+900 бонус

ТРЕСИБА ФЛЕКСТАЧ 100ЕД/мл 3мл N5 р-р д/п/к введ

9:00-ден кейін қолжетімді
18000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Инсулин деглюдек
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Дания
  • Өндіруші: Ново Нордиск А/С
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Қолданылуы
Тресиба® ФлексТач® препараты инсулин деглудек деп аталатын ұзақ әсер ететін негіздік инсулин түрінде болады. Оны ересектер, жасөспірімдер және 1 жасқа толған және одан үлкен балаларда қант диабетін емдеуге қолданады. Тресиба® ФлексТач® препараты қандағы қант деңгейін төмендетуге көмектеседі. Ол тәулігіне бір рет қабылданады.
Қарсы көрсетілімдер
осы дәрілік препараттың әсер етуші затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық («Дәрілік препарат құрамы» бөлімінде тізбеленген) 1 жасқа дейінгі балалар. Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары Тресиба® ФлексТач® препаратын қолданар алдында дәрігермен, фармацевт немесе медбикемен кеңесіп алыңыз. Келесі жағдайларда сақтық шарасын қадағалаңыз: Қандағы төмен қант деңгейі (гипогликемия) – егер қаныңызда қант деңгейі тым төмен болса, «ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар» бөлімінде сипатталған қанда қант деңгейі төмендеген жағдайға қатысты нұсқауларды қадағалаңыз. Қандағы жоғары қант деңгейі (гипергликемия) – егер қаныңызда қант деңгейі тым жоғары болса, «ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар» бөлімінде сипатталған қанда қант деңгейі көтерілген жағдайға қатысты нұсқауларды қадағалаңыз. Инсулиннің басқа дәрілік препараттарынан ауысу – егер басқа типті, сауда белгісі немесе өндірушісі басқа инсулиннен ауыссаңыз, инсулин дозасын түзету керек болуы мүмкін. Дәрігермен кеңесіңіз. Тиазолидиндиондарды бір мезгілде қолданғанда («Тиазолидиндиондар» бөлімін қараңыз). Көру мүшесі тарапынан бұзылу – қандағы қант деңгейін бақылаудың жылдам жақсаруы қант тудыратын көру мүшесі тарапынан бұзылулардың уақытша нашарлауына әкелуі мүмкін. Егер көз кінәраттары бар болса, дәрігермен кеңесіңіз. Инсулин типін дұрыс пайдаланғаныңызға көз жеткізу үшін Тресиба® ФлексТач® препаратының әртүрлі дозаларының, сондай-ақ басқа инсулин препараттарының арасындағы кездейсоқ шатасуды болдырмас үшін инсулин қаптамасындағы заттаңбаны үнемі тексеріңіз. Егер көруіңіз шамалы болса, «Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімін оқып шығыңыз. Инъекция орнындағы тері өзгерістері Терінің қатайып немесе жұқарып кетуіне әкелетін тері астындағы шелмай тінінің өзгерістеріне, тері астында тығыз қабаттар түзілуіне және басқа бұзылуларға жол бермеу үшін инъекция орнын мезгіл-мезгіл ауыстырып отыру керек. Тері астында тығызданған, терісі жұқарған немесе қатайған бөліктерге инсулин енгізу препарат тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін («Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімін қараңыз). Инъекция орнындағы терінің кез келген өзгерістерінде дәрігермен кеңесіңіз. Егер қазіргі уақытта препаратты осылай зақымданған жерлерге енгізсеңіз, инъекция орнын ауыстырар алдында бұл жөнінде дәрігерге мәлімдеңіз. Дәрігер қандағы глюкоза деңгейін өте мұқият бақылау мен инсулин немесе басқа гипогликемиялық препарат дозасын түзетуді тағайындай алады.
Дозасы
Қолдану жөніндегі нұсқаулар Аталған дәрілік препаратты үнемі дәрігердің тағайындауына сәйкес қолданыңыз. Егер бір нәрсеге сенімсіз болсаңыз, дәрігеріңізбен, фармацевт немесе медбикемен кеңесіңіз. Егер көрмесеңіз немесе көруіңіз нашар болса және шприц-қаламдағы доза есептегіш көрсеткіштерін оқи алмасаңыз, осы шприц-қаламды бөгденің көмегінсіз пайдаланбаңыз. Алдын ала толтырылған ФлексТач® шприц- қаламын қолдануға арнайы үйретілген көру қабілеті жақсы адамның көмегін пайдаланыңыз. Алдын ала толтырылған шприц-қаламдағы Тресиба® ФлексТач® препараты екі түрлі дозалаумен шығарылады. Шприц-қалам заттаңбасына және қаптамасына «Тресиба® ФлексТач® 100 ӘБ/мл» таңбасы анық түсірілген. Тресиба® ФлексТач® 100 ӘБ/мл препаратының қаптамасы мен заттаңбасы ашық жасыл түсті, дәрілік түрінің дозалары қоршауда көрсетілген. Қажетті доза бірліктермен өлшенеді. Алайда, Тресиба® ФлексТач® препаратының әртүрлі дозалары үшін бірліктер санын өлшеп алатын доза есептегіш қадамдары бір-бірінен ерекшеленеді. 100 ӘБ/мл алдын ала толтырылған шприц-қалам көмегімен 1 бірлік қадаммен бір инъекция үшін 1–80 бірлік дозаны енгізуге болады. Алдын ала толтырылған шприц-қаламның дозалар дисплейінде енгізілу қажет инсулин бірліктерінің саны көрсетілген. Дозаны артық есептеп қоймаңыз. Әдетте, дозалау режимін ұстана алмайтын жағдайларда, Тресиба® ФлексТач® препараты қандағы қант деңгейін төмендетуге ұзақ уақыт әсер ететіндіктен, препаратты енгізу уақытын өзгертуге болады («Енгізу уақытын өзгерту» бөлімін қараңыз). Тресиба® ФлексТач® препаратын ас ішу кезінде енгізілетін жылдам әсер ететін инсулин препараттарымен қолдануға болады. 2 типті қант диабетінде Тресиба® ФлексТач® препаратын қант диабетін емдеуге арналған таблеткалармен немесе құрамында инсулин жоқ инъекцияға арналған гипогликемиялық дәрілік препараттармен біріктірілімде қолдануға болады. 1 типті қант диабетінде Тресиба® ФлексТач® препаратын үнемі ас ішу кезінде енгізілетін жылдам әсер ететін инсулин препараттарымен біріктіріп қолдану қажет. Дәрігеріңіз пациентпен бірге шешеді: Тресиба® ФлексТач® препараты күн сайын қандай мөлшерде қажет болатынын Қандағы қант деңгейін қашан тексеру керек екенін, ал өте жоғары немесе өте төмен дозаның қайсысы қажет болатынын. Енгізу уақытын өзгерту Дозаны таңдау бойынша дәрігер нұсқауларын үнемі қадағалаңыз. Тресиба® ФлексТач® препаратын, дұрысы, күн сайын белгілі бір уақытта тәулігіне бір рет қолданыңыз. Тресиба® ФлексТач® препаратын белгілі бір уақытта қолдану мүмкін болмайтын жағдайларда оны басқа уақытта енгізуге болады. Препаратты енгізулер арасындағы үзілістің, кем дегенде, 8 сағат болғанына көз жеткізіңіз. Балалар мен жасөспірімдерде Тресиба® ФлексТач® препаратын енгізу уақытын өзгерту тәжірибесі жоқ. Егер ұстанатын әдеттегі диетаны өзгерткіңіз келсе, диетаны өзгерту инсулин қажеттілігін өзгертіп жіберуі мүмкін екендіктен, дәрігермен, фармацевт немесе медбикемен кеңесу керек. Дәрігер қаныңыздағы қант деңгейі негізінде дозаны өзгерте алады. Басқа дәрілік препараттарды қолданғанда дәрігерден препарат дозасын өзгерту қажеттілігінің бар-жоғын сұрап біліңіз. Ерекше топтағы пациенттер Балалар мен жасөспірімдер Тресиба® ФлексТач® препаратын жасөспірімдер мен 1 жастан асқан балаларда қолдануға болады. Тресиба® ФлексТач® препаратын 1 жасқа дейінгі балаларда қолдану тәжірибесі жоқ. Егде жастағы (65 жастағы және одан асқан) пациенттерде қолдану Тресиба® ФлексТач® препаратын егде жастағы пациенттерде қолдануға болады, бірақ егде жастағы адам болсаңыз, қандағы қант деңгейін жиірек тексерту керек болуы мүмкін. Дозаны өзгертуге қатысты дәрігермен кеңесу керек. Егер бүйрек немесе бауыр кінәраттары болса Егер бүйрек немесе бауыр кінәраттары бар болса, қандағы қант деңгейін жиірек тексерту қажет болуы мүмкін. Дозаны өзгертуге қатысты дәрігермен кеңесу керек. Дәрілік препаратты енгізу Тресиба® ФлексТач® дәрілік препаратын алғаш қолданар алдында дәрігеріңіз немесе медбике алдын ала толтырылған шприц-қаламды қалай пайдалану керек екенін көрсетеді. Тура сол 100 ӘБ/мл Тресиба® ФлексТач® препараты екеніне көз жеткізу үшін шприц-қалам заттаңбасындағы атауы мен дозасын тексеру керек. Тресиба® ФлексТач® препаратын қолданбаңыз инсулинді инфузиялық помпа көмегімен егер шприц-қалам бүлінген немесе ол талапқа сай емес жағдайларда сақталған болса («Сақтау шарттары» бөлімін қараңыз) егер инсулин мөлдір немесе түссіз болып көрінбесе.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.