануға болмайды. Контрацептивті қолдану аясында аталған аурулардың/жағдайлардың кез келгені алғаш рет туындаған жағдайда, препаратты қабылдауды дереу тоқтату керек.
- Қазіргі кездегі немесе анамнездегі артерияның немесе венаның тромбозы/тромбоэмболиясы (мысалы, терең веналар тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы, миокард инфарктісі, инсульт) немесе ми қанайналымының бұзылуы;
Қазіргі кездегі немесе анамнездегі продромальді тромбоз жағдайлары (мысалы, транзиторлық ишемиялық шабуыл, стенокардия);
Анамнездегі ошақтық неврологиялық симптоматикамен жүретін бас сақинасы;
Диабеттік ангиопатиямен жүретін қант диабеті;
Қазіргі кезде вена немесе артерия тромбозының айқын немесе көптеген қауіп факторларының болуы («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз);
Ауыр артериялық гипертензия;
Ауыр дислипопротеинемия;
Шығу тегі қантамырық көрудің бұзылулары;
Вена немесе артерия тромбозына анықталған тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған бейімділік, мысалы, С белсендірілген протеиніне резистенттілік (APC), антитромбин III жеткіліксіздігі, С протеині тапшылығы немесе S протеині тапшылығы, гипергомоцистеинемия және фосфолипидтерге антиденелер (кардиолипинге антиденелер, жегілік антикоагулянт).
Қазіргі кездегі немесе анамнездегі, айқын гипертриглицеридемиямен қатар жүретін панкреатит;
Бауырдың ауыр дәрежедегі жедел немесе созылмалы аурулары (бауыр функциясының көрсеткіштері қалыпқа түскенге дейін), соның ішінде, анамнездегі.
Гормонға тәуелді қатерлі аурулар, соның ішінде оларға күдік болғанда (мысалы, жыныс мүшелерінің немесе сүт безінің ісіктері);
Қазіргі кездегі немесе анамнездегі бауыр ісіктері (қатерсіз немесе қатерлі);
Жыныс жолдарынан этиологиясы белгісіз қан кету;
Менархе басталғанға дейінгі кезең;
Расталған немесе болжамды жүктілік, бала емізу кезеңі;
Менопаузадан кейінгі кезең;
Лактаза тапшылығы, лактоза жақпаушылығы, галактоза жақпаушылығы, фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы, сахараза мен изомальтазаның жеткіліксіздігі;
Левоноргестрелге, этинилэстрадиолға немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде көрсетілген қосымша заттардың қандай да біреуіне аса жоғары сезімталдық;
Құрамында омбитасвир / паритапревир / ритонавир және дасабувир бар дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» және «Арнайы ескертулер» бөлімдерін қараңыз).
Дозасы
Препаратты қаптамасында көрсетілген тәртіппен, күнделікті, шамамен белгілі бір уақытта, қажет болған жағдайда аздаған мөлшердегі сумен ішіп қабылдау қажет.
Три-Регол препаратын қабылдауды қалай бастау керек
Егер алдыңғы айда гормональді контрацептивтік дәрілер қолданылмаса
Таблеткаларды қабылдауды етеккір оралымының 1 күнінен (яғни, етеккірлік қан кетудің бірінші күнінен) бастау керек. Три-Регол препаратын қабылдауды етеккір оралымының 2-7 күндерінен бастауға жол беріледі, алайда, таблеткаларды қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепцияның гормоналдық емес әдісін (мысалы, мүшеқап немесе спермицидтер) қолдану ұсынылады.
Біріктірілген пероральді контрацептивтен (БОК) ауысқанда
Әйел үшін Три-Регол препаратын қабылдауды алдыңғы БОК таблеткаларын қабылдаудағы әдеттегі үзілістен кейін немесе плацебо-таблеткаларды қабылдаудан кейін келесі күні бастаған дұрыс.
Құрамында тек гестаген бар контрацептивтік дәріден (төмен дозалы пероральді контрацептивтер, инъекциялық түрлері, имплантаттар немесе жатырішілік емдеу жүйелері) ауысқанда
Төмен дозалы пероральді контрацептивтен (имплантат пен жатырішілік емдеу жүйесінен оларды алып тастағаннан кейінгі келесі күні, инъекциялық түрлерінен – келесі инъекция жүргізілуі тиіс күні) ауысуды етеккір оралымының кез келген күні жүзеге асыруға болады. Жағдайлардың барлығында Три-Регол препаратын қабылдаудың алғашқы 7 күні бойына контрацепцияның гормоналдық емес әдісін қолдану ұсынылады.
Жүктілікті бірінші триместрде тоқтатудан кейін
Жүктілікті бірінші триместрінде тоқтатудан кейін, Три-Регол препаратын қабылдауды бірден бастауға болады. Ондай жағдайда контрацепцияның қосымша әдістері қажет емес.
Босанғаннан кейін немесе жүктілікті екінші триместрде тоқтатудан кейін
Емшек емізу кезінде қолданылуына қатысты «Жүктілік немесе лактация кезінде» бөлімін қараңыз.
Емшек емізбейтін жағдайда, әйелдерге Три-Регол препаратын қабылдауды босанғаннан немесе жүктілікті екінші триместрде тоқтатудан кейінгі 28-інші күні бастау ұсынылады. Препаратты қабылдаудың алғашқы 7 күні бойына контрацепцияның бөгеттік әдісін қолдану ұсынылады. Три-Регол препаратын қолдануды бастағанға дейін жыныстық қатынас болған жағдайда, жүктіліктің бар-жоқтығы анықталуы тиіс немесе алғашқы етеккірді күту қажет.
Етеккірлік қан кетудің басталуын қалай кейінге шегеруге болады
Етеккірлік қан кетудің басталуын кейінге шегеру үшін, соңғы белсенді фазадан кейін препараттың жаңа қаптамасындағы таблеткаларды (күңгірт-сары таблеткаларды) әдеттегі 7 күндік үзіліссіз ары қарай қабылдауды жалғастыра беру қажет. Кейінгі шегеруді күңгірт-сары таблеткалар таусылғанға дейін қалаған мерзімге ұзартуға болады. Екінші қаптамадағы препаратты қабылдау аясында «жағынды» қан аралас бөліністер және/немесе «лақылдап» қан кетулер байқалуы мүмкін. Кезекті қаптамадағы препаратты қабылдауды әдеттегі 7 күндік үзілістен соң қайта бастау керек.
Асқазан-ішек бұзылыстары жағдайында
Асқазан-ішек тарапынан ауыр бұзылыстар болған жағдайда, препарат толық сіңірілмеуі мүмкін, сондықтан, контрацепцияның қосымша әдістерін пайдалану керек.
Егер таблетканы қабылдағаннан кейін 3-4 сағат ішінде құсу орын алса немесе диарея болса, жоғарыда көрсетілген, таблеткаларды жіберіп алған кездегі нұсқауларды басшылыққа алу керек. Келесі қаптамадағы түсі сәйкес келетін (құрамында әсер етуші заттары бар) белсенді таблетканы (таблеткаларды) қабылдау керек.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Қолданылу жиілігі, қабылдау уақытының көрсетілуімен
Три-Регол препаратын 21 күн бойы күнделікті 1 таблеткадан қолданады. Әрбір келесі қаптаманы 7 күндік үзілістен соң қабылдайды, ол үзіліс кезінде «тоқтату» қан кетуі басталады. Ондай қан кету, әдетте, таблетканы қабылдағаннан кейінгі 2-3 күні басталады және келесі қаптамадағы таблеткаларды қабылдауды бастағанға дейін тыйылмауы мүмкін.
Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар
Артық дозалануының нәтижесінде дамыған ауыр жағымсыз әсерлер туралы хабарламалар түскен жоқ.
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, бойжеткен қыздарда қынаптан қан аралас бөліністер.
Емі: антидоттары жоқ және емі симптоматикалық болуы тиіс.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар
Препаратты қабылдауды жіберіп алған жағдайда, әсіресе, егер қабылдауды жіберіп алу таблеткаларды қабылдаудағы үзілісті ұзартса, контрацептивтік қорғаныс төмендеуі мүмкін.
Қабылдаудағы үзіліс 12 сағаттан аз уақытты құраса, таблетканы еске түскен бойда бірден қабылдау қажет, ары қарай препаратты қабылдауды әдеттегі уақытында жалғастыру керек.
12 сағаттан асатын үзіліс жағдайында контрацепцияның тиімділігі төмендеуі мүмкін:
Жіберіп алған соңғы таблетканы әйел есіне түскен бойда бірден, тіпті, егер екі таблетканы бір күнде қабылдауға тура келсе де қабылдауы керек. содан соң препаратты ұабылдауды әдеттегі уақытында жалғастыру керек. Келесі 7 күн бойына контрацепцияның қосымша әдісін қолдану қажет.
Егер ағымдағы қаптамада 7 таблеткадан аз қалса, келесі қаптамадағы таблеткаларды қабылдауды ағымдағы қаптамадағы соңғы таблетканы қабылдағаннан кейін бірден бастау керек; қаптамалар арасында үзіліс болмауы тиіс. Бұл таблеткаларды қабылдаудағы үзілістердің ұзаруын болдырмайды, сол арқылы, жоспардан тыс овуляцияның басталу қаупін төмендетеді. Әдетте, үйреншікті «тоқтату» қан кетуі екінші қаптамадағы таблеткалар таусылғанша туындамайды. Алайда, жаңа қаптамадағы таблеткаларды қабылдау кезінде «лақылдап» қан кетулер немесе «жағынды» қан аралас бөліністер пайда болуы мүмкін.
Егер екінші қаптама таусылған кезде «тоқтату» қан кетуі туындамаса, келесі қаптамадағы таблеткаларды қабылдауды қайта бастағанға дейін жүктіліктің бар-жоқтығын анықтау керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Препаратты қолдану тәсіліне қатысты күдік пайда болған жағдайда, емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Препаратты қабылдаудың басында әйелдердің бір бөлігінде (10-30%) келесі жағымсыз реакциялардың туындағаны байқалуы мүмкін – бас ауыруы, сүт бездерінің кернеуі, дімкәстану және жыныс жолдарынан болар-болмас қан кету. Бұл жағымсыз реакциялардың, әдетте, айқындығы орташа және препаратты 2- 4 ай қабылдағаннан кейін жоғалады.
БОК қолданғанда келесі жағымсыз реакциялар туралы хабарланды, бірақ олардың БОК қолданумен байланыстылығы анықталған жоқ және расталмаған.
Өте жиі
бас ауыруы, «жағынды» қан аралас бөліністер, жатырдан «лақылдап» қан кетулер.
Жиі
қынап кандидозын қоса, вагинит, депрессия, жабырқау көңіл-күй, қозғыштықтың артуы, бас айналуы, жүрек айнуы, іш ауыруы, безеу бөртпесі, сүт бездерінің ауыруы, кернеуі, сүт бездерінің ісінуі, сүт бездерінен бөліністер, дисменорея, жатыр мойнының эктопиясы, қынап секрециясының өзгеруі, аменорея, дене салмағының жоғарылауы.
Жиі емес
сұйықтық іркілуі, тәбеттің өзгеруі (төмендеуі және жоғарылауы), либидо төмендеуі, бас сақинасы, артериялық гипертензия, құсу, диарея, бөртпе, есекжем, персистирлену қаупімен жүретін хлоазма (мелазма), гирсутизм, алопеция, сүт бездерінің ұлғаюы, гипертриглицеридемияны қоса, қан сарысуындағы липидтер мөлшерінің өзгеруі.
Сирек
аса жоғары сезімталдық, есекжемнің, ангионевроздық ісінудің, қантамырлардың және тыныс жолдарының ауыр бұзылыстарының, иммундық жүйенің жайылған бұзылыстарының аса сирек жағдайларымен жүретін анафилаксиялық /анафилактоидтық реакциялар; жүйелі қызыл жегінің өршуі, глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы, либидо жоғарылауы, жанаспалы линзалардың жақпаушылығы, құлақ және тепе теңдік ағзаларының аурулары, венаның және артерияның тромбоэмболиясы, веналардың варикозды ауруының өршуі, асқазан-ішектің басқа бұзылулары, сарғаю, терінің түрлі зақымданулары (мультиформалы эритема, түйінді эритема сияқты), қан сарысуындағы фолаттар деңгейінің төмендеуі, дене салмағының азаюы.
Өте сирек
бауыр аденомасы, гепатоцеллюлярлық карцинома, порфирияның өршуі, хореяның өршуі, көру жүйкесінің невриті, торқабық қантамырларының тромбозы, панкреатит, өт қалтасындағы тастарды қоса, өт қалтасының аурулары, гемолиздік-уремиялық синдром.
БОК қабылдап жүрген әйелдердегі келесі ауыр жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар бар («Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Арнайы ескертулер» бөлімдерін қараңыз):
Вена тромбоэмболиясы, мысалы, аяқтың немесе жамбастың терең веналары тромбозы, немесе өкпе артериясының тромбоэмболиясы;
Артерия тромбоэмболиясы;
Жатыр мойнының обыры;
Бауыр ісіктері;
Тері мен теріасты тіндерінің аурулары; Крон ауруы, ойық жаралы колит, порфирия, жүйелі қызыл жегі, жүктілік кезіндегі герпес, Сиденхем хореясы, гемолиздік-уремиялық синдром, холестаз, холестаздық сараю, хлоазма, түйінді эритема.
БОК қабылдап жүрген әйелдер арасында сүт безі обырының анықталу жиілігі аздап жоғары. Сүт безінің обыры 40 жасқа толмаған әйелдерде сирек кездесетіндіктен, бұл жоғарылауы сүт безі обыры дамуының жалпы қаупіне қатысты елеусіз. БОК қолданумен себеп-салдарлық байланыстылығы анықталмаған. Қосымша ақпарат алу үшін «Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Арнайы ескертулер» бөлімдерін қараңыз.
Ангионевроздық ісінудің тұқым қуалайтын түрлері бар әйелдерде экзогендік эстрогендер ангионевроздық ісінуді туғызуы немесе симптомдарын нашарлатуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.